Аралық бақылау №1 1-вариант Химиялық технология туралы түсінік. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Д. И. Менделеев «технология»



бет1/12
Дата19.10.2022
өлшемі2,48 Mb.
#153823
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Рк охт
2610-1-5000-1-10-20190607, 2 кл. СОР Family and Friends (1), Ar-N=ch-r 16. А және б қосылыстары келесі схема өзгерістеріндегі-emirsaba.org

Аралық бақылау №1
1-вариант

  1. Химиялық технология туралы түсінік. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар.

Д.И. Менделеев «технология» ұғымына мынадай анықтама берген болатын: Технология - табиғи ресурстарды адам өміріне пайдалануға қажетті өнімдерге дейін өңдеудің тиімді жолдары. «Технология» (грекше «technos» – өнер, кәсіп және «logos» – ғылым, білім) сөзінің шығу тегі де, оның мазмұнына сай келеді: бастапқы затты пайдалы өнімге айналдырып өңдей білу туралы ғылым.

  • Химиялық технология – химиялық және физика-химиялық құбылыстарды пайдалана отырып, заттың құрамын, қасиеттерін, құрылысын түбегейлі өзгертетін өңдеу үрдістері. Зерттеу объектісі – химиялық өндіріс (бастапқы затты пайдалы өнімге дейін өңдеу әдістері мен үрдістері). Химиялық технологияда өңдеудің әртүрлі кезеңдерінде Келесі технологиялық компоненттерді бөлуге болады: шикізат, аралық өнім, жанама өнім, мақсатты өнім және қалдықтар.

  • Шикізат – өндірісте қолданылатын табиғи материалдар.

  • Мақсатты өнім (R) - осы химиялық технологияны жүзеге асыруда көзделіп отырған өнім. Аралық өнім (жартылай өнім) - өндірістің бір немесе бірнеше сатыларынан кейін шикізатты қайта өңдеу процесінде қалыптасқан материалдар және келесі кезеңдерге арналған шикізат болып табылады.

  • Жанама өнім (S) – шикізатты өңдеу процесі барысында мақсатты өніммен қатар түзілетін, бірақ берілген өндірістің мақсаты болып табылмайтын материал.

  • Қалдықтар – табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар

  • Химиялық-технологиялық жүйе (ХТЖ) – шикізат өнімге дейін өңдеуге арналған аппараттардың, машиналардың, басқа қондырғылардың (элементтер) және материалдық, энергетикалық ағыстардың (байланыстар) өзара біртұтас жиынтығын айтады

2)Химия-технологиялық жүйені модельдеу:

  • Лабораториялық эксперименттен өнеркәсіптің масштабты

  • көлеміне ауысу кезінде өндірісті жобалау үшін модельдеу әдісі

  • қолданылады.

  • Модельдеуге - модельді жасау,оны зерделеу және мәліметтерді түпнұсқаға экстрополяциялау процестері кіреді

  • ой модельдері - түпнұсқалардың негізгі жақтарын (қасиеттерін)сипаттайтын ойша сұлбалары

  • математикалық модель - зерттеу нысанын математикалық сипаттау



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет