Лекция 2 Практика бойынша Әдістемелік ұсыныс. Оқу әдістемелік және ғылыми әдістемелік жұмысты ұйымдастыру



Дата04.01.2022
өлшемі13,73 Kb.
#109079
түріЛекция
Байланысты:
02.03.21 Білім алушының таңдауы бойынша практика (оқу пр)


Лекция 2

Практика бойынша Әдістемелік ұсыныс.

1.Оқу әдістемелік және ғылыми әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.

2.Оқу әдістемелік жүзеге асыратын дағды деңгейлерін қалыптастыру.

3.Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау.

1.Оқу әдістемелік және ғылыми әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.

    Осы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын, жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: әдіскер - оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды орындаушы білім беру ұйымының педагогикалық қызметкері (жоғары оқу орындарынан басқа);

      әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес - білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын алқалық басқару нысаны;

      әдістемелік кабинет - ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық ететін білім беру ұйымның, облыстық (қалалық) білім басқармасының құрылымдық бөлімшесі;

      білім беру ұйымы оқу (оқу-әдістемелік) жұмысы жөніндегі басшысының орынбасары - білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын тікелей басқаратын басшының лауазымы;

      ғылыми әдістемелік жұмыс - педагогтардың кәсіптік құзыретін арттыру және білім беру процесінің инновациялық проблемаларын шешу арқылы білім сапасын қамтамасыз етуге ықпал ететін білім беру ұйымдары басшыларының, педагогтардың және құрылымдық бөлімшелердің бірлескен қызметінің көп деңгейлі, көп функциялы жүйесі;

2.Оқу әдістемелік жұмысты жүзеге асыратын дағды деңгейлерін қалыптастыру.

      оқу-әдістемелік басқарма - білім беру ұйымында оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше;

      оқу-әдістемелік бірлестіктер - әр түрлі деңгейдегі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу үшін салалық (мамандық топтары, пәндер) белгісі бойынша білім беру үдерісі субъектілерінің бірігуі;

      оқу-әдістемелік бірлестіктер - әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу үшін салалық (мамандық топтары, пәндер) белгісі бойынша білім беру процесі субъектілерінің бірігуі;

      оқу-әдістемелік жұмыс - білім беру үдерісін оқытушылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарға жеткізу үшін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және оқу-материалдық объектілермен қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымының қызметі.

Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс ғылым мен білімді интеграциялау, оқу және тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың міндеттері:

      білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

      білім беру үдерісін қолданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдары мен нысандарын әзірлеу, енгізу және жетілдіру;

      педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру болып табылады.

      3.Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау.

      орта білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әдістемелік кабинеттеріне және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарының әдістемелік кабинеттеріне және бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктеріне.

      Бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерінің оқу-әдістемелік жұмысына басшылық жасау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне жүктеледі.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің және бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерінің жұмысы Олардың қызметі туралы ережемен реттеледі.

      Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктерге жүктеледі.

      Кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктердің

      оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына басшылық жасау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне жүктеледі. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет