Биология кафедрасы



Pdf көрінісі
бет18/18
Дата22.02.2023
өлшемі361,36 Kb.
#169711
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
График проведения Нұржан крп, Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., демо 4, 7.2.1.2- географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді 7 сынып ҚМЖ, 9.12, 9.11 Каз. орографиялык нысандары, 9.15, Геог. және Жарат. 3-күн, Ресурс 7.3 Әлемдік экономиканың кеңістіктік модельдері, Ресурс 6.3 Географиялық кеңістік, Байшенов А.Н инклюзив баяндама, Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі», экология өмір қауіпсіздігі
 
Мектеп кешені оқушылар
 
тұратын үйден қалада 1-2 км, ауылда 3 км-ден аспау 
керек. Мектеп жерінің 15 % мектеп ғимаратына, 50% өсімдіктер егу үшін, ал қалған жерін 
спорт, демалыс, шаруашылық , тəжірибе алаңдарына пайдаланады. Мектеп ғимараты 
ауланың түкпірінде, мектеп жерінің шетінде 15 м қашықтықта салынады. Мектеп пен оның 
ауласы екпе ағаштармен қоршалады. Мектеп ауласы бірнеше аймаққа бөлінеді: қорғаныс, 
демалыс, оқу-тəжірибе, спорт жəне шаруашылық аумақтар. 
Мектептің сынып бөлмелері мен кабинеттер кең коридор арқылы бір-бірімен жəне 
оқушылардың демалыс бөлмелерімен жалғасады. Сынып бөлмелерінің ауданы 50-60 
шаршы метр, яғни əр оқушыға 1,25-1,50 шаршы метр есебінен анықталады. Бөлменің 
ұзындығы 8-8,2 м, ені – 5,6-6,2 мөлшерінен аспау керек. Бөлменің биіктігі 3,5 м болғанда 
балалардың денсаулығына қажетті ауа мөлшері жеткілікті болады: жасына лайық ауа 
мөлшері мен оның тазалығы қамтамасыз етіледі. Лас ауа көбіне бөлменің үстіңгі жағында 
болады да, оқушыларға жағымсыз əсері азаяды. Егер одан аласа болса, бөлменің ауасы тар 
болады. 
Оқушылардың денсаулығын сақтау үшін жəне қажетті еңбек жағдайларын тудыру 
үшін сынып бөлмесінің маңызы зор. Бөлме ауасының температурасы 17-21 градус, 
ылғалдылығы 40-65%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,15-0,25 м/сек, əр балаға шамамен 
15 м ауа болғаны жөн. Сыныптағы терезелер оқушылардың сол жағында орналасуы керек. 
Терезелер кең, күн сəулесі мол түсетіндей ашық əрі таза, шынысы жұқа, біртегіс болуы тиіс. 
Күн бұлтты болғанда, қыс күндері кезінде табиғи жарық жеткіліксіз болады, сондықтан 
бөлмелердің қосымша электр жарық шамдары болуы тиіс. Олардың жарық мөлшері əр 
партаға 150 люкстен кем болмауы тиіс, ал люминесценттік шамдардың жарығы 300 люкс. 
Соған байланысты электр шамдарын 2 немесе 3 қатар етіп, қуаттылығы 300 вт 7-8 лампа 
ілінеді. Ал люминесценттік шамдарының қуаттылығы 40 вт 12 шам орнатылады.
Сынып тақтасы – оқу бөлмесінің ең қажетті жабдықтарының бірі. Тақта бөлменің 
алдыңғы қабырғасының дəл ортасында, бастауыш сыныптарда 75 см, 5-7 сыныптарда -95 
см, жоғарғы сыныптарда- 100 см биікте ілінеді. Тақтаның ұзындығы 3м, ені 1,2 м, беті 
біртегіс, түсі – қоңыр немесе жасыл. 
Мектеп парталары – сыныптағы жабдықтың негізгі түрі. Парталарды 3 қатар 
орналастырады. Әр қатарда 7 партадан болады. Шеткі парталар мен қабырға аралығы 50-
65 см, қатар аралығы 70-75 см, алдыңғы парталар мен тақта аралығы 2,5-3 м, соңғы парталар 
мен тақта аралығы 8 м. Терезедең ең алыс орналасқан парта 6м қашықтан аспауы қажет. 
Оқушының партада отыру ережесі бойынша оқу жылының басында сынып жетекшісі 
оқушыларды дене ерекшеліктеріне сай отырғызады. Әрбір тоқсан сайын балалардың дене 
ерекшеліктерін ескере отырып, 1-ші қатар мен 2-ші қатардағы алдыңғы парталар мен соңғы 
парталардағы балалардың орынын ауыстырып отырғызған жөн. Бұл талаптар орындалған 
жағдайда оқушылардың денесі қисаймай дұрыс өсіп, тек жақыннан немесе алыстан көру 
жағдайының пайда болуына кедергі болады, яғни оқушылардың дұрыс өсіп жетілуіне 
қолайлы жағдай жасалынады. Кітап оқып, қағаз жазғанда баланың басы сəл алға еңкейеді. 
Оның көзі мен қағаз аралығы 35-40 см шамасында болу керек. Оқушының кеудесі мен 
парта аралығында 3-4 см немесе оқушының жұдырығы өтетіндей аралық болу керек. 
Мұғалімнің үстелі отырып тұруға қолайлы болу керек. Ол терезе жақтағы парталар 
қатарының алдында немесе ортада орналасады. Парта мен мұғалім үстелінің арасында 
кемінде 15-20 см аралық қалдырады. 
Мектепте кейінгі кезде оқу-тəрбие жұмыстарында оқу-техника құралдарын жиі 
пайдалануға байланысты оларды орналастыру гигиенасы пайда болды. Теледидар, 


магнитофон, киноаппарат жəне т.б. шамадан көп болып, бөлмені тарылтпайтын, шаң-тозаң 
жинамайтын жағдайларды қарастырған жөн. Оларды пайдаланбаған кезде шкафтарға 
немесе арнайы бөлмелерде сақтау керек. Кино - жəне телекөрсетулерді 15-20 минуттен 
артық көрсетуге болмайды.
Демонстрациялық үстелдің ұзындығы 3 м, ені 80 см, биіктігі 80 см болуы тиіс. Үстел 
лабораториялық бөлменің алдыңғы жағында сəл биіктелген арнайы орында тұрақты 
бекітіледі. Мектептегі барлық лабораторияларда қауіпсіздік ережелері, алғашқы дəрігерлік 
жəрдем ережелері мен дəрі-дəрмектер жинағы, өрт қауіпсіздігіне қажетті құм, өрт 
сөндіргіш саймандар болуы керек. 
 

Document Outline

  • Энергетикалық баланс
  • Диссимиляция
  • Ағзаның энергия жоғалтуы
  • Тамақ тағамдарының арнайы – динамикалық әсері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет