қордағы
ауа. Егер дем алу, қосымша жəне
қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік
сыйымдылығы шығады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 жəне 15-16 жастарда дереу жəне айтарлықтай
көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады.
Балалардың өкпе алвеоласындағы газ бен дем шығарғандағы газдың құрамында
айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі көбірек болып,
көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса,
соғұрлым бұл айырмашылық
көп болады.
Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі əр дəрежедегі реттеу жолдарымен іске
асады.
Төменгі дәрежелі тыныс орталығы
сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз
байланыстағы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады.
Тыныс алу мүшелерінің бəрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен
спорт əсер етеді. Мысалы: ӨТС футболистерде – 4,2 л, боксшыларда - 4,8 л, қайықшыларда
– 5,5 л. Тыныс алу жиілігі 1 минөтте спортшыларда - 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда –
14-18 рет. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс
мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Баланың
дұрыс отыра білуі де маңызды. Бүкірейіп, кеудесін үстелдің немесе партаның шетіне тақап
отырғанда кеудеге қысым жасалып, тыныс мүшелерінің қызметін төмендетеді, жүрек-қан
тамырлардың өсуіне кедергі болу арқылы баланың бойының өсуіне бөгет жасайды. Салқын
тию, тыныс мүшелерінің аурулары бала ағзасының барлық мүшелерінің өсіп дамуына,
қызмет етуіне жағымсыз əсер ететінің естен шығармаған жөн.
Оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастырған кезде есте сақтайтын жағдай – дене еңбегі мен
дене шынықтыру жəне ой еңбегі кезінде балалардың тынысын тарылтады,
сондықтан оның
дұрыс болуын қадағалау қажет. Балаларға дұрыс демалуды жастайынан үйрету керек.
Сонымен қатар, ой еңбегі мен дене еңбегің кезектестіру аса маңызды. Мектепте сабақ
кестесін жасағанда, бұл ерекшеліктерді есте сақтау керек. Сынып бөлмелерін, еңбек
сабағының бөлмелерін жиі желдетіп отыру қажет. Жоғарғы сынып оқушылары далада таза
ауада тəулігіне 3 сағаттан, ал бастауыш сынып оқушылары 4 сағаттан кем болмауы тиіс.
Әсіресе ауасы таза
бөлмеде ұйықтау аса маңызды, сондықтан балаларды терезе ашық
бөлмеде ұйықтауға əдеттендіру керек. Балалардың киімі жеңіл, денесін қыспайтын, қимыл-
қозғалысына бөгет етпейтін болған жөн. Ырғақты тыныс гимнастикасы баланың ақылының
артуына жағымды əсер етеді. Бастауыш сынып оқушыларына сабақ кезінде 1-2 минөттік
демалыс беріп, тыныс гимнастикасын ұйымдастырған жөн. Мұндай гимнастика баланың
сабаққа ынтысын арттырады.
Зат алмасуының ыдырау өнімінің соңғы қалдықтарын, зиянды, улы заттар денеден сыртқа
өкпе, ішек бүйрек, қан тамырлары, тері арқылы шығарып, дене тазартылып, ағзаның ішкі
ортасының қалыпты тұрақтылығы сақталады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа
шығару мүшелерінің қызметінің маңызы зор.
Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегі
жұп мүше, салмағы 120-150 г. Сырты дəнекер ұлпасымен қоршалған. Бүйректі қалың
бүйрек майы қаптап тұрады. Нəрестенің бүйрек массасы 11-12 грамм, 1 жаста-37-38 грамм,
5 жаста-55-57 грамм. Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық
жетілу кезеңінде жəне 20-30 жас аралығында жоғары болып, өсіп жетіледі.
Нəрестенің бүйрегінің сыртқы беті бөліктеніп тұрады. Олар 2
жасқа қарай тегістеле
бастайды да, 5 жаста жойылып, түгел тегіс болады.
Бүйректе сыртқы қызғылт қоңыр түсті
Достарыңызбен бөлісу: