И. М сеченов пен И. П павлов – жоғары жүйке әрекеті туралы ілімнің негізін салушылар



Дата13.11.2022
өлшемі120,12 Kb.
#157973
Байланысты:
Анатомия 3


1.
И.М Сеченов пен И.П Павлов – жоғары жүйке әрекеті туралы ілімнің негізін салушылар. Адамның психикалыққызметі мидың анатомиялық тұтастығы мен атқаратын қызметіне тәуелділігін ежелгі уақыттан-ақ жорамалданған. Ми зақымданғанда сананың, естің, сөздің және т.б. бұзылатыны мәлім болады. Бұл ми жайында саналы қызмет ету мүшесі туралы ойлауға мәжбүр етті. Отандық физиологияның негізін қалаушы И.М.Сеченов 1863 жылы «Ми рефлекстері» деген жұмысын жазып, онда психиканың аса күрделі құбылыстары сыртқы ортаның әсерімен қалыптасады, олар негізінен алғанда орталық нерв системасының рефлекторлық әсерлері болып табылады деп тұжырымдады. Мұнда адам мен жануарлардың рефлекстері жеке алынған бір мүшеге ғана таралатын тар шеңберлі әсерлер емес, бүкіл ортамен байланысын қамтамасыз ететін нерв әсерінің неғұрлым ортақ механизмдері ретінде қабылданды. И.М.Сеченов адамның бұлшық ет қимылдарын ғана емес, сондай-ақ мидың қызметін білдіретін сөзді де рефлекстерге жатқызды.
М.Сеченовтың кітабы – сол кездегі философия мен жаратылыстанудың озат идеяларының алғашқы талантты синтезі. Ол орыстың ағартушы-демократтарының (Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, В.Г.Белинский және т.б.) ұлы идеяларының әсерімен жазылған. И.П.Павлов бұл кітапты «Сеченов ойының кемеңгер шарықтауы» деп атады. Бұл – барлық тіршілік құбылыстарына, оның ішінде организмнің сыртқы ортамен өзара әсеріне табиғи-ғылыми анализді қолдануға шақыру болды.
И.М.Сеченовтың кітабы жарық көргенге дейін физиологтар психикалық процестерді мидың физиологиялық қызметі арқылы түсіндіру мүмкіндігі туралы еске алудан да қорқатын. Үлкне ми сыңарларының қызметін объективті және эксперимент арқылы зерттеуге И.М.Сеченов пен оның ізбасарлары ғана жол ашты, мұның өзі кейін жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы ілімді құруға мүмкіндік берді.
И.П.Павловтың рефлекстерді зерттеуіИ.П.Павловтың орталық нерв системасының едәуір ерте пайда болған түзінділері рефлекторлық әсерлерді тума (тұқым қуалайтын) нерв жолдары арқылы, ал үлкне ми сыңарларының қыртысы - жаңадан, яғни организмнің жеке тіршілігі процесінде сансыз көп тітіркендіргіштердің әсерімен қалыптасқан, яғни «жасалған» нерв жолдары арқылы жүзеге асыратынын эксперимент жүргізу негізінде дәлелдеді
2.

Темір Тоқтар


ФИИ -204

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет