Сынып оқушыларын төрт топқа бөліп, топ басшылары сайланады. Сабақ соңында топ басшылары топ мүшелерін бағалайды, ал топ басшыларын мұғалім бағалайды.
ІІ. "Ой сергіту" кезеңі
(үй тапсырмасы бойынша сұрақтар)
Интернет дегеніміз не?
Модем дегеніміз не?
Шлюз деген не?
Интернет желісінде қандай хаттама қолданылады?
Web сайт деген не?
Интернетте қандай іздеу серверлері бар?
Веб-сайтқа арналған URL –дің жалпы көрінісі қандай?
ІІІ. "Мағынаны тану" кезеңі
(жаңа сабақты электрондық оқулықпен түсіндіру)
ІҮ. Бекіту
“Ойға шабуыл” кезеңі (электрондық оқулықтағы тапсырмаларды орындау)
“Интернет ГИД” (Интернет желісінде практикалық жұмыс орындау)
“Кім білгір?” кезеңі (электрондық оқулықтан тест жұмысын орындау)
“Топтастыру” әдісі
Интернет
Интернет ГИД
1 топ. www.rambler.ru іздеу порталына кіріңіз. Іздеу жолында “сайт президента РК” кілт сөзін енгізіңіз. Сайттардың ішінен “Қазақстан-2030” сайтын ашып, оны көшіріп алыныз.
2 топ. www.googl.kz порталына кіріп, іздеу жолына рефераттар кілт сөзін теріңіз. Таңдаған сайттан рефератты компьютерге көшіріңіз.
3 топ. www.rambler.ru іздеу порталына кіріңіз. Іздеу жолында “Салауатты өмір салты” кілттік сөз енгізіңіз. Таңдаған сайттан мақаланы таңдаңыз.
4 топ. www.informatic.kz сайтын адрес жолына енгізіңіз. Ашылған терезеден ұнаған сайтты таңдаңыз да көшіріп алыңыз.