Биология кафедрасы


Лекция 5. Қанның жас ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет13/18
Дата22.02.2023
өлшемі361,36 Kb.
#169711
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы

Лекция 5. Қанның жас ерекшеліктері
 
Адамның денесіндегі қан – организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері 
ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған 
нəрестеде ол 10-20%, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8% болады. Организмдегі барлық қанның 
50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе жəне 
тері жатады. Бұл мүшелердегі қан қоры адам жараланып, қансырағанда қан 
айналымынашығып, тіршілікті сақтап қалады, ал денедегі қанның 50-60% жоғалса, адам 
өліп қалады. 
Қанның құрамы өте күрделі. Қан 
пішінді элементтер
, яғни қан клеткаларынан жəне 
сұйық 
плазмадан 
тұрады. Қанның пішінді элементтеріне қанның қызыл клеткалары 
эритроциттер, ақ клеткалары лейкоциттер жəне қызыл пластинкалары тромбоциттер 
жатады. Қанның бұл клеткалары күллі қанның 55-60%-ын, ал плазма 40-45%-ын құрады. 
Қанның 
белсенді 
реакциясы
оның 
құрамындағы 
сутегінің 
иондарының 
концентрациясына байланысты жəне оны рН реакциясы (сутегінің көрсеткіші) деп 
белгілейді. Қалыпты жағдайда қанның рН = 7,36 тең, бұл əлсіз сілтінің реакциясы. 
Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығына қанның 
буферлік
жүйесінің үлкен 
маңызы бар. Кейбір бейорганикалық қосындылар, белок заттары қанға келетін зат 
алмасуының нəтижесінде қышқыл немесе сілтілік қасиеттері бар заттармен қосылыстар 
жасайды.
Қанның меншікті салмағы ересек адамда 1,055-1,063 кг/м³. Жаңа туған нəрестенің 
қанының меншікті салмағы аздап жоғарырақ 1,060-1,080 кг/м³. Сəбидің өмірінің алғашқы 
айында ол 1,050 кг/м³ шамасына дейін төмендейді де кейіннен қайта көтеріліп ересек 
адамдікіндей болып, өмір бойы сол мөлшерде сақталады. 
Қанның пішінді элементтеріне 
эритроциттер, лейкоциттер
жəне 
тромбоциттер
жатады. Бұлардың ішіндегі ең көбі 
эритроциттер
, яғни қанның қызыл клеткалары. 
Олардың саны адамның жынысына байланысты: ер адамда 1 мкл қанда 4,5-5 млн., əйелде 
4- 4,5 млн. 
Лейкоциттер – ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мкл қанында 6-8 мың 
лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру, қорғану қабілеті) 
лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық 
ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Қан клеткаларының бұл маңызды қызметін 
Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И.И. Мечников ашқан. Лейкоциттердің 
бірнеше түрлері бар: а) дəнді лейкоциттер немесе гранулоциттер; ə) дəнсіз лейкоциттер
яғни агранулоциттер; б) моноциттер. 
Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер – тромбоциттер немесе қан 
пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. 
Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 400 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек 
кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 
күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін, ауыр дене жұмысымен 
шұғылданғанда, əйел екіқабат болғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тəуліктік өзгерісі де 
бар: күндіз көбірек, түнде азырақ болады. 
Қан айналу жүйесінің маңызы.
Қан айналу жүйесі тоқталмай, үнемі жүріп жататын зат 
алмасуын қамтамасыз етеді. Жүрек – қан айналу жүйесіндегі негізгі бөлім. Ол тоқтаусыз 
қызмет етіп, қан тамырларында қанның қозғалысын қамтамасыз етеді. Бір тəуліктің ішінде 
жүрек 5-6 мың литр қанды айдайды. Қанның тамырларда қозғалуына түрткі болатын 
энергия жүректің бұлшық еттерінің қызметіне байланысты өндіріледі. 
Адамның жүрегі бұлшық еттен тұратын конус пішінді қуыс мүше. Ол салмағына, 
жынысына қарай бөлектенеді: ерлердің жүрегі (300 г) əйел жүрегінен (220 г) салмақтырақ. 
Жалпы ұзындығы – 12-14 см, ең жалпақ жері – 10-11 см. Жүрек оң жəне сол жақ 
бөлімдерден тұрады. Олардың əрқайсысында екі-екіден қуыстары бар: 
жүрекше
жəне 
қарынша
деп аталатын қуыстар. 


Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы – эпикард (грек. 
эпи
– үстіңгі + 
кардиа 
– жүрек), ортаңғы – миокард (грек. 
миос
– бұлшық ет + кардиа) жəне ішкі – эндокард (грек. 
эндос
– ішкі + кардиа). Жүректің еті – 
миокард
– ерекше құрылымды көлденең жолақты ет 
ұлпаларынан тұрады. Оның қалыңдығы жүректің əр жерінде əртүрлі. Ең жұқа жері 
жүрекшенің қабырғасында 2-3 мм, ал ең қалың жері – сол жақ қарыншаның қабырғасының 
қалыңдығы бұдан 3-4 есе артық. 
Үлкен және кіші қан айналыс жолдары.
Денедегі қан үлкен жəне кіші қан айналыс 
жолдары арқылы тасымалданады. Сол жақ қарыншаның қуысынан 
үлкен қан айналыс жолы
басталады. Қан қарыншадан қолқаға, одан үлкенді-кішілі артериялар мен артериолаларға, 
олардан артериялық капиллярларға айдалады. Артериялық капиллярлар ұлпалардың 
клеткаларына тарап, қанның құрамындағы қоректік заттар мен оттегін клеткааралық 
сұйықтарға құяды да зат алмасуынан пайда болған көмірқышқыл газын қосып алып, 
веналық капиллярлар арқылы үлкенді-кішілі веналаларға, олардан жоғарғы жəне төменгі 
қуыс веналарына қосылып, қанды оң жақ жүрекшенің қуысына əкеледі. Оң жақ 
жүрекшеден оң жақ қарыншаға айдалады. Оң жақ қарыншадан 
кіші қан айналыс жолы
басталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет