Сабақ Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі»



бет1/4
Дата31.07.2017
өлшемі0,94 Mb.
#22382
түріСабақ
  1   2   3   4
9 жалпы білім беру орта мектебі


Ашық сабақ


Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі»

Сынып жетекшісі: Юсупова А
Сыныбы: 0 «Ж»


2016-2017 ж.

Сабақтың тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі» ертегісі.

Мақсаты:

  1. Балаларға «Жеті қазынаның бірі» ертегісінің мазмұнын түсіндіру.

  2. Сұрақтарға толық жауап беру арқылы тілдерін дамыту.

  3. Жеті санының киелі екенін және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың осындай таным-түсініктері көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.

Көрнекілігі: жеті қазына бейнеленген суреттер.

І. Ұйымдастыру.

1. Сәлемдесу.

2. Балалар, біз бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық.

Адал жақсы ниетпен,

Бар адамға бақ тілеп.

Жарып шыққан жүректі,

Сөздің бәрі ақ тілек.

Балалар, біз өткен сабақта көшедегі көптеген көлік түрлерімен танысып едік. Еске түсіру мақсатында қандай көлік түрлерін білетінімізді қайталап алайықшы. Кім қандай көлік түрлерін біледі.

Жарайсыңдар блалар, енді біз «Жасырын сурет» ойынын ойнайық. Ойынның шарты қолымдағы сұрақ жазылған қаздарда бір сурет жасырылған. Осы сұрақтарды мен оқимын. Ал жауап берген оқушы суреттің бір бөлігіне ие болып оны тақтаға іліп отырады. Ендеше дайын болсақ ойынымызды бастаймыз.



  1. Қандай жер көліктерін білесіңдер? (автобус, камаз, тайота т.б.)

  2. Жұмбақты шеш.

Құстан аумайды,

Көкте заулайды. (Ұшақ)



  1. Қандай су көліктерін білесіңдер? (қайық, кеме, теплоход)

  2. «Қайық» сөзін кім жазып береді?

Жаңа сабақ.

Міне, балалар бізде қандай сурет пайда болды? (Ит)



  1. Ит қандай жануар? (Үй жануары)

  2. Ол қалай дыбыстайды?

  3. Сенің үйіңде ит барма?

Балалар иттің адаммен қалай дос болғандығы туралы сендерге «Жеті қазынаның бірі» деген ертегіні айтып берейін. Бірақ алдымен жеті ұғымға тоқталып өтейік.

  • Балалар, бір аптада неше күн бар санайық: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,жексенбі.

  • Неше күн екен?

  • Яғни, жеті күн бар.

Біздің ата-бабаларымыз «Жеті атасын білу – міндет!» деген. Қане кім біледі екен?

  • Жеті атамыз : 1. Ата 2.Әке 3. Бала 4. Немере 5. Шөбере 6. Шөпшек 7. Немене

Барлық жерде «жеті саны» жиі кездеседі ия балалар?

  • Олай болса тақтаға назар аударайық. Бұл тақтадағы ілініп тұрған жеті сурет «жеті қазына» деп аталады. Жеті қазынаға мыналар жатады:

  1. Ер жігіт

  2. Әйел ана

  3. Берен мылтық

  4. Жүйрік ат

  5. Қыран бүркіт

  6. Ақыл-білім

  7. Құмай тазы

Сергіту сәті.

Ертегі оқу.

Баяғыда аң патшасы Арыстан қызметшісі Жолбарысты шақырып: «Ормандағы барлық аңдарды жина», - деп бұйырыпты. Арыстан патша әлемде ең қайратты, ең ақылды әрі епті кім екенін білгісі келіпті. Аңдардың бәрі жиналады. Арыстанның сөзін естіген түлкі алға шығып:


  • О, әлемде теңдесі жоқ патшам! Бұл өмірде сізден қайратты, сізден ақылды, епті жан жоқ. Сондықтан сізді патша етіп сайладық. Сіз сондай қайырымдысыз, - депті.

  • Барлық аңдар арыстанды мақтайды. Мақтау сөздерге мәз болған арыстан бір бұрышта құлағы салбырап, өзі маужырап жатқан Итті байқайды.

  • Әй, сен, оңбаған, мыналардың не айтып жатқанын естідің бе өзі!? Сен неге үндемейсің? –дейді арыстан.

  • Ә, сен бе едің... Сонша немене орманды басыңа көтересің? Мен сені мақтайды дейсің бе?

  • Ал, сонда не дегің келіп тұр?

  • Мен үшін дүниеде қайратты әрі ақылды тек – адамзат.

Арыстан ашуланып, дереу Жолбарысқа:

  • Ит иттігін жасап, адамды мақтады. Біздің арамызда оған бұдан былай орын болмауға тиіс.

Дереу арамыздан аластатыңдар! – депті күндей күркіреп.

Бұл сөзден соң ит мүлде көңілі қалып, олардың арасынан біржолата қара үзіп, кете барған екен.

Содан бері ит адамның досы, көмекшісі болыпты. Бертін келе, «Ит жеті қазынаның бірі» деген қанатты сөз пайда болыпты.

Балалар ертегі түсінікті болдыма?

Ендеше сендерге сұрақ қоямын. Сендер жақсылап жауап беруге тырысыңдар.

Сабақты бекіту.



  1. Аң патшасы кім?

  2. Арыстан жолбарысқа не деп бұйырады?

  3. Түлкі арыстанды қалай мақтады?

  4. Итті не үшін қуып жіберді?

Балалар бүгінгі сабағымыз түсінікті болды ма? Ендеше «Тақия тастау» ойынымен бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет