Дабыл түймесін қалай орнатамыз



бет1/3
Дата04.02.2023
өлшемі24,75 Kb.
#167405
  1   2   3
Байланысты:
Дабыл түймесін қалай орнатамыз
4 сынып ББЖМ 2023ж

Дабыл түймесін қалай орнатамыз
Білім беру ұйымдарында балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Білім беру қызметі үшін қауіпсіз орта ұсыну, сондай-ақ оқу орындарын күзет жүйесімен жарақтандыру БҰ басшысының міндетіне кіреді. Дабыл түймесін орнату – осындай қорғаныс тәсілінің бірі. Ұсынымнан білім беру ұйымына дабыл түймесін орнатудың негізгі талаптарын біле аласыздар, сондай-ақ дабыл түймесімен жұмыс жөніндегі нұсқаулықты табасыздар.
Дабыл түймесіне қойылатын талаптар
Білім беру ұйымын (бұдан әрі – БҰ) жарақтауға қойылатын негізгі талаптарға бейнебақылау мен сигнализация жүйесін орнату ғана емес, сонымен бірге дабыл түймесінің болуы жатады. Заманауи құралдарды қолданбай қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұл БҰ-дағы қорғаныс деңгейінің өсуі мен жаңа технологияларды енгізуді талап етуіне байланысты.
Дабыл сигнализациясы түймесі (ДСТ) – бұл қауіп төнген кезде күзетті немесе полиция жасағын шұғыл шақыруға мүмкіндік беретін механикалық құрылғы. Күзет ұйымының орташа келу уақыты – түймені басқан соң 8–10 минут.
Білім беру ұйымдарында ДСТ-ның екі түрі болуы мүмкін:

  • стационарлы түйме – үнемі күзет тұратын аймаққа қабырғаға, еденге немесе үстелдің астына орнатылады;

  • ұтқыр құрал – көбіне күзетте не БҰ-ның кезекші қызметкерінде болатын салпыншақ түріндегі түйме (ҚР Үкіметінің 2021.06.05 № 305 қаулысының 1-параграфының 53-т. 2) тарм.).

Дабыл сигнализациясы түймесі – бұл терроризмге қарсы қорғаныс шарасы. Білім беру ұйымы объектілері террористік тұрғыдан осал объектілерге жатады (ҚР Үкіметінің 2021.12.04 № 234 қаулысының 1-тарауының 5-т. 6) тарм.). 2021 жылғы мамыр айында Үкімет қаулысымен осындай объектілерді терроризмге қарсы қорғауға қойылатын талаптар бекітілді. Егер бұрын бұл талаптар ұсынымдық сипатта болса, енді білім беру ұйымдары міндетті түрде жаңа жүйелермен жарақтандырылады.
БҰ-да дабыл түймесі жиі қолданылмайды, алайда құрылғыға техникалық тексеріс жүргізу өте маңызды. Ол жұмысқа жарамды әрі қажет кезде толық іске қосылатындай болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет