Биология кафедрасы


Шартты рефлекстердін түрлері



Pdf көрінісі
бет7/18
Дата22.02.2023
өлшемі361,36 Kb.
#169711
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
График проведения Нұржан крп, Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., демо 4, 7.2.1.2- географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді 7 сынып ҚМЖ, 9.12, 9.11 Каз. орографиялык нысандары, 9.15, Геог. және Жарат. 3-күн, Ресурс 7.3 Әлемдік экономиканың кеңістіктік модельдері, Ресурс 6.3 Географиялық кеңістік, Байшенов А.Н инклюзив баяндама, Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі», экология өмір қауіпсіздігі
Шартты рефлекстердін түрлері
. Шартты рефлекстер рецепторлардың тітіркенуіне жəне 
пайда болатын қызметіне байланысты, қозу мен тежелуге жəне олардың кезеңдеріне, пайда 
болу механизміне байланысты көптеген түрлерге бөлінеді. 
Тітіркенетін рецепторларына сəйкес экстерорецепті, проприорецепті жəне интерорецепті 
шартты рефлекстер болады. 
Экстерорецепті шартты рефлекстер шартты тітіркеңдіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне 
əсер еткенде пайда болады: көзге, құлаққа, иіс мүшесіне, дəм сезу мүшесіне, тері 
рецепторларына. 
Проприорецепті шартты рефлекстер қаңқаның бұлшық еттерін тітіркендіргенде, яғни оның 
проприорецепторларына əсер еткенде пайда болады. Бүл топтағы рефлекстерге адамның 
басы қозғалғаңда тепе-тендік (вестибулярлық) аппаратты тітіркендіру арқылы пайда болған 
тендік сақтау рефлекстері де кіреді. 
Интерорецепті шартты рефлекстер ішкі мүшелерді тітіркендіргенде олардың 
рецепторларына əсер ету арқылы пайда болады. Бұл топқа қанға түрлі химиялық заттарды 
жібергенде туатын автоматты шартты рефлекстер де жатады. Ондай жағдайда химиялық 
заттар интерорецепторларды (ішкі рецепторларды) тітіркендіріп жүйке жүйесіне тікелей 
əсер етеді. 
Туатын қызметтің түріне байланысты шартты рефлекстерді екіге бөледі: қимыл-қозғалыс 
жəне вегетативтік шартты рефлекстер. Вегетативтік шартты рефлекстердің өзін 
секреторлық, жүрек-қан тамырлық, тыныс алу, ас қорыту рефлекстері, ішкі секрециялық 
бездердің қызметін өзгертетін, зат алмасуын жəне иммунитетті өзгертетін рефлекстер деп 
бөледі. 
Рефлексті тудыратын қозу мен тежелудің кезеңдеріне қарай шартты рефлекстерді оң жəне 
теріс немесе жағымды жене жағымсыз рефлекстер деп атайды. 
Шартты тітіркендіргіштің əсерін күшейту үшін шартсыз тітіркендіргішті пайдаланғанда 
миды қоздыратын рефлекстерді шартты о ң немесе ж а ғ ы м д ы рефлекс дейді. Ал 
нығайтушы тітіркендіргіш, керісінше, мидың қозуын тежесе шартты т е р і с немесе ж а ғ ы 
м с ы з рефлекс деп атайды. Шартты оң рефлекстер кезінде мүшелердің қызметі пайда 
болады немесе бұрынғы қызметі одан əрі күшейеді. Шартты теріс рефлекстерде 
мүшелердің қызметі нашарлайды, тіпті тоқтап та қалады. 
Шартты рефлекстер шартты тітіркендіргіш болмаған жағдайда да пайда бола береді. 
Ондайда шартсыз тітіркендіргіш белгілі бір мерзім сайын əсер етеді. Мұны у а қ ы т қ а 
деген шартты рефлекс деп атайды. Бүл жағдайда уақыт шартты тітіркендіргіштің ролін 
атқарады. Мысалы, мезгіл-мезгіл жүректің соғуының өзгеруі немесе тыныстың тарылуы, 
немесе тамақ қабылдау кей кезде таңның атуы мен күннің батуы шартты тітіркендіргіш 
есебінде əсер етеді. 
Шартты рефлекс шартсыз тітіркендіргішсіз, бұрын шартты тітіркендіргіш ретінде 
пайдаланып, ұзақ мерзім шартсыз тітіркендіргішпен нығайтылған шартты əсерді пайдалану 
арқылы да пайда болады. Оны е к і н ш і д ə режелі рефлекс дейді. Бұрын шартты 
тітіркендіргіш ретінде пайдаланылған əсерлерді шартсыз тітіркендіргіштің орнына жұмсау 
арқылы үшінші, төртінші шартты рефлекстерді тудыруға болады. 
Шартты рефлекс топты тітіркендіргіштерге де туады. Мүндайда бейтарапты 
тітіркендіргіштер бірінен соң бірі əсер етіп, оның ең соңғысы шартсыз тітіркендіргіш пен 
бекітіледі. Ондай рефлекстерді комплексті шартты рефлекстер дейді. Бұлардың пайда 
болуы 
жеке 
тітіркендіргіштерге 
туған 
рефлекстер 
тəрізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет