Плазмалық жарғақша. Цитоплазмамен жанасып жататын жасушаның астыңғы қабатын плазмалық жарғақша (латынша «мембрана»— өте жұқа қабықша) дейді. Плазмалық жарғақша — ақуыз бен липидтерден тұратын қалыңдығы 10 нм жұқа қабықша липидтер молекуласы екі қабатқа орналасқан, ал ақуыз молекулалары бейберекет әр қабатта қалқып жүреді. Ақуыз бен липид молекулаларының жылжымамылығын плазма жарғақшасы үнемі қозғалысқа келтіріп отырады.
Плазмалық жарғақша жасушаның тіршілігі үшін көптеген маңызды қызмет атқарады: 1. Жасушадағы заттарды сыртқы ортадан бөліп тұратын тоскауыл және жарғақшаның шала өткізгіштік қасиеті болады; 2. Жасуша жарғақшасының шұрықтары (поралары) арқылы өтетін ортамен үздіксіз зат алмасады. Жарғақша арқылы жасушаға су молекулалары, суда еріген заттар, мысалы, оттегі (О2), азот (N2), көмірқышқыл газы (СО2), т.б. өтеді. 3. Ыдырау өнімінің зиянды қалдықтары жарғақша арқылы сыртқы ортаға шығарылады. 4. Плазмалық жарғақшаның негізгі қызметінің бірі — заттарды тасымалдау. Екі жасушаның жарғақшасы қатпарлары немесе өсінділері арқылы берік байланысады. Яғни, жасушаның жарғақшасы тегіс болмайды, бірінің ойығына екіншісінің өсіндісі кіріп жатады және екі жасушаның жарғақшалары өзекшелер арқылы байланысқан. Осы өзекшелердің бойымен бір жасушадан екінші жасушаға коректі затгар, иондар, көмірсулар және басқа қосылыстар жеткізіледі.
Жасушалардың байланысу беріктігін арттыратын сыртқы мембрананың қатпарлары мен өсінділері көрініп тұр, 30000 есе үлкейтілген.
Фагоцитоз. Жасуша жарғақшасы шала өткізгіштік қасиетке ие. Кейбір заттар жасуша ішіне тез өтеді де, ал екінші біреулері өте алмайды. Мысалы, ақуыз бен полисахаридтердің ірі молекулалары, тағамның ірілеу түйіршіктерінің бактериялары жасушаға фагоцитоз жолымен өтеді (грекше «фагео» - жебір). Фагоцитоз әрекетіне плазмалық жарғақша тікелей қатысады.
Ірірек келген түйіршіктер мен молекулалар жасушаның жарғақшасымен жанасқан бетінде жарғақша майысып, шұңқырланады да, бөлшекті қоршап алып, сіңіреді. Түйіршіктердің сіңірілуі әр түрлі фагоцитоз жолымен коректенеді. Лейкоциттер де фагоцитозға қабілетті.
Пиноцитоз. Плазма жарғақшасы арқылы жасушаға әр түрлі заттардың ерітіндісі бар сұйықтық тамшылары өтеді.
Ұсақ тамшы түріндегі сұйықтардың сіңірілуі су ішуді еске түсіреді. Бұл құбылыс пиноцитоз деп аталады (грекше «пино»— ішемін). Сұйықтықты сіңіру әрекеті фагоцитозға ұқсайды. Сұйықтық тамшысы цитоплазмаға батып кетеді де, ондағы ферменттердің әсерінен қорытылады. Фагоцитоз және пиноцитоз әрекетінің жасуша тіршілігіндегі маңызы өте зор. Себебі жасушадағы зат айналымының тұрақтылығы үшін қажетті кейбір иондар мен молекулалар осы фаго және пиноцитоз жолымен өтеді. Иондар мен молекулалардың тасымалдануына жасушада түзілетін энергия пайдаланылады. Жасушаның негізгі бөлігі цитоплазма мен маңызды органоидтардан тұрады.