Жүйеленім, систематика


Өсімдіктерге система-тикалық шолу



бет3/7
Дата07.02.2022
өлшемі27,32 Kb.
#95672
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Botanika 1 tapsyrma

Өсімдіктерге система-тикалық шолу.
Өсімдіктер систематикасы — осы кезде өскен және қазбадан табылған өсімдіктерді туыстық жақындығына қарай систематикалық топтарға бөлетін ботаника ғылымының бір саласы. Өсімдіктер систематикасысының алдына қоятын мақсатына сай флористикалық немесе классификациялық, систематикалық, филогенетикалық зерттеу салалары бар.
Классификациялық өсімдіктер систематикасы әр түрлі өсімдік организмдерін ұқсастық және ерекшеліктеріне қарай таксон деп аталатын топтарға жіктейді. Классификациялық зерттеулерінің негізіне «түр» таксоны алынады. Бір-бірімен туыстық тегі жақын түрлер туысқа, ал бұлар тұқымдасқа біріктіріледі. Мысалы, әр түрлі астық тұқымдас өсімдіктер (бидай, қара бидай, атқонақ, бетеге, қоңырбас т,б,) бір тұқымдасқа топталынады. Бір-бірімен туыстығы жақын тұқымдастар қатар деп аталатын ірі топқа, ал қатарлар бұдан ірі топ - класс және бұның өзі бөлімге біріктіріледі. Өсімдіктер систематикасыжетік болуы үшін белгілі бір таксон ішіндегі топтты ұқсастығы мен айырмашылығына қарай 1-2 немесе бұдан да көп тармаққа топтап жіктеледі. Мысалы, түр құрамында түр тармағы, географиялық нәсіл, туыс таксонында туыс тармағы т.с.с. болады.
Дүние: Өсімдіктер
Бөлім: .......
Класс: .......
Қатар: .......
Тұқымдас: .......
Туыс: ......
Түр: ......
Филогенетикалық өсімдіктер систематикасы барлық таксондар ішінде, түр құрамындағы таксондар арасындағы туыстық қатысты, әр түрлілігін, әр таксонның пайда болу тегін зерттейді. Филогенетикалық өсімдіктер систематикасы өсімдік дүниесі жүйесін құруға әр түрлі ғылым салалары (эмбриология, экология, физиология, биохимия т.б.) деректерін пайдаланады.
Өсімдіктер дүниесі бөлімдері
Қыналар бөлімі
Қыналар – өсімдіктердің ішіндегі ең көп тараған, күй талғамайтын, ерекше құрылысты организмдер тобы. Бұлар – балдырлар мен саңырауқұлақтардың селбесіп тіршілік етуінің нәтижесінде құралған морфологиялық, физиологиялық және экологиялық өз алдына жеке қасиеттері бар өсімдік. Қыналардың морфологиялық құрылысы мен көлемі – алуан түрлі.
Мүктәрізділер бөлімі
Мүктәрізділер — жоғары споралыларға немесе архегонийлерге жататын өсімдіктер. Қылқанды жапырақты дымқыл ормандар мен шалғындықта өсетін аласа өсімдік. Құрылысы қарапайым: тамыр болмайды, көпшілігінің денесінде жапырағы мен сабағы ғана бар. Анатомиялық жағынан олардың денесі белгілі ұлпаларға жіктелмеген. Денесінің вегетативтік бөлімдерінің ұшында көптеген жыныс мүшелері (антеридий, архегоний) дамып жетіледі. Мүктердің ұрықтануы тек сулы ортада ғана жүзеге асады. Мүктердің жыныс мүшесі орналасқан вегетативтік денесі мүктің жынысты ұрпағы, ол гаметафит деп аталады, ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан спорогон (спорогоний) дамып жетіледі. Спорогон мүктің жыныссыз ұрпағы болады да, ол спорофит деп аталады. Мүктердің дамуында екі ұрпақ дұрыс ауысып отырады да, бұлардың басым болып келетіні жынысты ұрпағы – гаметофит, ал жыныссыз ұрпағы-спорофит бірнеше күн өсіп тұрады да, гаметофитке мүлде тәуелді болады. Бауыр мүктер класы. Маршанциялар қатары. Талломдарының ерекшеліктері. Жапырақ сабақты мүктер немесе мүктер класы (Musci, Bryopsida). Сфагнум мүктер қатары. Сфагнум туысы. Экологиясы, таралуы, маңызы. Жасыл мүктер қатары. Жасыл мүктердің алуан түрлілігі. Өкілдері: көкек зығыры, фунария, дикранум.
Псилофиттер бөлімі Риниофиттғердің тіршілік еткен уақыты. Риниофиттер жоғары сатыдағы өсімдіктердің қарапайым және ең көне тобы өкілдері: риния, хорнеофитон.
Плаун тәрізділер бөлімі
Спорофиттік мүшелері – тамыры, сабағы және спираль жиі орналасқан жасыл жапырақтары болады. әртүрлі споралылық. Плаундар қатары. Түйреуіш тәрізді плаун тең споралы плаун. Селагинеллалар қатары. әр түрлді споралы өкілі селагинелла. Полушниктер қатары. Спорофитінің құрылысы. Плаун тәрізділердің шығу тегі және эволюциясының негізгі бағыттары.
Қырық буындылар немесе бунақтылар бөлімі
Қырықбуын сабағының буын аралығы қамыстікі сияқты қуыс болады. Сабағы буын және буын аралықтарынан тұрады. Спорангийлері спорангоифорларда болады,бұл спорофилдерге гомологты болып табылады. Спорангийлерде споралар дамып жетіледі. Қырық буындылар қатары. өкілі дала жылбұрыны немесе дала қырық буыны. Папортник тәрізділер бөлімі немесе полиподиофиттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет