Жіті ринит – мұрын кілегей қабатының қабынуы. Этиологиясы



Дата24.11.2022
өлшемі88,07 Kb.
#159698
Байланысты:
Ринит


ЖІТІ РИНИТ
Жіті ринит – мұрын кілегей қабатының қабынуы.
Этиологиясы: вирустар, микроорганизмдер, аллергиялық, термиялық, механикалық және химиялық тітіркендіргіштің әсері.
Патогенезі: аурудың даму негізінде- жүйкелі – рефлекторлы механизм жатыр. Аталған себептердің әсерінен – мұрын кілегей қабатының ісінуі және шырыштың көп бөлінуі дамиды. Эпителийдің сыдырылуы және талшықтардың жабылуы жүреді.
Клиникасы: ағымында 3 сатыны ажыратады.
1. Құрғақ немесе тітіркену 1 тәулікке дейін кейде одан да жоғары.
2. Шырышты бөлінулер (2-3 тәулік).
3. Кілегейлі – іріңді бөлінулер.
Аурудың басынан 3-4 тәуліктерде басталып бірнеше күнге созылады. Ересек балаларда алдымен мұрынның құрғау сезімі, мұрын жұтқыншақтың ашуы, мұрын арқылы дем алудың қиындауы, жас ағу, бас ауруы болады, иіс сезу төмендейді, дауыс мұрын арқылы шығады. Бірнеше сағаттан кейін кілегейлі шырышты бөлінулер пайда болып, қою кілегейлі бөлінуге алмасады. Бөлінулер мұрынға кіреберісте терінің тітіркенуін тудырады. Баланың жалпы жағдайы бұзылады:

  • Қалтырау.

  • Дене қызуының жоғарлауы.

  • Қабыну мұрын қуысынан қосалқы қуыстарға, жас мұрын каналына, дабыл қуысына, көмейге, кеңірдекке, бронхыларға, өкпелерге жайылуы мүмкін.

Кеуде жасындағы балаларда ринит жұтқыншақ жағынан қабыну үрдісімен жүреді – ринофарингит деп атайды.
Тыныс алудың бұзылуы – кеудені соруды қиындатады. Бала ананың емізігін алып, бірден тастайды. Тыныс алмау: ұйқының бұзылуына, мазасыздыққа, салмақ төмендеуіне соқтырады, дене қызуының жоғарлауы ұзақ уақыт сақталып, науқастың жағдайын қиындатады, жөтел пайда болады және түрлі уақытта байқалады.

АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РИНИТ
Аллергиялық ринит – түрлі аллергендер әсерінен дамиды. Дене қызуының жоғарлауы болмайды. Бала үнемі түшкіреді. Көздері қышиды. Мұрын қуыстарының кілегей қабаты бозғылт, қабыну белгілері жоқ. Мұрыннан жағынды алған кезде – эозинофильдер санының көбеюі анықталады.
Емі: тыныс алу жолдарының өтімдігін қалпына келтіруге, қабыну үрдісін жоюға бағытталады.
Жергілікті емі:

  1. Вирусқа карсы майлар (лейкоцитарлы интерферон)

  • 0,25 - 0,5% - оксолин

  • 0,5% - флореналь

  • 0,05% - бонафтон

  • 0,25% - риодоксол

  1. Тамырды тарылтушы әсерімен тамшылар

  • 0,05 - 0,1%- нафтизин

  • 0,05 - 0,1%- галазолин

  1. Антисептикалық және байланыстырушы қасиеті бар - дәрілік заттар:

  • 1% - резорцин

  • 0,1% - риванол

  • 2% - колларгол

  • 20% - натрий тиосульфаты

  1. Иммунды ынталандырушылар (0,01% тимоген)

  2. Күрделі құрамды тамшылар (пиносол) тамыр тарылтушы препараттарды аурудың басында көлемді сұйықтық бөліну негізінде тағайындағаны дұрыс. Олардан кейін антисептикалық әсері бар дәрілерді енгізеді. Тамырды тарылтушы тамшыларды ұзақ қолдануға болмайды, себебі олар ісінудің күшеюін тудырады. Кеуде жасындағы балаларға тамақтануға дейін 15-20 минут бұрын енгізеді (мұрын бітелуі болмайды).

Емі: ем жүргізгенде рефлекторлы әсерлерді кеңінен қолданады. (балтыр бұлшық еттеріне қыша қағаздарды, құрғақ қышаны шұлыққа салады. Ыстық аяқ ванналары, жалпы жылы ванналар). Дабыл қуысының перфорациясын болдырмау үшін - балаларды мұрын қуысын дұрыс тазалауды үйрету. Мұрын маңының тітіркенуі кезінде - өсімдік майын жағу. Аталған үрдістерден кейін - баланы жылы киіндіру, төсегіне жатқызу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет