1. Электр тогының пайда болу шарттары және сипаттамалары



Дата10.03.2023
өлшемі15,43 Kb.
#171731
Байланысты:
0000b554-e986a065


ТҰРАҚТЫ ЭЛЕКТР ТОГЫ




1. Электр тогының пайда болу шарттары және сипаттамалары.XVIII ғасырдың бірінші жартысында электр өткізгіштік, электрленудің екі түрі, конденсатордың көмегімен заряд жинау және тағы да басқа мәліметтер пайда бола бастады. Әсіресе америка ғалымы Б.Франклин зерттеулері маңызды болды. Алғаш электр тогы туралы итальян анатомы және физиологы Л.Гальвани көп еңбек етті. 1780 жылы контактсы бар екі текті металмен бақаның бұлшық етіне жасалған тәжірибесі арқылы электр құбылысын бақылады. Гальваниға қарсы сын көзқараспен итальян ғалымы А.Вольта шықты. Ол алғашқы тұрақты ток көзін ашты. 1777 жылы Вольта электрофорды ойлап тапты. Содан кейін сезімтал электроскоп, жазық конденсаторды ойлап тапты.
Зарядталған макроскопиялық денелерді немесе электрлік зарядтардың қозғалысы туралы құбылыстар мен процестерді, сонымен қатар электр тогы сияқты негізгі ұғымдарды қарастыратын бөлім-электр динамикасы деп аталады.
Электр тогы дегеніміз зарядталған бөлшектердің немесе макроско-пиялық денелердің реттелген қозғалысы.
Электр тогының екі түрі бар: өткізгіштердегі электр тогы және конвекциялық ток.
Заттардағы немесе вакуумдағы зарядталған бөлшектердің, яғни ток тасымалдау-шылардың реттелген қозғалысынан немесе өріс әсерінен өткізгіште пайда болатын ток өткізгіштегі ток деп аталады. Мысалы: металдардағы, электролиттердегі, ионданған газдардағы, жартылай өткізгіштердегі токтар, вакуумдағы электрондар немесе иондардың шоқтары тудырады.
Кеңістіктегі зарядталған макроскопиялық денелер қозғалысынан туатын электр тогы конвекциялық ток деп аталады. Немесе тасымалдаушы ток деп атайды, зарядтарды өзі тұрған ортамен қоса көшіреді. Мысалы: электростатикалық генератордың диэлектрик материалдан жасалған, қозғалыстағы лентасы конвекциялық ток тудырады.
Электр тогының бағыты ретінде қозғалыстағы оң зарядтардың бағыты алынады. Өткізгіштегі ток электр өрісінің әсерінен туады. Металдарда ток тасымалдаушы электрондар болса, электролиттерде-оң және теріс иондар, жартылай өткізгіштерде-өткізгіш электрондар мен кемтіктер болады.
Токты ұстап тұру үшін қандайда бір энергия түрін электр тогы энер-гиясына айналдыратын қондырғы-электр энергиясының көзі қажет болады.
Электр тогын сипаттайтын негізгі шама ток күші деп аталады.
Ток күші дегеніміз-уақыт бірлігі ішінде берілген өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін заряд шамасы I=dq/dt (10.1)
өлшем бірлігі- ампер.
Егер ток күшінің мәні мен бағыты өзгермейтін болса,онда ток тұрақты ток деп аталады. Тұрақты ток шамасы шамасы: I=q/t (10.2)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет