Ми сыңарлары туралы жалпы мәлімет Ми сыңарларының қызметі Ми сыңарларынын дамуы



Дата16.01.2022
өлшемі396,01 Kb.
#112492
Байланысты:
үлкен ми
10 жар ТЖБ, Креативті ойлау, Pd, СРСП 4, Документ Microsoft Word (2), 1. Äûáûñòû? áè³êò³ã³ àíû?òàëàäû æè³ë³ã³ Äûáûñòû? ôèçèêàëû? øàìà, 5 лек БДШ

Үлкен ми сыңарларының қызметі

Жоспар:

  1. Ми сыңарлары туралы жалпы мәлімет

  2. Ми сыңарларының қызметі

  3. Ми сыңарларынын дамуы

Ми сыңарлары туралы жалпы мәлімет

Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шарлары). Үлкен ми сыңарлары мидың ең үлкен, ең маңызды бөлімі. Адам миының барлық салмағының 80%-ын ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 миллиард нерв клеткалары бар, яғни орталық жүйке жүйесінің нейрондарының тең жартысы осы ми сыңарларында орналасқан. Ми сыңарлары қызметін жоғары жүйке әрекетіне жатқызады. Ол өзінен төмен орналасқан орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметін реттеп отырады. Бүған қоса, біздің санамыз, ойлау қабілетіміз осы ми сыңарларының қызметіне негізделген.

Құрылысы жағынан ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен түрады: мандай, орталық, төбе, шүйде және самай.

Ми сыңарларының сыртында нейрондардың денесінен тұратын қалыңдығы 2-4 мм сұр затты ми жарты шарларының қыртысы немесе м и қ ы р т ы с ы деп атайды. Ми жарты шарларының қалған аумағы миелин қабығымен қапталған нерв клеткаларының аксондарынан тұрады.

Ми сыңарларының қызметі

Сол жақ жарты шар

Оң жақ жарты шар

Сөйлеу, түсіну, ойлау, тану, уақытты аңғару, ұқсастықты, байқау, көріністі белгілеу, болжау, түсіну, қабылда ғанды талдау, білу, бағдарлау, оқиғалардың кезекті тәртібін аңғару, тұжырым-тәртібін аңғару, тұжырымлердің алыс-жақындығын жоспарлау, ойлау

Есту, сөзсіз іс-қимыл, кеңістікті қабылдау, заттарды тұтас түрінде қабылдау, заттардың айырмашылығын білу, олардың функциялық ұқсастығын байқау, нәрсе байқау, дәл осы сәттегі оқиғаны сезу



Ми сыңарларынын дамуы.

Бір жастағы баланың ми сыңарларының маңдай бөлімі нашар дамыған, оның сайлары мен қатпарлары ұсақ, таяз, қысқа болады. Олардың ми сыңарларының нейрондар саны ересектермен бірдей болғанымен, пішіндері қалыптаспаған, 14 түрлі болып дифференцияланбаған. Тек қана 1-ші жылдың аяғында 6-7 қабаттағы нейрондар қалыптаса бастайды. Ми қыртыстарының қызметі нашар, қыртыс асты бөлімін бақылауы төмен дәрежеде, жұлынға ықпалы аз болғандықтан баланың ретсіз қимылдары көп болады.

2-3 жастың арасында ми жарты шарларының құрылысы мен қызметі жетіле бастайды: ми қыртысы жұлынды толығынан бақылауына алады. Сондықтан бала кеңістікте қозғала алады: жүреді, секіреді, жүгіреді. Ми қыртысының нервтік байланыстары көбейеді, 2-ші сигнал жүйесі күшті дамып, 3 жастағы баланың мыңға жуық сөз қоры жиналады.

4-6 жас арасыңда баланың сезім және қимыл-қозғалыс аймақтары қалыптасады, ал байланыс және қозғалыс аймақтарының дамуы ересек адамның 80% шамасында. Функциялық жетілуі төмендеу болғандықтан жүйке орталықтарының тежелуі - нашар, қозуы - тез, жайылады (иррадиацияланады): бала тез қозады, әсіресе, ойнағанда; жаман ұйықтайды; ұйықтап жатқанда мазасызданады т.с.с, өзінің көңіл күйіне ие бола алмайды: оның ішкі сезімін көзінен көруге болады

7-13 жаста ми қыртысының үшінші қабатындағы пирамида тәрізді клеткалары қалыптаспаған, байланыс бөлімінің нейрондары миеленденіп болмаған. Сондықтан ойлау қабілеті, санасы толық жетілмейді. Ойлау қабілеті өлі де болса нақтылы тітіркендіргішке байланысты. Нақтылы жағдайда, нақтылы затқа сәйкес болып келеді.

Бастауыш сынып оқушылары тез қозады, үзіліс кезінде, түрлі ойындардан кейін тез қозып, ұзаққа дейін тыныштала алмайды. Қозу мен тежелуі әлсіз болғандықтан 45 минут бойы сабақта қозғалмай отыру балалар үшін жүйке жүйесінің көп қызметін қажет етеді. Сондықтан сабақ кезінде мезгіл-мезгіл балалардың еңбегін түрін ауыстырып, тежелуді болдырмауға тырысқан дұрыс.

Жалпы, 7-13 жас арасы баланың ми қыртыс қызметінің бірсыпыра жоғарылаған мерзімі. Бұл кезде ол көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын толық бақылауына алады. Сондықтан баланың көзіне қарап, көңіл-күйін білу қиындайды, баланың қимылдары жылдам, ақыл-ойы, ойлау қабілеттері болады. Ойлау қабілеті тікелей сөз әсеріне байланысты дамиды.

Үйге тапсырма:

  1. Тақырып бойынша лекция материалдарын өндеп жазу. (Теория материалдар қосымша берілген). – Жазбаша

  2. Практикалық жұмысты орындау /екі тест бойынша жауаптарын жазбаша беру/

  3. Ми тақырыбы бойынша 20 тест сұрақтарды құрастыру /уш жауап, соның ішінде дұрыс жауабын белгілеу/


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет