Биология кафедрасы



Pdf көрінісі
бет15/18
Дата22.02.2023
өлшемі361,36 Kb.
#169711
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
График проведения Нұржан крп, Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., демо 4, 7.2.1.2- географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді 7 сынып ҚМЖ, 9.12, 9.11 Каз. орографиялык нысандары, 9.15, Геог. және Жарат. 3-күн, Ресурс 7.3 Әлемдік экономиканың кеңістіктік модельдері, Ресурс 6.3 Географиялық кеңістік, Байшенов А.Н инклюзив баяндама, Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі», экология өмір қауіпсіздігі
қыртыс қабаты
жəне ішкі ортаңғы ақшыл 
милы қабаты
болады. Бүйректің қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек 
денешіктерінен құралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1-1,2 млн. Бүйректің қызметі қан 
плазмасын зиянды, қажетсіз заттардан тазартудан басталады. Натрий, калий, кальций 
иондары сияқты тіршілікке қажетті заттар көп мөлшерде болса, гомеостаз қалыпты 
деңгейінен өзгере бастайды. Бүйрек электролиттік жəне қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті 
үйлестіріп, реттеп отырады. Бүйрек ұлпасында ренин жəне эритропоэтин ферменттері 


өндіріледі. Ренин артерия қысымын жəне қан тамырларындағы қанның мөлшерін реттеуге 
қатысады. Ал эритропоэтин эритроциттердің өндірілуіне əсер етеді.
Несеп нефронда түзіледі жəне екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алғашқы несеп, 
ал екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Несептің түзілуі күрделі уш қызметтің нəтижесі: 1. 
Фильтрация - нефронның капилляр шұмағындағы сүзілу. 2. Реабсорбция - иірімді 
каналдардағы кері сүзілу. 3.Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий клеткаларының 
белсенді секрециялық қызметі. 
Тəулік бойы бүйректен 2000 л қан айдалады, одан 150-180 л алғашқы несеп 
өндіріледі, бірақ соңғы несептің мөлшері 1,5 л ғана. Мұндай қарқынды сүзілу бүйрек 
каналшаларының өте ұзын болуына байланысты. Олардың жалпы ұзындығы 120 км, ал 
сүзілуге қатысатын бетінің ауданы 40-50 м. Құыққа айдалатын соңғы несеп сарғыш түсті 
сұйықтық . Құрамының негізі 98-99% -су, ал 1-2% - көптеген химиялық заттар – мочевина, 
несеп қышқылы, креатинин. Дені сау адамның несебінің құрамында белок пен глюкоза 
қанты болмауы тиіс. Несептің тəуліктік мөлшері 1300-1500 мл. 
Бүйрек қызметінің реттелуі.
Бүйрек ұлпаларының рецепторларынан афференттік 
жүйке импульстері ОЖЖ, гипоталамус жəне ми қыртысы орталықтарына беріледі. Ал 
афференттік нерв импульстері нейрогипофизге беріліп, ондағы несептің түзілуін реттейтін 
вазопрессин гормоның қанға шығарады. Вазопрессин қан айналыс жолымен бүйрек үсті 
безіне барып, альдестерон гормонының өнімін арттады. 
Терінің құрылысы мен маңызы.
Адамның терісі 3 қабаттан тұрады: 1.Эпидермис – 
сыртқы қабат. 2.Дерма – ортаңғы қабат. 3.Гиподерма – ішкі қабат.Ең қалың – сыртқы қабат, 
қалыңдылығы 1-2,5 мм. Бұл қабатта меланин өндіріледі. Сондықтан терінің түсі өндіретін 
пигментіне байланысты, егер ол аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса – қоңырлау, ал тым 
көп болса – қара қоңыр болады. 
Дерма қабатының жасушалары тығыз дəнекер ұлпадан тұрады. Онда капиллярлар 
мен нерв ұштары болады. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі, ал торлы 
қабатындағы дəнекер клеткалар теріге беріктік қасиет береді. Терінің гиподерма қабаты 
қорғаныс қызметің атқарады. 
Тері асты клетчаткада тері бездері орналасқан. Олардың өзегі терінің сыртына 
жіңішке саңлау түрінде ашылады. Тер бездері алақан, маңдай, қолтық, мойын, арқа жəне 
шап терісінде көбірек болады. Теріде май өндіретін май бездері болады. Олар алақан, табан 
терісінен басқа жердің бəрінде бар. Тер бездері арқылы денеден сыртқа шығарылатын 
судың мөлшері 50%, яғни 500-900 мл болады. Термен бірге мочевина, несеп қышқылы, 
креатинин, гиппур қышқылы, хлорлы натрий, калий жəне фосфаттар мен сульфаттар 
шығарылады.Терлеу тəулік бойы үнемі үздіксіз жүреді, бірақ сыртқы ортаның 
температурасы жоғарылағанда, шынықтыру жаттығулары кезінде тер безінің өзектері 
кеңейеді де, тер үздіксіз көп шығады. Тер бездерінің реттелуі симпатикалық жүйке 
жүйесімен қамтамасыз етіледі. Симпатикалық нерв талшықтарының теріге келетін 
холинэргиялық ұштарынан екі түрлі медиатор бөлінеді: ацетилхолин жəне адреналин. Егер 
ацетилхолин бөлінсе, жылы тер шығады, ал адреналин бөлінсе салқын тер шығады –адам 
қатты абыржып, қиналғанда, жағымсыз эмоция кезінде. 
Бала терісінің сыртқы эпидермис қабаты өте жұқа, терінің қан тамырлары кең жəне 
көрініп тұрады. Терісі тегіс, қыртыссыз болады. Бала терісінде май көбірек болады. 
Әсіресе алғашқы 9 айда ол тез көбейеді. Содан кейін 5 жасқа дейін олардың көбейюі 
бəсеңдейді. Терінің температурасы нəрестелерде, жоғарырақ жəне тұрақсыз болады да 3-5 
жастан бастап қалыптасады. Бала 4 жасқа дейін аз терлейді, себебі тер бездерінің қызметін 
реттеуші жүйке орталығы əлі жетілмеген. Оның толық жетілуі 5-7 жаста болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет