11 сынып Қазақ тілі Күні: 12.11.2019
Сабақтың тақырыбы: Сарыарқа. Жер жәннаты –Жетісу. Салт және сабақты етістіктер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: мәтін бойынша Жетісу өңірі туралы әңгімелесу, оқушылардың білімдерін кеңейту, етістіктен алған білімдерін қайталап, толықтыру.
Дамытушылығы: оқушылардың білім, білік, дағдыларын арттыру, сауаттылығын дамыту.
Тәрбиелігі: Туған елім, жерім деген түсініктерін тереңдету, Отанын мақтан етуге баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, мәнерлеп оқу, қайталау, қолдану, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалары, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу
Сұрақ-жауап арқылы сабаққа бейімдеу.
Көңіл-күйлерің қандай?
Сабаққа деген дайындықтарың қандай?
Мен сендерге сәттілік тілеймін.
Сабақтың барысымен таныстырып, бағалау тәртібін айту.
Үй жұмысын тексеру
Алтай аймағы туралы сұрақ-жауап
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы туралы не білесіңдер?
Мысалы:
Жаңа сабақ
І. Ой қозғау
Қазақстан аймақтарын атап шығыңдар.
Орталық Қазақстанға қандай қалалар кіреді?
Орталық Қазақстанның басқа атауын білесіңдер ме?
Сарыарқа жерінің басты қалалары қандай, оның байлығы не?
Семей, Өскемен сияқты ірі қалалары бар аймақ қалай аталады?
Қазақстан тауларын ата.
Алматы облысы Қазақстанның қай аймағында орналасқан? Ол аймақты басқаша қалай атайды? Кім біледі?
Жетісу. Дұрыс, ендеше біз бүгін Жетісу – жер жәннаты деген тақырыпта әңгімелесеміз. Сонымен бірге етістіктің салт, сабақты түрлерін практикада қолданамыз.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту
Етістік жайлы еске түсіру, тұлғасына қарай, құрамына қарай, мағынасына қарай түрлеріне тоқталу.
Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді. Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі — не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мысалы: Сөзді сен баста. Бұл сөйлемдегі баста деген етістік сөз деген сөздің табыс септікте тұруын талап етіп тұр. Кейде ондай сөздер табыс септіктің жасырын түрінде тұруы да мүмкін. Ондайда екі сөздің (табыс септікті сөз бен етістіктің) арасына басқа сөз келтіріп қолданып көру керек. Мысалы: Өлең айт — өлеңді айт, т. б. сонда табыс септігі айқын байқалады. Кейде тура объект мәнін білдіріп тұратын табыс септіктегі сөз сөйлемде қолданылмауы да мүмкін. Ондайда етістіктен сұрақ қою керек. Етістіктен кімді? нені? деген сұрақ қоюға болса, онда ол — сабақты етістік. Мысалы: айт, көр, оқы, т. б. етістіктерден кімді? (нені?) айт? деп сұрақ қоюға болады. Мыс: Мен өз елімді сүйемін. Не істеймін – сүйемін етістік. кім сүйетін? Мен - бастауыш. Кімді сүйемін? Елімді – толықтауыш. Қай елді сүйемін? өз – анықтауыш.
Бұл сөйлемдегі сүйемін - сабақты етістік. Отанымды қорғаймын.
Мағынасы жағынан тура объектіні — табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. Мысалы: қаладан қайт немесе түсінде келді, т. б. болып қолданылса да, нені (ауылды, т. б.) қайт, нені түсінде, т. б.) келді деп айтуға болмайды. Сондықтан да бұлар — салт етістіктер.
Кейбір етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге немесе сабақты етістіктерді салт етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. Мысалы: өзгелік етіс жұрнақтары: - ғыз, - гіз, - қыз, - кіз, - дыр, - дір, - тыр, - тір, - ыр, - ір, - р, - т салт етістікке жалғанса, оны сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді — шамды сөндірді, т. б. ал ырықсыз (кейде өздік) етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты — әңгіме айтылды, т. б.
Сөздікпен жұмыс:
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқы, мазмұны бойынша сұрақтар құра.
Сұрақтарға жауап бер.
Қазақ тілінде сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.
Тура мағына – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім.т.б.
Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, қазанның құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
Мәтіннен ауыспалы мағынада тұрған сөздерді тіркескен сөзімен теріп жаз.
Мәтіннен сын есімді тауып, морфологиялық талдау жаса.
Септік жалғаулы сөздерді тауып, қай септік екенін ажырат.
Етістіктерге морфологиялық талдау жаса.
Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
Сабақты қорытындылау
Бүгін сабақта не жайлы білдіңдер?
Жетісу Қазақстанның қай аймағында орналасқан екен?
Жетісудың ерекшелігі қандай деп ойлайсыңдар?
Салт және сабақты етістіктерге мысал келтір? Олардың айырмашылығы қандай? Мысалы
Үйге тапсырма. «Жетісу өңірі» тақырыбына әңгімеле.
Салт және сабақты етістіктерге 10 мысал келтір.
бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |