- Дәрістің жоспары:
- Лейкоциттер, саны, түрлері.
- Лейкограмма.
- Лейкоциттердің қызметі.
- Тромбоциттер, маңызы.
- Гемостаз туралы түсінік.
- Қанның ұюы туралы қазіргі түсінік.
- Қанды ұйытушы факторлар.
- Тамырлық-тромбоциттік гемостаз.
- Коагуляциялық гемостаз.
- Фибринолиз.
- Ұюға қарсы жүйе.
- Қан топтары
Қанның қызметінің бірі қорғаныс қызметі болып табылады. Оны лекоциттер атқарады. Қанның қорғаныс қызметіне қанның ұюы – гемостаз жатады. Лейкоциттер – қанның ақ жасушалары. Қандағы мөлшері 4-8,8х109/л. - Лейкоциттер санының артуы лейкоцитоз, азаюы лейкоцитопения деп аталады.
- Лейкоцитоз, лейкоцитопения
Лейкоциттердің жеке түрлерінің олардың жалпы санынан пайыздық мөлшері лейкоциттік формула немесе лейкограмма деп аталады - Лейкограмманың жылжуы: оңға, солға
Лейкоциттердің қызметтері - 1. Фагоциттік.
- 2. Антитоксиндік қызмет. Эозинофилдер табиғаты белок токсиндерді, антиген-антидене кешенін залалсыздандырып, бұзады, гистаминді бұзатын гистаминаза жасап шығарады (аллергиялық реакциялар).
- 3. Биологиялық белсенді заттар түзеді. Базофилдер гистамин және гепарин жасап шығарады.
- 4. Лейкоциттер белок алмасу өнімдері мен қоректік заттарды адсорбциялап, тасымалдай алады.
- 5. Лимфоциттер иммундық жүйенің орталық звеносы болып табылады.
- Т-лимфоциттер жасушалық иммунитетті қамтамасыз етеді. Олардың түрлері: Т-хелпер, Т-супрессор, Т-киллер, Т-амплифайер.
- В-лимфоциттер гуморалдық иммунитет қалыптастырады, антиденелер түзеді ( және -глобулиндер).
- 6. Лейкоциттер қанның ұюына қатысады.
- 7. Моноциттер өлген жасушаларды фагоциттеп, ұлпа регенерациясына қатысады.
- 8. Нейтрофилдер интерферон жасап шығарады.
Тромбоциттер (қан пластинкалары), мөлшері 180-320х109/л (103мкл) - Қызметі:
- Қанның ұюына қатысады (тромбоциттік факторлар, ұйытуға қарсы заттар, серотонин, адреналин, лизоцим, АТФ, АДФ)
- Ангиготрофикалық қызмет.
Қанның ұюы (гемостаз, коагуляция) – қан сұйық түрінен қоймалжың ұйынды – тромбқа ауысатын биологиялық және биохимиялық үрдіс. Тромб тамырды тығындап, қан кетуді тоқтатады. - Қанның ұю кезеңдері:
- Алғашқы кезеңі (тамырлық-тромбоциттік гемостаз)
- Коагуляциялық гемостаз.
- Соңғы кезеңі (ретракция, фибринолиз)
Қанның ұюында плазмалық және тромбоциттік факторлар қатысады. Тромбоциттік факторлар 13. Ең белсенділері ф3, ф6. Қан ұюының плазмалық факторлары - I - Фибриноген
- II - Протромбин
- III – Ұлпалық фактор
- IV - Са2+
- V, VI - Ас-глобулин, проакцелерин
- VII - Проконвертин
- VIII - Антигемофилдік глобулин А
- IX – Кристмас факторы, Антигемофилдік глобулин В
- X - Стюарта-Проуэра факторы
- XI – Тромбопластиннің плазмадағы негізі
- XII – Хагемана факторы
- XIII – фибрин тұрақтандырушы фактор, фибриназа, плазмалық трансглутаминаза, фибринолигаза
- XIV - Белок С(Флетчер)
- XV – Фиджеральд Фложе
Тамырлық-тромбоциттік гемостаз - Тамырлардың рефлекстік тарылуы.
- Тромбоциттердің жарақаттанған жерге жабысуы (адгезиясы).
- Тромбоциттердің қайтымды агрегациясы.
- Тромбоциттердің тұрақты агрегациясы.
- Тромбоциттік тромбтың нығыздалуы (ретракциясы).
Коагуляциялық гемостаз - Тромбоциттер мен эритроциттердің бұзылуы
- Ұлпалық тромбопластин (фосфолипидтер)
- Тромбоциттік және эритроциттік тромбопластин
- Фибрин полимер (фибрин «S»)
- Ақырғы фибрин (фибрин «I»)
- XII+XI IX+VIII+ Ca2++ф3 X+V+ Ca2++ф3
- Плазминогеннің белсендірушілері: урокиназа, трипсин, калликреин-кининжүйесі, сілтілік және қышқылдық фосфатаза.
Табиғи антикоагулянттар - Табиғи антикоагулянттар біріншілік және екіншілік болып бөлінеді.
- Біріншілік антикоагулянттарды негізгі 3 топқа бөлуге болады:
- Антитромбопластиндер –антитромбопластикалық және антипротромбиназалық әсері бар;
- Антитромбиндер.
- Гепарин.
Екіншілік антикоагулянттарға ұюға қатысқан ұйытушы факторлар (XI, VII) және фибрин жатады. Екіншілік антикоагулянттардың рөлі тамыр ішіндегі қанның ұюын және тромбтың тамырлар бойымен таралуын шектеу. Қан топтары туралы ілім - Ландштейнер (1901 ж.), Ян Янский (1903 ж.).
- АВО жүйесіндегі қан топтарының жіктелуі
- I – Оαβ (40-50%)
- II – Аβ (30-40%)
- III – Вα (10-20%)
- IV – АВо (~5%)
Агглютиногендер (А және В) эритроциттерде, агглютининдер (α және β) плазмада болады. - Агглютиногендер (А және В) эритроциттерде, агглютининдер (α және β) плазмада болады.
- Сыйыспайтын қанды құйғанда эритроциттер агглютинацияланып (желімденіп), кейін гемолизге ұшырайды, себебі плазмада гемолизин бар.
- Бір топқа жататын қанды құйғанның өзінде алдымен биологиялық сынама жүргізіледі: науқас сарысуының тамшысын және донор қанының тамшысын алады (10:1)
- Агглютиногендер 3-4 айлық ұрықта, ал агглютининдер – туылғаннан кейінгі 3-6 айда анықталады.
Қанның резустығы - Ландштейнер мен Винер (1940 ж.) макака қанын қоянға құю кезінде АВО жүйесіне жатпайтын агглютиногенді анықтады, ол агглютиноген резус (Rh) деп аталды.
- Резус-оң қан (Rh+) – эритроциттерде резус-агглютиногені бар.
- Резус-теріс қан: резус агглютиногені жоқ.
- Резус агглютиногенге табиғи агглютинин (антирезус-агглютинин) болмайды, бірақ олар резус-конфликт кезінде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |