Сабақты етістіктің жасалуы. Етістік тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі грамматикалық



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата11.01.2022
өлшемі151,26 Kb.
#111150
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
9-Етістік. Лексика-семантикалық, морфологиялық сипаты.
ассесмент узбек, Араб альфавити, 13-Көмекші сөздердің бөлінулері. Шылаулар., scaned document-8-59-28, Мурабийлик соати, 7 такырып


Етістік. Лексика – семантикалық морфологиялық сипаты  

ж о с п а р ы



 

 

1. Етістік туралы жалпы сипаттама 



 

2. Етістіктің лексика-семантикалық сипаты 

 

3. Түбір етістіктер 



 

4. Туынды етістіктің морфологиялық сипаты 

 

5. Күрделі етістіктер және олардың жүйесі 



6. Салт және сабақты етістік. 

 

Тірек  сөздер:

  Етістіктер  амал,  әрекет,  іс,  қимыл,  қозғалыс,  жай,  күй 

сияқты процестерді білдіреді. Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер 

түбір,  туынды  етістіктер,  күрделі  етістіктер  болып  бөлінеді.Салт  және 

сабақты етістіктің жасалуы.



 

 

 



Етістік  тіліміздегі  сөз  таптарының  ішіндегі  ең  күрделі  грамматикалық 

категория. Етістіктің  күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті  лексика-

семантикалық 

сипатымен, 

кең 

синтаксистік 



қызметімен 

тығыз 


байланысты.Етістіктің  лексика-семантикалық  сипатының  мейлінше  өрісті 

болатын  себебі-ол  семантика  тек  субьектінің  іс-әрекетін  ғана  емес,  табиғат 

ауқамында,  қоғам  өмірінде  ұшырасатын,  адамның  абстракт  ойы  мен  санасы 

арқасында  туатын  неше  алуан  амал,  әрекет,  іс,  қимыл,  қозғалыс,  жай,  күй 

сияқты  процестерге  қатысты  ұғымдарды  түгел  қамтиды.  Етістіктің  осы  бай 

семантикасы, оның түр-түрі, қашан да болсын, мезгіл я шақ ұғымымен ұштас 

болады. 

 

Етістіктің  лексика-грамматикалық  формаларының  бай  болатын  себебі-



ол формалар амал-әрекеттің болу мезгілін,  жүзеге асу  кезеңін және олардың 

өту  сипатын  яғни  бағыты,  қарқыны,  тынуы  тәрізді  жайларды  бағдарлатады, 

демек,  етістік  формалары  осы  және  олардан  өзге  әр  түрлі  құбылыстардың 

көрсеткіштері  есебінде  қызмет  етеді.  Бұлардың  үстіне  етістіктен  етістік 

тудыратын,  есімнен  етістік  тудыратын  синтетикалық,  аналитикалық 

тәсілдердің жүйелерін, олардың нақтылы үлгі нұсқаларын қоссақ, етістік деп 




аталатын сөз табы форма жағынан орасан бай категория екені ашыла түседі. 

Шынында  да,  форма  байлығы  жағынан  етістікке  өзге  бірде  -бір  сөз  табы, 

солардың  ішінде  формасы  ең  бай  саналатын  зат  есімнің  өзі  бара-бар  түсе 

алмайды. 

 

Етістіктің  лексика-семантикалық  мағынасы  мен  формаларының 



байлығы  оның  өзіне  тән  әр  алуан  лексика-семантикалық,  лексика-

грамматикалық  категорияларынан  тіпті  айқын  көрінеді.  Мысалы,  етістіктің 

өзіне  лайық  сөз  тудыру  жүйесі,  ол  жүйенің  неше  қилы  формаларымен  қатар 

өзіне  ғана  тән  сөз  түрлендіретін  де  формалары  бар.  Ал,  шақ,  рай,  етіс 

амалдың  жүзеге  асу  сипаты  сияқты  жүйе-жүйе  категориялар-етістіктің 

семантика  жағынан  ең  бай  формалары,  сондай-ақ  етістіктің  өзге 

семантикалық  және  морфологиялық  формаларынан  мазмұндары  да,  тұрпат 

түрлері  де  өзгеше  есімше,  көсемше  деп  аталатын  категориялары  бар.  Бұлар, 

1-ден  етістікті  басқа  сөз  таптарынан  ерекшелендіретін  формалар  болса,  2-

ден, солармен ұштастыратын айрықша функциялары бар категориялар.  

 

Етістіктің  лексикалық  құрамында  қанша  сөз  болса,  солардың 



әрқайсысының өзіне тән лексикалыңқ мағынасы болады. Солай бола тұра лек 

сикалық 


мағыналары 

қаншалықты 

басқа-басқа 

болғандарымен, 

сол 

етістіктердің  бәрі  де,  ең  алдымен,  өздерінің  мазмұнындағы  барлығына  да 



ортақ сипат есебінде танылатын семантикалық ерекшеліктеріне қарай бір сөз 

тобына  телінеді.  Дегенмен  де,  лексика-грамматикалық  белгілері  бірыңғай 

жеке  сөз  табы  саналатын  етістіктердің  өздерін  іштей  бір-біріне  мағына 

жағынан жақындықтарына, өзара функция жағынан орайластықтарына қарай 

топ-топқа  бөлуге  болады.  Мысалы,  оларды  осы  тұрғыдан  алып,  іштей  амал-

әрекет етістіктері (босат, көтер, көтер т.б.) қимыл-қозғалыс етістіктері  (ауна, 

аудар,  домала  т.б)  қалып-сапа  етістіктері  (жат,  жантай,  тұр,  тос  т.б.)  ойлау-

сөйлеу етістіктері (айт, сөйле, ескер т.б.) өсу-өну етістіктері (балала, гүлде, өс 

т.б.)  бағыт-бағдар  етістіктері  (бар,  кел,  кет,  әпер  т.б.)  көңіл-күй  етістіктері 

(жыла,  қайғыр,  күл  т.б.)  бейнелеу-еліктеу  етістіктері  (жарқыра,  күркіре, 

тарсылда  т.б)  дыбыс-сес  етістіктері,  көру-есту  етістіктері,  мінез-құлық 



етістіктері  деген  сияқты  әлденеше  топқа  бөліп,  саралауға  болады. 

Етістіктерді  мағынасы  қарай  топтастыру  мәселесі  де,  басқа  сөз  таптары 

сияқты,  белгілі  мақсатқа  я  нысанаға  орайлас  құрылуы  қажет.  Етістіктің 

грамматикалық  формалары  мен  қызм  еттерін  дұрыс  айқындау  үшін  оларды 

түбір формалардың, туынды синтетикалық және аналитикалық формалардың 

семантикалық құрылымдарына орай жіктеп, сырын ашу-олардың формалары 

мен мазмұндары ара қатынасын анықтауға тиімді, қонымды болмақ.  

 

Есімдерге  және  басқа  сөз  топтарына  қатысты  сөздерден  жұрнақтар 



арқылы туған жалаң етістіктер де, кемі екі сөзден құралып жасалған күрделі 

етістіктер  де  барлығы  тіліміздегі  ежелгі  түбір  етістіктердің  семантикалық 

жүйесіне,  морфологиялық  формасына  және  синтаксистік  функциясына  орай 

құралып,  солардың  негізгі  заңдарына  лайық  қалыптасып  отырған.  Байырғы 

түбір  етістіктерді  грамматикалық  семантикасына,  соған  сәйкес  қалыптасқан 

негізгі функциясына қарай төмендегідей үш салаға бөлуге болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет