Анама арнау
Анасыз өмір сүру өте қиын деп ойлаймын. Себебі мен анамды қатты жақсы көремін.Барлық сырымды ақылшым анаммен ғана бөлісе аламын. Анам үшін жанымды беруге дайынмын Ана-бізді мейірімді, ақылды, тәртіпті, Отанын жақсы көретіндей етіп тәрбиелеп келеді. Анамның қабағына кірбің түсірмей, күліп жүру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Ананы сыйлау, құрметтеу, сүйе білу-біздің парызымыз.
Жүре берсең жанымда
Әйбат анам,әй анам!
Ботам деген даусыңнан
Мен мәз боп оянам.
Марат Аягөз
Антоновка орта мектебініің
2-сынып оқушысы
Достарыңызбен бөлісу: |