« Анашым,ән арнаймын өзіңе» Жүргізуші: Армысыздар ақ жаулықты әжелер,ардақты да аяулы аналар, ұлағатты ұстаздар, сымбатты арулар!Өздеріңізге арналған мерекелік ертеңгілікке қош келдіңіздер.
Армысың ару қыздар, абзал ана
Анаға тең келетін бар ма дана?
Мерекең бүгінгі күн құтты болсын
Қуанышпен құшағың гүлге толсын!
Меркелеріңіз құтты болсы.Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық,татулық,еңбектеріңізг жеміс тілеймін.
Балаға ең жақын, сіз-аналар, сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар.Әлемдегі ең ғажап ең әсем сөз бұл -Ана.Ендеше, құрметті аналар балаларыңыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар!
Рауан:
Ана,әже,апалар
Құтты болсын мереке
Осы келген ортаға
Тілейміз біз береке
Зере:
Мен анамның оң қолы
Тілін алып жүремін
Мен анамның оң қолы
Бәрін істей білемін
Әлпештеген анамыз
Біз бақытты баламыз
Оқып білім аламыз
Жұлдыз болып жанамыз
Раяна:
Өмірдің қызығы
Өзіңсіз өтпейді
Мен үшін анама
Ешкім де жетпейді
Заңғар:
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың
Бауыржан:
Таусылмайды өлеңі;
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит әкеп береді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.
Еркебұлан
Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсаң шаттанған
«Алтыным» деп мақтаған
Айналайын ақ мамам
Қыздар биі «Гүл». Ойын: «Кім көп сөз біледі?». Ортаға 2 ана шығады.Оларға қарама-қарсы балалары тұрады.Анасын баласына дейін әр қадам басқан сайын жылылық сөзлер айтуы керек.Мысалы,айым,күнім,жұлдызым,алтыным,күмісім,…,…,Көп сөз айтқан бала жеңіске жетеді.
Ана, әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймыз. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет сау болыңыздар!