"№262 мектеп -гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"БЕКІТЕМІН"
№262 мектеп -гимназиясы директорының
міндетін атқарушысы: Р.СИСЕНОВ
Оқыту әдістемелік қызметін талдауға арналған
«Creative coach - 262» кәсіби сайысын
ұйымдастыру мен өткізудің
Е Р Е Ж Е С І
Арал қаласы, 2020 жыл
Оқыту әдістемелік қызметін талдауға арналған
«Creative coach - 262» кәсіби сайысын
ұйымдастыру мен өткізудің
Е Р Е Ж Е С І
І.Жалы ережелер
Бұл ереже «Creative coach - 262» кәсіби сайысының мақсаты мен міндеттерін, жүргізілу тәртібін және сайысқа қатысушылардың әдістемелік қоржынын айқындайды (бұдан әрі қарай – сайыс).
Сайысты ұйымдастырушылар: Арал қаласындағы "№262 мектеп -гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі сараптамалық кеңесі, мектепішілік кәсіподақ комитеті.
Сайыс мақсаты: "№262 мектеп - гимназиясы" КММ-нің ашылуына 10 жылдығы қарсаңында көшбасшы мұғалімдер мен тәлім алушыларының сапалық және кәсіби қызметі деңгейін айқындау, келешегі кемел мектеп құрудағы көшбасшылық қабілетіне қолдау көрсету мен дамыту болып табылады.
Сайыс міндеттері:
Қатысушылардың сапалық және құзыреттілік деңгейін анықтауда бағалаудың кешенді сатылап талдау жүйесін қолдану;
Әлеуметтік пікірлер мен мектеп-гимназия мұғалімдері кері байланыстары арқылы тәлімгерлермен білім беру үдерісін дамытудағы перспективаларын айқындау;
Алдыңғы қатарлы озат тәжірибелерді жалпылау әрі насихаттау үшін сайысқа қатысушылар арасында тәжірибе алмасу алаңын құру.
Сайыс ашықтық, шынайылық, анықтық, нақтылық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Сайысқа қатысушылар: мектеп-гимназиядағы көшбасшы мұғалімдер және тәлім алушы (жас мамандар)
Сайысқа қатысушыларды бағалау негіздері:
Сайыс барысындағы тапсырмаларды орындау арқылы қатысушылардың көшбасшылық қабілеттері айқындалатын болады;
Тапсырмаларды орындау арқылы бағалаудың кешенді талдау жүйесінен (сабақты жоғары деңгейде ұйымдастыру, ассессмент-орталық, тед форматындағы тыңдалым) өтеді.
Қатысушылардың ұпай саны мен жалпы үздіктер бағасы шығарылады.
Ең жоғары ұпай алған сайысқа қатысушылар жеңімпаз болып танылады.
Сайысты өткізу тәртібі:
Қатысушыларды тіркеу (№262 мектеп-гимназия көлеміндегі барлық әдістемелік бірлестіктердегі көшбасшы мұғалімдер және тәлім алушы-жас маманнан тұратын команда құрылады (құрамы – 2 адам)). Жарнамалық фото-құжат 2020 жылдың қаңтар айының 13 жұлдызына дейін ұйымдастыру алқасына электронды түрде тапсырылуы тиіс.
Сайыстың І туры "Әртүрлі сабақтар, бірақ әрқайсысында шебердің қолы..." ашық сабақтар байқауы 16 қаңтар күні.
Сайыстың ІІІ турының тапсырмасы 2020 жылдың 13 қаңтары күні (уақыты - 10:40) "Бастау" кәсіби қоғамдастық бөлмесінде жабық конверттерден таңдау арқылы жүзеге асырылады.
Сайыстың ІІ туры ағымдағы жылдың 17 қаңтарында коучингтер, ата -аналармен жұмыстар түрінде өткізіледі.
Сайысқа қатысушылар 2020 жылдың 13 қаңтарына дейін таныстыруға арналған жарнамалық парақшаны электронды түрде тапсырады:
Сайысқа қатысушыларды марапаттау: Сайысқа қатысушылар сайыс қорытындысымен №262 мектеп-гимназиясының және кәсіподақ комитетінің диплом, сертификат және арнайы сыйлықтарымен марапатталатын болады.
қосымша №1
Оқыту әдістемелік қызметін талдауға арналған
«Creative coach - 262» кәсіби сайысының
"Әртүрлі сабақтар, бірақ әрқайсысында шебердің қолы..." ашық сабақтар кезеңінің шарттары
1. Әрбір қатысушы ұзақ мерзімді жоспардағы 2020 жылдың 16 қаңтары күнге сәйкесті сабақты өз пәнінен таңдайды.
2. Тәлім алушымен бірлесе қысқа мерзімді жоспарын әзірлеп, дуэт сабақ жүргізуге дайындалады. (тәлім алушымен жүргізілген жұмыстар бағаланатын болады)
3. Шынайылық, нақтылық, уақытты тиімді пайдалану, оқу мақсатына сәйкес ұйымдастырылуы, күтілетін нәтижеге жету барысы жүйелі түрде бағаланады.
4. Оқытудың белсенді әдіс -тәсілдерін тиімді пайдалануы
Өткізілу мерзімі: 16.01.2020 жыл
Бағалау - 5 балл
Оқыту әдістемелік қызметін талдауға арналған
«Creative coach - 262» кәсіби сайысының
"Бағалау ата - аналар көзімен..." кезеңінің шарттары
1. Әрбір қатысушы ата - аналарға арналған мазмұнды коучинг жұмысының қысқа мерзімді жоспарын әзірлейді, бекітеді.
2. Түсіндірме, талдау, кері байланыс жұмыстары талап етіледі.
3. Коучтың шығармашылық шеберлігі, ұйымдастыру қабілеті, жағдаяттарда жылдам шешім қабылдауы т.б ерекшеліктері ескеріледі.
4. Ата -аналардың жұмысқа белсенді қатысуы бағаланады.
5. Тиімді әдіс - тәсілдерді қолдануы
Өткізілу мерзімі: 17.01.2020 жыл
Бағалау - 5 балл
Оқыту әдістемелік қызметін талдауға арналған
«Creative coach - 262» кәсіби сайысының
"Кәсіби дамуға тәлімгерлікпен қалай ықпал ете аламыз?"
Теd форматындағы жұмыстар кезеңінің шарттары
1. Тіл тазалығы және көркемдігі
2. Тақырыпқа сәйкестігі
3. Уақыт регламентінің сақталуы .
4. Ойдың тұтастығы
5. Аудиториямен байланыс
Өткізілу мерзімі: 18 .01.2020 жыл
Бағалау - 5 балл
«Creative coach - 262» кәсіби сайысы
қосымша №2
Оқыту әдістемелік қызметін талдауға арналған
«Creative coach - 262» кәсіби сайысының әділ - қазы алқасы
1.Сисенов Руслан Калимаганбетович - мектеп - гимназия директорының міндетін атқарушысы, комиссия төрағасы (Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған, педагог-сарапшы )
2. Курманалиева Жанар Куанышовна - мектеп -гимназия директорының бейіндік жұмыстар жөніндегі орынбасары, комиссия мүшесі, Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған, жоғары санатты )
3. Нурекешова Айнагуль Айжарыковна - мектеп -гимназия директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары, комиссия мүшесі, Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған, педагог-зерттеуші)
4. Дауленбаева Күлпаршын Китжановна - мектеп - тренері, комиссия мүшесі, Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған, педагог-зерттеуші)
5. Тажибаева Айнур Ермекбаевна - кәсіподақ комитетінің төрайымы
6. Ұзақбаев Қырықбай Ұзақбайұлы - тед форматындағы жұмыстардың жүйесін бағалаушы, республикалық форумның тед жобасына қатысушысы
Қайырлы күн құрметті ұстаздар!
Біздің мектеп - гимназияда қаңтар айының 15 інен бері көшбасы мұғалімдер мен тлім алушылардың оқыту әдістемелік қызметін талдауға арналған «Creative coach - 262» кәсіби сайысын ұйымдастырылуда.
Сайыстың негізгі міндеті:
Қатысушылардың сапалық және құзыреттілік деңгейін анықтауда бағалаудың кешенді сатылап талдау жүйесін қолдану;
Әлеуметтік пікірлер мен мектеп-гимназия мұғалімдері кері байланыстары арқылы тәлімгерлермен білім беру үдерісін дамытудағы перспективаларын айқындау;
Алдыңғы қатарлы озат тәжірибелерді жалпылау әрі насихаттау үшін сайысқа қатысушылар арасында тәжірибе алмасу алаңын құру.
Сайыс ашықтық, шынайылық, анықтық, нақтылық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылды.
Сайыс негізгі төрт кезеңді қамтыды.
1 кезең: "Әртүрлі сабақтар, бірақ әрқайсысында шебердің қолы..." ашық сабақтар
2 кезең: "Бағалау ата - аналар көзімен..." коучингтер
3 кезең: "Әлеуметтік желідегі дауыстарды есептеу"
4 кезең: Теd форматындағы жұмыс кезеңі қазір сіздердің қатысуларыңызбен ашық трде өткізіледі.
Сайыстың критерийлері алдын ала арнайы онлайн чаттарда таныстырылып, тед форматындағы жұмыстар тақырыбы жасырын конверттерден алынды.
Сайысқа қатысушылар:
1. Әнесқызы Айгүл тәлімгер, Жарболғанов Ержан - тәлім алушы - химия биология секциясы бойынша
2. Жалғасқанова Айдана-тәлімгер, Темірбекова Гүлназ - тәлім алушы - химия биология география секциясы бойынша
3. Дұрысбергенова Бағлан - тәлімгер, Өтепбергенов Оңталап - тәлім алушы - ағылшын тілі пәні секциясы бойынша
4. Абишова Гүлмира - тәлімгер, Жасекенова Мадина - тәлім алушы - бастауыш сынып секциясы бойынша
5. Найзағұлова Ықпал - тәлімгер, Өксікбаева Салтанат -тәлім алушы - қазақ тілі мен әдебиеті секцисы бойынша
6. Тәжімбетова Жанаркүл-тәлімгер, Бақытжанов Дархан - тәлім алушы физика информатика секциясы бойынша
Осы кезеңге дейін жүргізілген жұмыстарды қорытындылап, бақылау жасап отырған арнайы әділ-қазы алқасы
Ж.Құрманалиева - көшбасшы,
А.Нұрекешова -көшбасшы
Г.Дәуленбаева - көшбасшы
А. Тәжібаева - кәсіподақ кеңесі
Қ.Ұзақбаев - көшбасшы
Әділ қазы алқасына микрофон ұсынып, сайыстың өткізілу барысы туралы пікірлерін тыңдалық. (әр қайсысы өз пікірін атап өтеді)
Ендеше бүгінгі қорытындылаушы жұмыстың бір түрі Тед форматында таңдап алынған тақырыпта бойынша қатысушыларды ортаға шақырамыз.
бағалау критерийлері:
Тіл тазалығы және көркемдігі
2. Тақырыпқа сәйкестігі
3. Уақыт регламентінің сақталуы .
4. Ойдың тұтастығы
5. Аудиториямен байланыс
Бағалау - 5 балл
№1 "Білім мен тәрбиедегі оқушы үні" тақырыбындағы жобасымен ортаға тәлімгер Дұрысбергенова Бағланның тәлім алушысы Өтепбергенов Оңталапты шақырамыз.
№2 "------------------------------------------------------------------" тақырыбындағы жобасымен тәлімгер Айгүл Әнесқызының тәлім алушысы Жарболғанов Ержанды шақырамыз
№3 "Білім мен тәрбиедегі оқушы үні" тақырыбындағы жобасымен ортаға тәлімгер Ықпал Найзағұлованың тәлім алушысы Өксікбаева Салтанатты шақырамыз.
№4 "Оқушыны ынталандырудың өзгеше тәсілі" тақырыбындағы жобасымен ортаға тәлімгер Жанаркүл Тәжімбетованың тәлім алушысы Бақытжанов Дарханды шақырамыз.
№5 "--------------------------------------- оқушы үні" тақырыбындағы жобасымен ортаға тәлімгер Абишова Гүлмираның тәлім алушысы Жасекенова Мадинаны шақырамыз.
№6 "--------------------------------" тақырыбындағы жобасымен ортаға тәлімгер Жалғасқанова Айдананың тәлім алушысы Темірбекова Гүлназды шақырамыз.
Қатысушылардың бағасы әзірленіп, қорытындысы шығамын дегенше музыкалық сәлемдеме \--------------------------------------------------\
Қорытындылау және марапаттау кезеңі
Достарыңызбен бөлісу: |