Кіріспе Жүйеленім, систематика (грек. systematіkos – тәртіпке келтірілген), биологияда – Жер бетінде тіршілік ететін барлық организмдердің және бұрын тіршілік еткен организмдердің қазба қалдықтарының туыстық қарым-қатынасын, олардың жеке түрлері мен түрлер тобының байланысын зерттейтін биологияның бір саласы.
Филогенез немесе филогения (көне грек. φῦλον, phylon — тайпа, нәсіл мен көне грек. γενετικός, genetikos — туылумен байланысты), — - организмдердің тарихи дамуы. Биологияда филогенез биологиялық түрдің уақыт бойынша дамуын қарастырады. Биологиялық классификация филогенезге негізделген, бірақ ағзалардың филогенетикалық көрсетілімінен методологиялық көрсетілімі ерекшеленуі мүмкін.
Эволюция (лат. evolutіo – өрлеу, өркендеу), биологияда – тірі организмдердің орта мен жағдайға бейімделіп, өзін өзгертетіні, ортаға үйлескендері жасап, үйлеспегендері жойылып отыратыны туралы идея болып, осы өзгеріс себепті олардың қабілеті үздіксіз артып, төмен деңгейден жоғары деңгейге көтеріледі деп есептейтін теория. Эволюциялық ілімінің негізін қалауда Чарльз Дарвинның еңбегі зор. Ол ашқан ең маңызды жаңалыққа дейін көптеген ғалымдардың еңбегі болды. Эволюциялық үдерістер зандылығы өте күрделі және ғалымдар күні бүгінге дейін толық анықтай алған жоқ. Алайда эволюцияның неге жүретіні бізге нақтылы белгілі.
Эволюция терминін алғашқы рет швейцарлық табиғаттанушы және философы Шарль Бонне 1762 жылы эмбриологияға арналған еңбектерінде пайдаланды.
Флористика (лат. флора) — Жер шарындағы және оның жеке аймақтарындағы флоралар құрамындағы өсімдік түрлері, олардың өзара қатынасы, шығу тегі, ерекшеліктері туралы ғылым; ботаника саласы.
Флористика ұғымы жер шарындағы өсімдіктердің түрлерін, қатынастарын, шығу тегі, ерекшелітері туралы зерттеуші ғылым болса, систематика (жүйеленім) ұғымы Жер бетіндегі барлық организмдердің және бұрын тіршілік еткен организмдердің қазба қалдықтарының туыстық, жеке түрлері мен түр тобының байланысын зерттейтін биологияның бір саласы.