Тақырыбы: «Күз – береке, күз-мереке» 1 Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар!



Дата17.06.2018
өлшемі40 Kb.
#42429
Тақырыбы: «Күз – береке, күз-мереке»

1 Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар!

Есенсіздер ме, есіркеген ата-аналар!

Бармысыздар, жадыраған балалар!

Берекелі Алтын күз құтты болсын!

2 Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық!

1 Жүргізуші :

Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін, қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Әділ - қазылар алқасы:


1.
Смагулова Фарида Бейсембайқызы

2.Аскарова Күнсая Амангелдіқызы

3.Ануар Айбек Бағадатұлы
2 Жүргізуші:
Кірпігі
ине болып қадалды да,
Ұшқындап көрермендер жанарында,
Бал-бұл жанып сайыскерлер шықты ортаға,
Қол ұрмай қалған сірә, адам бар ма? - дей отырып бүгінгі кештің жоспарымен таныстырып өтейік:

(Бізде 3 этаптан тұрады)


    1. Этап

1.Таныстыру

2. «Сен білесің бе? » Викториналық сұрақтар

3.Жұмбақтар әлемі

4.Мимика ойыны

5.Музыкалық пародия

6. «Алтын сиқырлы күз» сән үлгісі

7.Мерекелік кафе

8.Қорытынды
II Этап - Билет ойнату

III Этап – Би кеші
1 .Жүргізуші:

Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан ортамызға келіп жетті
Әдеппен, ізетпенен танысуға - дей отырып сайысымыздың таныстыру -


кезеңін бастаймыз. (Әр топ өздерін таныстырады)

2.Жүргізуші:
Жапқандай жапырағымен іздерді
Қуантып байлығымен ізгі елді
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы сары алтын күз келді.- демекші келесі кезең «Сен білесің бе?»


викториналық сұрақтар:

1.Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)

2.Тірі ағзаларға тән қасиет? (Өледі,өседі,өңеді,көбейеді, дамиды)

3.Әлемдегі алғашқы, ең үлкен ғарышжай (Космодром)? (Байқоңыр)

4.Африкалық түйеқұс қалай аталады? (Страус)

5.Ғаламшарда неше планета бар? (8)

6.Аққудың балапаны қалай аталады? (Көгілдір)

7. Жыл санауына кірген құс? (Тауық)

8.Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс? (Альбатрос)

1.Жүргізуші:
Келесі кезең – Жұмбақтар әлемі:


1. Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді,
Қонса көл суы тізеден келмейді (тырна)
2. Құрлықта жүрсе – маймаңдап,
Суда жүзсе – еседі қайықтап. (үйрек)
3. Ұя сап, балапан баспайды,
Өз атын атап қақсайды. (көкек)
4. Дамылсыз барабан қағады,
Сол жерден тамағын табады. (тоқылдақ)
5. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ,
Күрең қызыл, шіркін-ай!
Оның аты ...(құлпынай)
6.Өсіретін бойынды,
Өсіретін ойынды.
Қоян жейтін көкөніс,
Сарғылт-қызыл ...(сәбіз)


7.Ұстарамен алынбас,

Ұйысып тұрған қалың шаш? (Егін)

8. Аласа тау,тамаша тау

Самсап тұр алмасы

Ол ал қызыл,ол қан қызыл

Боялғанша алмашы? (Қызынақ)


2.Жүргізуші:
Келесі кезең-Мимика ойыны?


1. Маймылдың тамақтануы

2.Қонақтап отырған тауық

3. Тан ертен тұрған ерке қыз

4. Қайнап жатқан шайнек
1.Жүргізуші:
Келесі кезең-Музыкалық породия. Әр сынып дайындаған породияларын көрсетеді

2.Жүргізуші:
Келесі кезең-«Алтын сиқырлы күз» сән үлгісі

1.Жүргізуші:
Келесі кезең-Мерекелік кафе. Әр топ өз кафеларының менюімен таныстырады.

2.Жүргізуші: Әділ қазылар алқасы қорытынды шығарғанша «Достық би» тобын қарсы алыңыздар.
1. Жүргізуші: Шаймардан Сабинаның Қазақша биін қабыл алыңыздар.

2.Жүргізуші:
Келесі сөз кезегі -Әділ қазылар алқасына беріледі.


(Марапаттау рәсәмі: Мушкенова Э.Ш, Ахметова З.Қ.)
1.Жүргізуші:
Келіп қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет!


Келесі кезеңіміз-Билет ойнату.

Ленин негізгі мектебі



«КҮЗ -БЕРЕКЕ, КҮЗ-МЕРЕКЕ»

Өткізген: Ахметова З.Қ

Мушкенова Э.Ш

2013-2014 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет