ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
«Сараптамалық жүйелер және деректер базасы»
пәні бойынша емтихан сұрақтары
Құрастырушы: магистр, аға оқытушы А.Б.Аязбаева
«Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасының отырысында қаралды және мақұлданды, «14» маусым 2022 ж. №14/2 хаттама.
Кафедра меңгерушісі, PhD C.С. Алдабергенова
Нұр-Сұлтан-2022 г.
Мәліметтер қоры теориясы туралы түсінік.
Мәліметтер қоры (МҚ) - ақпараттық жүйенің өңделетін объектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының
нақты объектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны
Мәліметтер қорының негізгі ұғымдары.
Мәліметтер қорында келесі түсініктер қолданылады:өріс – объектінің белгілі бір қасиетін сипатайтын ең кіші ақпарат бірлігі;домен – өріс қабылдайтын көптеген мағыналар;мәліметтер қорының құрылымы – өрістердің жиынтығы;жазба – объектінің бір элементіне арналған өріс мағыналарының жиынтығы;мәліметтер қорының файлы – сипатталатын объектінің элементтеріне сәйкес келетін көптеген жазбалар.
Мәліметтер қорының архитектурасы.
1978 жылы ANSI SPARC комитеті мәліметтер қоры жүйелерінің жалпылама құрылымын ұсынған болатын.Ол құрылым үш деңгейлі архитектура деген атауға ие болады,оған сәйкес мәліметтер қорын ұсынудың үш деңгейі болады:
Сыртқы,тұғырнамалық,ішкі.
Жергілікті мәліметтер қоры.
Жергілікті ақпараттық жүйе деп бір компьютерде орнатылған және сонда жұмыс істейтін жүйе аталады.Клиент/сервер типіндегі компьютерлік желіде жұмыс істейтін ақпараттық жүйелер барған сайын кең таралуда. Бұл жүйелер мәліметтерді орталықтандырылған, сондай-ақ үлестірілген түрде өңделуді қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда жалпы мәліметтер серверлерде орналастырылады, ал клиенттік компьютерлерде жеке клиенттердің мәліметтері орналасады.
Қашықтықтағы мәліметтер қоры.
Қашықтықтағы мәліметтер қоры желінің компьютер – серверінде орналасады, Клиент-сервер архитектурасы. Желілік «клиент–сервер» архитектурасында Клиент пен сервер келесі түрдегідей қарым-қатынаста Мәліметтермен жұмыс жасау кезінде желіге Қосымша тікелей мәліметтер қорын басқара алмайды, басқару серверде Қосымшада мәліметтер қорын басқаруға байланысты код болмайды,Айта кететін жайт, клиент – серверлік архитектурада қашықтықтағы мәліметтер қорын басқару жүйесі.
Мәліметтердің модельдері.
Мәліметтер модельдері.
Мәліметтер моделі (Модель данных; data model) — мәліметтер базасында — тұтастық шектеулер жиынтығы; мәліметтер құрылымын тудыратын ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың, сондай-ақ рұқсат етілетін байланыстар мен мәліметтердің мәнін, олардың өзгерістерінің тізбегін анықтайды; мәліметтер мен олардың арасындағы қатынастарды математикалық және программалық тәсілдермен ұсыну; ақпараттық құрылымдар мен олармен жүргізілетін операцияларды формалдық баяндау.
Мәліметтердің иерархиялық моделі.
Мәліметтер қорын қолданатын бірінші ақпараттық жүйе 60-шы жылдары (XX ғ.) пайда болған.Ол иерархиялық моделъде негізделген болатын.Мәліметтер арасындағы қатынастардың иерархия түрдегі құрылымы болатын мәліметтер моделі иерархиялық модель болып табылады. Иерархиялық құрылым анықталған ережелер бойынша өзара байланысқан элементтер жиынтығы. Иерархиялық қатынастармен байланысқан объектілер қалыптанған графты құрады, оның жалпы түрі суретте көрсетілген. Иерархиялық құрылымның негізгі түсініктеріне: деңгей, элемент (торап), байланыс жатады. Торап –қандайда бір объектіні сипаттайтын деректер атрибуттарынының жиынтығы.
Мәліметтердің желілік моделі.
Мәліметтердің желілік моделі (сетевая модель данных; network data model) — желілік құрылымның мәліметтерін ұсынуға және олармен амал-әрекет жасауға арналған мәліметтер моделі. Мәліметтердің желілік моделінің жетістігі - жадының пайдалану көрсеткішінің тиімді жүзеге асырылуы мен жеделдігінде болып табылады. Иерархиялық модельмен салыстырғанда желілік модельдің еркін байланыстар құруда мүмкіндіктері көп.Мәліметтердің желілік моделінің кемшілігі МҚ схемасының аса жоғары күрделілігі мен қатаңдығы, сондай-ақ, МҚ-дағы ақпаратты өңдеуді әдеттегі пайдаланушының түсініп, орындауындағы қиындықта болып табылады. Мұнымен қатар, желілік мәліметтер моделінде байланыстың тұтастылығын бақылаудың әлсіздігінде және жазулардың арасындағы еркін байланыстарды орнату мүмкіндігінің шығуы
Мәліметтердің реляциялық моделі.
Реляциялық модель- бағандар және жолдардан тұратын, тор тәрізді құрылымдарды қолдана отырып, қатынастарды қолдана отырып деректерді құрылымдау әдісі.
Реляциялық моделдерде қатынастар мәліметтер базасында берілген обьекттер туралы ақпаратты сақтау үшінқолданылады. Қатынастар негізінде жолдары бөлек жазулар, ол бағандары – атрибуттарға сәйкес келетін екі өлшемді кестелер түрінде болады. Бұл жерде атрибуттар кез-келген тәртіпті орналасуы мүмкін. Олардың орнын ауыстырғанмен қатынас сол күйінде қала береді; Сондықтан мағынасы өзгермей қала береді.
10.Мәліметтердің постреляциялық моделі.
Постреляциялық модель-кесте жазбаларында сақталған мәліметтердің бөлінбейтіндігі тәрізді жүзеге болдырмайтын кеңейтілген реляцииялық модель болып табылады.Мәліметтердің постреляциялық моделі-көп мәнді өрістерді мәндердің ішкі мәндерден тұратын өрістерді ұсынады.Реляциялық модельге қарағанда постреляциялық модельде көпмәнді өрістерге жол беріледі,яғни онда алғашқы қалыпты түр қоятын шектеудің күші жойылады.Постреляциялық модельдің артықшылығы-ол байланысқан реляциялық кестелердің жиынтығы бір ғана постреляциялық кесте түрінде беру мүмкіндігі.Бұл ақпаратты ұсынудың жоғары түрдегі көрнекілігін және оны төндеу тиімділігінің артуын қамтамасыз етеді.Постреляциялық модельдің кемшілігі-сақталатын мәліметтердің тұтастығы мен қарама-қайшылықсыздығын қамтамасыз ету мәселесін шешудің қиындығы болып тұр.Мәліметтердің постреляциялық моделіне1)UniVers; 2)Bubba; 3)Dasdb. МҚБЖ-рі жатады.
11.Мәліметтердің объектілі-бағытталған моделі.
Мәліметтер қорының басқа модельдері.Постреляциялық модель. Реляциялық модельге қарағанда постреляциялық модельде көпмәнді өрістерге жол беріледі, яғни онда алғашқы қалыпты түр қоятын шектеудің күші жойылады. Көп мәнді өрістердің мәндер жиыны өзіндік кесте болып саналады. Мысалы, мәліметтер қорының реляциялық моделінің келесі кестелері.Осылайша, постреляциялық модель өзара байланысқан реляциялық кестелердің жиынтығын бір постреляциялық кесте ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.Осылайша, постреляциялық модель өзара байланысқан реляциялық кестелердің жиынтығын бір постреляциялық кесте ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.Өрістердің бір-біріне салынуын қамтамасыз етумен қатар постреляциялық модель ассоцияланған көпмәнді өрістерді (көптеген топтарды) қолдайды. Ассоцияланған өрістердің жиынтығы ассоциация деп аталады. Бұл ретте ассоциацияның бір бағанының жолындағы алғашқы мәні ассоциацияның барлық өзге бағандарының алғашқы мәндеріне сәйкес келеді. Осыған ұқсас түрде бағандардың барлық екінші мәндері және т.б. байланысқан
12. Мәліметтердің көп өлшемді моделі.
Мәліметтердің көп өлшемді моделінің негізгі ұғымдарын қарастырайық, оған өлшем мен ұяшық жатады.Өлшем – бұл гиперкубтың бір бүйір қырын құрайтын бір типті мәліметтер жиынтығы. Жиі пайдаланылатын уақыт өлшемдерінің мысалына Күндер, Айлар, Тоқсандар, және Жылдар жатады. Географиялық өлшем ретінде Қалалар, Аймақтар, және Елдер алынады. Мәліметтердің көп өлшемді моделінде гиперкубтың ұяшықтарындағы нақты мәндерді идентификациялауда өлшеу индекстер ролін атқарады.Ұяшық немесе көрсеткіш – бұл мәндері тіркелген өлшеулер жиынтығымен бір мәнді анықталатын өріс. Өрістің типі көпшілік жағдайда сандық болып анықталады. Кейбір ұяшықтың мәндерінің қалай қалыптасатынына тәуелді, ол әдетте айнымалы болуы (мәндері өзгеріп, сыртқы мәліметтер көзінен шақырылуы немесе программалық жолмен қалыптасуы) немесе формула арқылы (алдын ала берілген формула бойынша электрондық кестедегі тәрізді есептелуі) мүмкін.Қазіргі көп өлшемді МҚБЖ-де мәліметтерді ұйымдастырудың екі негізгі схемасы пайдалынады: гиперкубтық және поликубтық.Поликубтық үлгіде МҚ-да әртүрлі бірнеше гиперкуб анықталуы мүмкін және оның әрбір қырындағы өлшемдері әртүрлі болып келеді. Поликубтық үлгідегі МҚ-н сүйемелдейтін жүйенің мысалына Oracle Express Server жатады.Гиперкубтық үлгіде барлық көрсеткіштер белгілі бір өлшеулер жиынтығымен анықталады. Бұл МҚ-дағы болатын бірнеше гиперкубтардың өлшемдері бірдей болатынын көрсетеді. Кейбір жағдайларда, егер ұяшықтарды міндетті түрде толтыру талап етілсе. Онда МҚ-дағы ақпарат шамадан тыс артық болуы мүмкін.
13.Реляциялық мәліметтер қоры. Негізгі концепциялары.
Достарыңызбен бөлісу: |