Сабақ жоспары Тақырыбы : Модуль «Жеке адамға қатысты іс қағаздары»



бет1/3
Дата25.06.2017
өлшемі262,22 Kb.
  1   2   3
СМЖ Н. 05-05

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ “Жоғары медициналық колледж” МКК


Ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: Модуль «Жеке адамға қатысты іс қағаздары»

(Өмірбаян, түйіндеме рәсімдеу)

Пәні: Кәсіби қазақ тілі

Құрастырған оқытушылар: Құлмұқанова С.К.

Тақырыбы: Модуль «Жеке адамға қатысты іс қағаздары»

(Өмірбаян, түйіндеме рәсімдеу)


Сабаққа бөлінген уақыт: 80 мин
Сабақтың типі: Тәжірибелік сабақ, жаңа сабақты түсіндіру
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, жеке, екеуара, топта жұмыс істеу, пікір алмасу, мәтінмен жұмыс.
Көрнекілік: құжат үлгілері (мінездеме, өмірбаян, түйіндеме), интерактивті тақта(лексико-грамматикалық тест, теориялық мәлімет, кестелер), маркер, электрондық оқулық «Ресми іс қағаздары»
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Іс-қағаздарымен жұмыс істеуде сөздік қорын толықтыру, сөйлеуге жаттықтыру, сауатты жаза білуге дағдыландыру арқылы жеке адам өміріне қатысты құжаттар рәсімдеу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Іс-әрекет алгоритмі арқылы білім алушылардың шығармашылық біліктілігін арттыру, алған білімдерін әрі қарай дамыта отырып өзіндік ойлауға, мәнерлі сөйлеп, сауатты жазуға баулу.

Тәрбиелік: Білім алушыларды қарым-қатынас жасау әдебіне, тіл мәдениетіне тәрбиелеу, топтасып жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа, бірін-бірі сыйлауға, ой-пікірін тыңдай білуге баулу.
Күтілетін нәтиже: Білім алушылардың сөздік қоры молаяды, бірлесе жұмыс істеу арқұылы меңгерген ақпараттарды қолдана және жарата білуге үйренеді.
Сабақтың құрылымы (хронокартасы):




Сабақ кезеңдері

Уақыт (мин.)

1

  1. Дидактикалық кезең.

Ұйымдастыру бөлімі.

3

2

  1. Дидактикалық кезең.

Білім деңгейін тексеру.

Өздік жұмыс.



24

3

  1. Дидактикалық кезең (Жаңа тақырыпты түсіндіру)

Оқытушының білім алушылармен жұмысы

21

4

  1. Дидактикалық кезең.

Пысықтау.

Қорытынды бағалау.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Рефлексия.


32


Сабақтың барысы:
І. Дидактикалық кезең: (3`)

  1. Мұғалім сөзі:

Балалар, қайырлы таң! Сабағымызды бастайық. Мен бүгін сіздермен кездескеніме, бірлесе жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Таңертең тұрған бетте отбасы мүшелеріне, таныстарыңа, достарыңа қандай жақсы тілек, жылы сөз айтқандарыңызды еске түсіріңіздер. Қазір сабақты бір-бірімізге жылы сөз айтудан бастайық. Мен бастаймын:

    • ...

Ал бүгінгі сабаққа келген қонақтарға не айтамыз?

    • Қош келдіңіздер! Сіздермен кездескенімізге өте қуаныштымыз.

......
Ендеше алдарыңда жатқан «Көңіл-күй картасын» ашып, өздеріңнің көңіл-күйлеріңізді анықтаңыздар.

Сабақ басталғанда:





Қобалжып отырмын


Қуаныштымын

Жұмыс істеуге дайынмын


Сабақ аяқталғанда:





Қобалжып отырмын


Қуаныштымын

Жұмыс істеуге дайынмын




ІІ. Дидактикалық кезең:

  1. Білім алушыларды топқа бөлу (1`)

  2. Үй тапсырмасын тексеру (20`)

а) І топ – Құжат ұғымы

ІІ топ – Мінездеме

ә) Лексико-грамматикалық тест (қосымша 2)

б) Қатесін тап (электрондық оқулық, мінездеме үлгісі) (3`)


ІІІ. Дидактикалық кезең:

Жаңа сабақ

а) Мұғалім сөзі «Жеке адамға байланысты іс қағаздары» модуліне кіріспе

Сабақтың мақсаттары мен міндеттерін хабарлау (3`)


ә) Ой қозғау (2`)

Оқытушы сөзі: (проектор арқылы сөз көрсетілді, №1 қосымша)


    • Балалар, кестені мұқият оқып шығыңыздар. Осы кестеге қандай атау берер едіңіздер?

    • «Жұмысқа қабылдау барысында рәсімделетін құжат түрлері»,...

    • Осы іс қағаздарының қайсысымен біз жақсы таныспыз?

    • ...

    • Бүгін біз өмірбаян рәсімдеу үлгісімен танысамыз.

(Сабақ мақсаты айтылады)

Жаңа тақырыпты түсіндіру



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу