Бұлттық технологиялар. Google Classroom бұлттық ортада жеке курс (мектеп пәні) ашу Бұлтты технология



бет1/2
Дата01.07.2022
өлшемі334,03 Kb.
#147239
түріПрограмма
  1   2
Байланысты:
цифр 2


Бұлттық технологиялар. Google Classroom бұлттық ортада жеке курс (мектеп пәні) ашу
Бұлтты технология — қызмет көрсететін әртүрлі ұғымдардан тұратын үлкен бір тұжырымдама. Бұлтты технология тұтынушыға ғаламтор арқылы онлайн жағдайында деректерді өңдеуге мүмкіндік береді.
Айырмашылық
Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі программалармен жұмыс істеуден басты айырмашылығы - тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне ғаламтор-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, бірақ сол дереккөздер орналасқан амалдық жүйеге, программалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп, оны өзгерте алмайды.
Пайдаланудың тиімді жақтары

  • Үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, программаларды бұлттар тарапынан пайдалана алады;

  • Тұтынушы компьютерлік құрылғының осалдығына немесе оның сынып, бұзылуына немесе жұмыс істейтін программаның тоқтап, бұзылып қалуына тәуелді болмайды;

  • Тұтынушы кез келген жерден, кез келген уақытта ғаламторға қосылған кез келген компьютерлік құрылғымен өз дереккөздерімен жұмыс істей алады;

  • Тұтынушы өз дереккөздерімен басқа адамдармен еш қиындықсыз бөлісіп, сол дереккөздерімен олармен бірге қосылып жұмыс істей алады;

  • Жеке компьютердегі программалармен салыстырғанда бұлттық қызметтер көбінесе тегін немесе бағалары айлық жарна ретінде өте арзан келеді;

  • Кейбір жобаларды "бұлтқа шығарудың" әсіресе ірі компанияларға тиімді болатын жағы- аппараттық және программалық қамтамасыз етулерді басқаруға, қолдауға, жаңартуға, лицензиялауға кететін шығындарды үнемдеуінде болып табылады;

  • Сонымен қоса сол программаларды жүргізетін білікті мамандар тапшылығы мәселесін сол жобаны "бұлтқа шығару" арқылы шеше алады.

  • Бұлтты технология дегеніміз — деректерді өңдеу немесе сақтауды қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың бірі. Бұлтты технологияның идеясы келесідей. Компьютерде ешқандай арнайы бағдарламалардың орнатуының қажеті жоқ. Тек Интернетке кіру мүмкіндігі болу керек. Ал барлық өңдеу,жүктеу және сақтау операцияларын интернет арқылы жүргізіледі. Бұлтты технологиялар — компьютерлік техниканың тұтас саласы.

  • Бұлтты технологиялар аппараттық құралдардың қарқынды дамуы арқасында мүмкін болды. Процессорлардың күші күннен күнге өсіп келе жатыр.Ол туралы мына мақаладан Мур заңы оның микропроцессорлерге әсері оқи аласыз.

  • Соның арқасында бұлтты технология тез дамыды. Және интернет-арналар әлдеқайда кең және жылдам дамыды. Яғни, бұлт ол интернеттің өзі емес. Ол барлық клиенттің өтініштерін өңдеуді және орындауды қамтамасыз ететін аппараттық бағдарламалар жиынтығы. Мысалы сайтқа іздеу жүргізу олда бұлтты технологияның түріне жатады.








  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет