Биология кафедрасы



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата22.02.2023
өлшемі361,36 Kb.
#169711
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
График проведения Нұржан крп, Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., демо 4, 7.2.1.2- географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді 7 сынып ҚМЖ, 9.12, 9.11 Каз. орографиялык нысандары, 9.15, Геог. және Жарат. 3-күн, Ресурс 7.3 Әлемдік экономиканың кеңістіктік модельдері, Ресурс 6.3 Географиялық кеңістік, Байшенов А.Н инклюзив баяндама, Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі», экология өмір қауіпсіздігі
рефлекторлы доға
деп айтады. Ол 5 бөлімнен тұрады: 
сезгіш бөлім, афференттік жол, нерв орталығы, эфференттік жол, эффектор.
Белгілі бір қызметті бірігіп орындауға қатысатын нейрондар тобын 
нерв орталықтары
деп атайды. Адам ағзасындағы қандай да болмасын əрекеттер жүйке жүйесінің қызметіне 
байланысты жəне соған қатысатын нерв орталықтарының, ондағы нейрондардың қызмет 
қабілетінің жағдайына байланысты. Көптеген мүшелердің қызметтерін біріктіріп, 
байланыстырып, сыртқы ортаныңəсерлеріне бейімделуін ОНЖ -дегі ағзаның қызметін –
үйлесімділік 
дейді. ОНЖ-дегі бір нерв орталығында пайда болған қозу мен тежелудің көрші 
орталықтарына жайылуын, таралуын 
иррадиациялану
дейді. Нерв орталықтарында қозу мен 
тежелуге керісінше, тежелу қозуға жылдам ауысады. Сонымен қатар, бір нерв орталығының 
қозуына байланысты екінші бір нерв орталығының қозуы тежеледі жəне керсінше, бір нерв 
орталығы тежелгенде, екіншісінің қозуы күшейеді. Мұны қозу мен тежелудің
индукциясы
(лат.индукция-орнату, кіргізу) дейді. Бірнеше нерв орталығындағы қозу мен тежелу бір 
орталыққа жинақталады. Мұны қозу мен тежелудің 
жинақталуы 
дейді. Нерв 
орталықтарының қызмет атқаруының негізгі қасиеттерінің біріне 
доминанта 
жатады(лат.доминанта - басым). Оның негізін ең алғаш А.А.Ухтомский ұсынған. 
Доминанта дегеніміз ОНЖ қызметінде бір нерв орталығының қозуы басқаларының қозуын 
өзіне тарту арқылы белгілі бір сəтте басымырақ болады да, басқа орталықтарының қызметін 
өзіне бағындырады. Балаларда басымдылық оңай жəне жеңіл пайда болады. Сондықтан да 
балалардың зейіні тұрақсыз: жаңа тітіркендіргіштер оның миында басқа орталықтың 
басымдылығын тудырады. Әртүрлі талшықтар арқылы келген қозулардың ұшырасуын 


конвергенция
(лат. конвергенс - түйісу) дейді. Айталық, дыбыс, көру, тері рецепторларынан 
келген қозулар бір нейронда түйісу мүмкін. Жалпы алғанда, балалардың жасына қарай 
ұшырайтын үйлесімділіктің кейбір кемшіліктері жасы ұлғайған сайын бəсендеп, 18-20 
жаста толық жойылады да, үйлестіру қабілеті толық қалыптасады. 
Жоғары жүйке əрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары 
жүйке əрекеті адам организмінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын 
зерттейді. Жоғары дəрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз 
ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептелінеді 
.Мұғалімдері жоғары жүйке əрекетін жете түсіну арқылы балалардың мінез-құлықтарын 
біліп, оқыту, үйрету, тəрбиелеу жүмыстарын жөнге келтіріп, жан-жақты білімді, дұрыс 
дамыған жастарды тəрбелей алады. 
Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ 
секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал ғылыми негізде жазылған 
еңбек, ол орыстың ұлы ғалымы физиолог И. М. Сеченовтың "Ми рефлекстері" (1863) атты 
кітабы. Осы еңбегінде ол психикалық əрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет 
дəлелдеген. Еш əрекет өзінен-өзі пайда болмайды, тітіркендіргіштің əсерінен туады. 
Қобалжу, сезім, адамның ойы белгілі бір жауапты тудырады, мұның барлығы да бұлшық 
еттердің қызметімен аяқталады. Ғалым мидың қызметі рефлекторлы түрде іске асады, - деп 
түсіндіреді 
И. М. Сеченовтың бұл ілімін И. П. Павлов шартты рефлекстер тұрғысынан дəлелдеген жəне 
дамытқан. Ол жоғары жүйке əрекетін шартты рефлекстерді тудыру арқылы зерттеп, адам 
мен жануарлардың психологиясының заңдылықтарын алғаш рет түсіндірген. Шартты 
рефлекстердің пайда болуы ми қыртысының нервтік байланыс іздерінің қалыптасып, 
нығайып, күшеюіне негізделгендігі туралы ғалымның ілімі жоғары жүйке əрекеті туралы 
көзқарастың қалыптасуында маңызды орын алды. Уақытпен шындалған бұл ілімнің 
маңызы осы кезге дейін төмендеген жоқ, қайта көптеген ғалымдардың зерттеуі арқылы 
кеңейіп, шындалып отыр. Жаңа зерттеу əдістері пайда болысымен-ақ психикалық 
əрекеттердің шартты рефлекторлы механизмдері одан да тереңірек зерттеліп жатыр. Ол 
зерттеулер мидың жоғары дəрежедегі қызметіне жаңа көзқарастардың пайда болуына себеп 
болып 
отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет