Биология кафедрасы


Лекция 8. Оқыту мен тәрбиелеу жағдайларының оқушылар денсаулығына әсері



Pdf көрінісі
бет17/18
Дата22.02.2023
өлшемі361,36 Kb.
#169711
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
График проведения Нұржан крп, Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., демо 4, 7.2.1.2- географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді 7 сынып ҚМЖ, 9.12, 9.11 Каз. орографиялык нысандары, 9.15, Геог. және Жарат. 3-күн, Ресурс 7.3 Әлемдік экономиканың кеңістіктік модельдері, Ресурс 6.3 Географиялық кеңістік, Байшенов А.Н инклюзив баяндама, Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі», экология өмір қауіпсіздігі
 
Лекция 8. Оқыту мен тәрбиелеу жағдайларының оқушылар денсаулығына әсері 
Мектептегі оқу тəрбие жұмыстарының басты міндеті-жастардың ой өрісін дамыту, сабақ 
үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін 
мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық , ағзасының ерекшеліктеріне сай 
жасалады. Оқу-тəрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс 
қабілетіне, жыл маусымдарының ағзаға əсеріне байланысты жоспарланады.
Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. 
Оқу жылы ішінде əрбір тоқсан сайын оқушыларға демалыс беріп тынықтырады. Жазғы 
демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Бірінші тоқсанның басында 
оқушылардың сабаққа зейіні төмен болғандықтан оқу жылының алғашқы апталары өткен 
тақырыптарды қайталап, бекітуге арналады да, жаңа тақырыптарды өте бастайды. Оқу 
жылының барысында барлық пəндерден мектеп бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл 
аяғында балалар шаршаған кезде қайта жеңілденеді. 
Оқу жоспары балалардың жыл бойындағы еңбек қабілетін де ескереді. Қыркүйек 
айында жəне сəуір мен мамыр айларында еңбек қабілеті төмендейді. Яғни қыркүйек айында 
өткен оқу жылындағы, сəуір мен мамыр айларында жыл бойында оқыған материалдарды 
қайталайды. Қазан-наурыз айларының арасында еңбек қабілеті күшті болғандықтан негізгі 
материалдарды, жаңа тақырыптарды өтеді. 
Сабақ кестелеріне
қойылатын талаптар оқушылардың апталық, айлық, тоқсандық 
жəне оқу жылындағы еңбек қабілетіне сай жасалады. Ол аптаның дүйсенбі-сəрсенбі күндері 
жоғары болады. Бейсенбі күнінің аяғында шаршау белгілері пайда бола бастайды. Жұма, 
сенбі күндері апталық шаршау белгілері айқындала түседі, жұмыс қабілеті төмендейді.
 
Осыған байланысты оқушы жексенбі күні жақсы демалу үшін аптаның аяғында қиын 
тапсырма берілмейді. Демалыстан соң, дүйсенбі күні оқушының сабаққа зейіні төмен 
болады. Осыны ескеріп мектептегі оқу бөлімінің меңгерушісі бұл күні сабақ кестесінде 
қиын пəндердің санын азайтып, сейсенбі-бейсенбі күндері оларды көбірек қояды. Жұма-
сенбі күндері сабақ санын жəне қиын пəндердің мөлшерін азайтқан жөн. Бұл күндері жеңіл 
пəндерді көбірек қояды. Жеңіл пəндерге əдебиет, тарих, əн-күй, дене шынықтыру, сурет-
сызу пəндері жатады. Қиын сабақтардың алдында дене шынықтыру пəнін қоюға болмайды. 
Себебі денешынықтыру сабағында балалар спорт ойындарын ойнап, жүйкелері тозады да, 
келесі сабаққа зейіні төмен болады. Мектептегі қиын пəндерге физика, математика, 
грамматика, химия пəндері жатады. Дене еңбегі пəндеріне денешынықтыру, еңбек 
сабақтары жатады. Әдебиет, тарих, физика, астрономия, биология пəндерін ауызша 
пəндерге жатқызады. Мұндай бөлу шамамен жасалған.
Әрбір оқу күнінің 2-3-сабақтары балалар үшін нəтижелі келеді, 5-6-сағатта шаршау 
белгілері үдей түседі. Бастауыш сыныптарда шаршау белгілері 3-ші сабақтың соңында 
басталып, 4-ші сабақта анық білінеді. Жоғарғы сынып оқушыларында шаршау белгілері 
төртінші сабақтың соңында басталады. 
Балалардың шаршауын ескере отырып, 1-4-ші сыныптарда күніне 4 сабақтан, 5-7-ші 
сыныптарда 5-6, жоғарғы сыныптарда 6 сабақтан аспауы тиіс. Бағдарламадан тыс
мамандандыруға байланысты факультативтік саьақтар апталық 36 сағат қалыпқа сыймаса, 
мектептегі мұғалімдер кеңесінің шешімі бойынша арнайы күндері (аптасына 2 реттен 
асырмай) ғана жоғарғы сыныптарға 7 сабақ қоюға болады. Бақылау жұмыстарын соңғы 
сабаққа қалдырмай, қиын тақырыптарды баланың тың кезінде өтеді, қосарланған сабақты 
(қатарынан екі əдебиет немесе математика т.с.с.) күнде қоюға болмайды. Себебі баланың 
ми қыртыстарының нерв клеткалары біртекті ұзақ жұмыстан соң тез шаршайды. 
Оқушылардың шаршауын азайту үшін əн-күй, дене шынықтыру пəндерінің маңызы зор. 
Бұл пəндерден кейін баланың миы тынығады. 1-ші сынып оқушылары алғаш мектепке 


келген кезде ұзақ уақыт еңбек ете алмайды. Олардың организмі тез шаршайды. Сондықтан 
толық сабақ уақытына (45 минутке) біртіндеп үйрету керек. Алғашқы 1-2-ші аптада сабақ 
ұзақтығы 20-25 минуттен басталып, содан кейін 45 минутке созуға болады. Сабақты ұзарту 
үшін балалардың психикасын алдын ала дайындап, ескертіп қойған жөн. Дегенмен сабақ 
ішінде физкульт үзілістер жасап, оқушыларды демалдырып отыру мұғалімнің міндеті. 

Мектептің орналасқан жері оқитын балалар санына байланысты 0,8 гектарға дейін 


болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет