Балалардағы туберкулез. Дотс бағдарламасы



Дата23.05.2020
өлшемі20,25 Kb.
#70798
түріБағдарламасы
Байланысты:
Балалардағы туберкулез. ДОТС бағдарламасы.


Балалардағы туберкулез. ДОТС бағдарламасы.

 

аурудың  себептері



эпидемиологиясы, жіктелуі,

клиникалық балгілері,

диагностикасы

алдын алу  түрлері

 

Туберкулез - микобактериялармен шақырылған созылмалы жұқпалы ауру.      Туберкулез ауру ерте заманнан белгілі. Осы ауруға қарсы арнайы егу жұмыстары жүргізілмеген кезде, оның қоздырғышы анықталмаған кезде, аурудың балалардың арасында көп таралуымен  қатар одан өлім де көп болатын. Туберкулезді әлеуметтік аурулар қатарына жатқызады, өйткені ол үй- тұрмыстық  жағдайлары нашар, көп балалы отбасындағы балаларда, жалпы экономикасы төмен, нашар дамыған елдерде жиі кездеседі. Кейінгі жылдардағы еліміздегі экономикалық дағдарыстармен байланысты туберкулез ауруы  «күшіне еніп отыр».

 

 Әлемде жыл сайын туберкулезден 2 миллиондай адам өлімге ұшырап отырады. Олардың ішінде миллионға жуығы әйелдер. Туберкулезден өлген әйелдер өлімінің саны, барлық аналар  өлімімен салыстырғанда әлдеқайда артық. Жетім қалған балалар санын осыдан-ақ білуге болады.



 

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы алдымыздағы 20 жылдың ішінде туберкулезбен тағы 200 миллион адам ауырып, 70 миллион адам өлуі мүмкін деп ескертеді.

 

Егер әрбір адам туберкулез туралы жетік білсе және бұл тұрғыда өзінің білімін күнделікті өмірде қолданса, аталмыш дерттің өршуіне және таралуына тосқауыл қоюға болады.



 

Туберкулезді емдеуде және алдың алуында орта буынды медицина қызметкерлерінің жұмысының маңызы  зор.

 

Аурудың қоздырғышы – туберкулез микобактериялары немесе КОХ таяқшалары.Оларды 1882 жылы ашқан Роберт Кох деген ғалымның құрметіне аталады.Олар өте төмен температурада, кепкен күйінде де тіршілігін сақтайды, әртүрлі қышқылдар, негіздер және спирт те әсер етпейді.



 

Таралу жолдары. Таяқшалар ауа-сілекей, шаң-тозаң,тамақ және плацента арқылы тарайды.

 

Аурудың көзі – ауру адам және ауру мал. Микобактериялардың организмге ену жолдары: жоғарғы тыныс жолдарының және ас қорыту ағзаларының шырышты қабаты арқылы, өте сирек жағдайларда ауру анасынан құрсақтағы балаға плацента арқылы өтеді.



 

Патогенез. Кох таяқшалары организмге жоғарыда аталған жолдар арқылы еніп, қанға және лимфаға өтеді. Осы  бактериемия 8 күннен 11 айға дейін белгі бермей созылуы мүмкін.

 

Жіктелуі.



 

1.Туберкез интоксикациясы:

 

А) ерте туберкулез интоксикациясы;



 

Б) кеш  туберкулез интоксикациясы;

 

2. Тыныс алу ағзаларының туберкулезі:



 

А) біріншілік туберкулездік жиынтық;

 

Б)  өкпенің ошақты туберкулезі;



 

В) өкпенің инфильтративті туберкулезі;

 

Г) туберкулездік бронхоаденит;



 

Д) туберкулездік плеврит;

 

Е) жоғарғы тыныс жолдарының туберкулезі;



 

3.Басқа ағзалардың туберкулезі:

 

А) сүйек туберкулезі;



 

Б) лимфа түйіндерінің туберкулезі;

 

В) туберкулездік менингит;



 

Г) тері қабатының туберкулезі;

 

Д)зәр шығару және жыныс ағзаларының туберкулезі;



 

Клиникасы.

 

Туберкулез  интоксикациясы – ерте және кеш туберкулез интоксикациясы болып екіге бөлінеді. Ерте туберкулез интоксикациясында микобактериялар организмге енгенмен, әлі белгілі бір ағзаға шоғырланып үлгермеген, балада жалпы жағдайының бұзылу белгілерімен байқалады: бала тез шаршағыш, мазасыз, ұйқысы бұзылған, басы жиі ауырады, көп терлейді, салмағын қоспайды, субфибрильді температкра байқалады. Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді. Қан анализінде: лейкоцитоз, эозинофилия анықталады. Аталған белгілер 1-4 айға деін созылады, дер кезінде анықталып, ем жүргізілсе, бала айығып кетеді. Кейде созылмалы туберкулез интоксикациясына немесе таберкулездің басқа түріне айналып асқынады. Аталған ерте туберкулез интоксикациясының белгілері туберкулез виражынан кейін 6 -12 айдан өткесін де байқалса, ол созылмалы туберкулез интоксикациясына айналған. Оның өзі 2 түрде – жеңіл және ауыр түрлерінде өтеді.Жеңіл түрінде баланың жалпы жағдайы көп өзгермейді, кейде ғана тез шаршағыштық, мазасыздық, төмен субфебрильді температура байқауға болады. Ауыр түрінде – баланың жалпы жағдайы өзгереді, интоксикация белгілері анығырақ білінеді, шеткі лимфа түйіндері ісініп, қатаяды.Баланың жиі-жиі көзі ауырады, кейде аяқ- қолында, санында қошқыл түсті бөртпелер аңықталады. Қанда лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылайды.Дұрыс ұйымдасттырылған ұзақ уақыт ем жүргізілсе бала жазылып кетеді.



 

Біріншілік туберкулездік жиынтық- туберкулездің бұл түрінде инфекция өкпе тканін зақымдап, туберкулездік қабыну ошағы (Гон ошағы) пайда болады. Сонымен қатар, қабыну процесі өкпе лимфа түйіндерін де қамтиды.

 

Аурудың белгілері интоксикация белгілерінен басталады:алғашқыда жоғары температура (38-39 С), кейіннен ұзақ уақытқа созылатын субфебрильді температураға айналады. Осымен қатар тыныс алу ағзалары тарапынан өзгерістер анықталады: сирек, құрғақ жөтел, өкпенің зақымданған тұсында перкуторлық өкпе дыбысының тұйықталуы, тыңдап көргенде- дем алысының, өкпе дыбысының әлсіреуі, сирек естілетін құрғақ сырылдар. Рентгенограммада: өкпедегі қабыну ошағы және үлкейген лимфа түйіндерінің қатайғанын – петрификаттар мен кальцинаттарды көруге болады. Қанда лейкоцитоз, лимфопения, эозинофилия, өте жоғары ЭТЖ 35-40 мм/ сағатына анықталады. Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді. Уақытында диагноз анықталмай, дұрыс ем жүргізілмесе, асқынулары – плевритке, кавернозды, инфильтративті, милиарлы туберкулезіне пайда болады.



 

Туберкулездік бронхоаденит – туберкулездің балаларда ең жиі кездесетін түрі, өкпе түбіріндегі лимфа түйіндерінің қабынуымен сипатталады. Ауру жоғары температура, жалпы жағдайдың өзгеруі және интоксикация белгілерінен басталады. Рентгендік тексерісте үлкейген өкпе- бронх  лимфа түйіндеріне көре аламыз.Нәтижесінде қабыну процесінің беті қайтып, лимфа түйіндерінде кальцинаттар қалады.

 

 Өкпенің ошақты туберкулезі. Өкпеде, бірнеше сегменттерде, диаметр 1см- дей қабыну ошақтарының пайда болуымен сипатталады. Клиникалық белгілнрі әлсіз білінгендіктен, тек флюрографиялық тексеріс кезінде анықталады.



 

Өкпенің инфильтративтік туберкулезі. Өкпедегі экссудативті қабыну өзгерістерімен сипатталады: пневмония,тұмау белгілеріне ұқсас басталғандықтан, ажырату қиын болады. Диагнозды толық анықтау үшін рентген тексеріс пен Манту белгісіне сүйенеміз.

 

Туберкулездік плеврит. Туберкулездің бұл түрі көбінесе аллергияға бейім балаларда кездеседі. Басталуы жедел, дене қызуы 38-39 С баланың көкірегі, бүйірі шаншып  ауырады.Зақымданған жағындағы көкірек клеткасының қозғалысы қалық болады. Осы жағында перкуссия арқылы толық тұйық дыбыс анықталса, аускультация арқылы өкпе дыбысын ести алмаймыз. Рентгенограммада - өкпе ткані көрінбейді.



 

Туберкулездік менингит. Барлық жастағы балаларда кездеседі. Кейінгі жылдары БЦЖ вакцинасын егу арқылы  туберкулездің бұл түрінің саны азайды. Аурудың клиникасы: байқалмас баланың қатты басы ауруы, себепсіз құсуы, бұлшық ет  тонусының жоғарылау анықталады. Одан кейін шыңғырып жылау, брадикардия, менингеальды белгілер – желке бұлшық еттерінің тартылуы ( Керниг – Брудзинский симптомы). Диагнозды анықтау үшін жұлын-ми сұйықтығын тексеру, немесе Манту белгісін қою көмектеседі.Жұлан-ми сұйықтығының құрамында белок мөлшері жоғарылайды 0,66-2,0% ге дейін, ( норма 0,2-0,3%), 100-600 дейін лимфоцитті лейкоцитоз анықталады

 

Диагноз қою.



 

Мұқият анамнез жинау;

аурудың клиникалық белгілерін ескеру;

лабораториялық зерттеулерге сүйену:

қанның, зәрдің жалпы анализдері;

қақырықтың, жұлын сұйықтығының  бактериологиялық тексерістері;

 рентгенография, рентгеноскопия, томография, флюрография

туберкулинодиагностика: манту белгісін қою.

 

 

 Манту белгісін қою  үшін туберкулин препараты қолданылады. Белгіні білектің іщкі жағының ортаңғы бөлігіне тері ішіне, арнайы туберкулин шприці мен инесі арқылы 1 балаға 0,1 мл дозада егу түрінде жүргіземіз. Белгі дұрыс қойылса, егілген жерде лимонның қабығы тәрізді төмпешік ( папула) пайда болады. Манту белгісінің нәтижесі 48-72 сағаттан кейін оқылады. Ол үшін, мөлдір пластмасса сызғышпен  егілген жердегі пайда болған ісік (папула) немесе қызарудың диаметрін өлшеу керек.



 

Манту белгісінің нәтижелері:

 

Егілген жерде тек иненің орны немесе папула өте кішкентай – диаметрі 1 мм екені анықталса, бұл теріс  нәтиже болып саналады.



Папуланың диаметрі – 2-4 мм болса немесе папула жоқ , тек қана қызару аныкталса, бұл күмәнді нәтиже.

Папуланың диаметрі – 5 мм және одан жоғары болса оң нәтиже.

Папуланың диаметрі 17 мм – ден де жоғары болса гиперергиялық реакция болып табылады.

Туберкулез белгілері болмай, бірақ манту белгісі өмірінде бірінші рет оң нәтиже берген жағдайды вираж деп атайды.  Бұл балалар диспансерлік есепке алынып 3 ай бойы тубазид немесе изониазидпен химиопрофилактика жүргізіледі. 1 жылдан соң қайта манту белгісі қойылады. Нәтижесі теріс болған жағдайда диспансерлік бақылаудан алынады. Оң болған жағдайда баланы толық тексеріп, диагноз қойылып емделінеді.

 

Емдеу.Туберкулездің емі кешенді ( комплексті) түрде, үзіліссіз сатылап, ұзақ жүргізілуі қажет. Емдеудің 1-ші сатысы арнайы туберкулез диспансерінде жүргізіледі. Емнің негізгі бір шарты – таза ауаны кеңінен қолдану. Ауру баланы жылдың кез- келген мезгілінде таза ауамен қамтамасыз ету қажет. Сондықтан да туберкулез диспансері орманды, тоғайлы, ауасы өте таза  жерлерге орналасқан жөн. Күн тәртібі – бала ауыр жағдайларда ғана төсек режимінде болады. Баланың  ұйқысы тыныш, ұзақ  болуы керек. Тамақтандыру ерекшелігі – баланың жасына қарағанда калориясы 15-20 % артық тағамдар тағайындалады. Тамақ құнарлы, витаминдерге бай, алуан түрлі болуы керек. Туберкулездің емінде қымыз, қымырын кеңінен пайдаланылады.



 

Дәрілік ем:1. Антибактериальды- кейінгі жылдары итальяндық ғалымдар жүргізген көптеген лабораториялық және клиникалық зерттеулерден соң ең  тиімді, ең таңдаулы 5 түрлі дәріге тоқталған: рифампицин, стрептомицин, пиразинамид, изониазид, этамбутол.

 

2.Витаминдер



 

Қан, плазма құю

Кортикостероидтар

ДОТС жоспарымен емдеу. Туберкулезді ДОТС жоспарына сәйкес емдеудің  негізгі принципі – тікелей бақылаулы, қысқа мерзімнің ішінде қарқынды, белсенді ем жүргізу болып табылады. Микобактериялардың сыртқа бөлінуі тоқтағанша арнайы туберкулез диспансерінде, одан кейін бактериялар толық жойылғанша амбулаториялық жағдайда ем жалғастырылады. Ем жүргізу үшін жоғарыда аталған негізгі 5 препарат қолданылады:H-изониазид, R-рифампицин, Z- пиразинамид, S- стрептомицин, E- этамбутол.

 

Туберкулезді емдейтін дәрілердің жанама әсері



 

Туберкулез ауруы алғаш анықталған науқастардың 5-10 % да дәрінің мынандай жанама әсерлері байқалады: тәбеттің төмендеуі, жүректің айнауы, құсу, дененің қышуы, іштің ауруы, терінің және көз шарасының сарғаюы, буындардың ауруы, көздің көруінің төмендеуі.Негізінде жоғарыда айтылған дәрінің жанама әсерлерің емді тоқтатпай-ақ қайтаруға болады.

 

Дәрінің жанама әсерін немесе жақпағанын дәлелдемей емді тоқтату туберкулездің мультирезистенттік ( дәріге төзімді) және созылмалы түрінің пайда болуына алып келеді.



 

Мультирезистенттік ( дәріге төзімді) туберкулез- туберкулездің ең қауіптігі түрі. Себебі, туберкулез таяқшалары ауруға  қарсы қолданатын негізгі дәрілерге бой үйретіп алады.

 

Мультирезистенттік туберкулез – ауруды дұрыс емдеумен нәтижесінде, әсіресе қандай да бір сылтаумен дәрі қабылдауды тоқтатқаннан пайда болады. Аурудың бұл түрін емдеу өте қиын, әрі ұзаққа кем дегенде 18-21 айға созылады. Сондықтан туберкулезбен ауыратындар, олардың жақындары, емдеу жұмысына  қатысатын барлық медицина қызметкерлері туберкулезді емдеу барысында емді ешқашан үзуге болмайтынын білуі тиіс.



 

Емнің барысында, аяғында қақырықтың барлық анализінде туберкулез таяқшалары табылмаса, ем нәтижелі болды деп есептеледі. Бұл жағдайда дәрігер науқас туберкулезден толық жазылды деп шешім қабылдайды, ал ауырған адам сау адамдар қатарына қосылып, отбасында, жұмыста, басқа да қоғамдық орындарда еркін жүре алады.

 

Аурудан жазылған адамдардың кейбіреуінде жағымсыз факторлардың әсерінен ( нашар тамақтану, жиі суықтап қалу, қатты шаршау, маскүнемдікке, нашақорлыққа салыну т.б) туберкулездің қайталануы мүмкін. Сондықтан, туберкулезден емделіп жазылғандардың бәрі, егер жөтел қайта қайталанса дәрігерге дереу қаралып, қақырығында туберкулез таяқшаларының бар-жоқтығын тексертуі керек.



 

Туберкулездың арнайы алдын алуы.



 

Бала туылғаннан кейін 2-4 күндері перзентханада 0,05 мг (0,1мл) тері ішіне БЦЖ вакцинасы егіледі.



БЦЖ ревакцинациясы бала мектепке барғанда 1 сыныпта қыркүйек айында жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет