1.Баланың дене-бітімінің дамуын бағалайды:
А)патронажға барғанда
В)емханаға шақырғанда
С)ауруханаға түскенде
D)құрсақ іші кезеңінде
Е)ауруханаға жолдағанда
2.Баланың ақыл-ой дамуына әсер етеді:
А)салмағы мен бойының жасына сәйкес келуі.
В)1 жасқа дейін табиғи тамақтандыру.
С)анасының жүктілік кездегі зиянды әрекеттері т.б.
D)жасанды және аралас тамақтану
Е)кеуде шеңберінің өспеуі
3.Балаларды әр-түрлі даму топтарына бөлу үшін қолданылатын көрсеткіштер:
А)салмағы
В)бас шеңбері
С)кеуде шеңбері
D)ақыл- ой.
Е)бойы
4.Баланың дене бітімінің дамуы қалыпты деп есептелінеді егер:
А)ақыл- ой дамуы жасына сәйкес келсе
В)салмақ –бой көрсеткіштері жасына сәйкес келсе
С)Апгар шкаласы бойынша 8-10 балл алса.
D)бас шеңбері салмағына сәйкес келсе
Е)38-40 аптада дүниеге келсе
5.Бас шеңбері өлшенеді:
А)төбе сүйек дөңесі және қас үсті дөңесі үстімен.
В)төбе сүйек дөңесі және маңдай сүйек үстімен.
С)шүйде сүйек дөңесі және қас үсті дөңесі үстімен
D)төбе және шүйде сүйек дөңестері үстімен.
Е)төбе сүйек дөңесі және иек астыменен
6.Ақыл- ой дамуын анықтау үшін керек көрсеткіштер:
А)көңіл- күйі, салмағы.
В)сөзді айтуы, бой ұзындығы
С)бой ұзындығы,қол қимылы
D)жалпы және қол қимылы, сөзді айтуы т.б.
Е)бас шеңбері,есту,көру анализаторлары
7.Баланың денсаулығын сақтау шаралары жүргізіледі:
А)нәресте дүниеге келген күннен бастап
В)жүктіліктің бірінші күнінен бастап
С)баланың 1 жасынан бастап
D)баланың 1 айлығынан бастап
Е)бала 1 аптаға толғасын
8.Жаңа туылған нәрестеде тексерілетін және болуы керек шартсыз рефлекстер:
А)сору,жұту,отыру
В)іздеу,аударылу,еңбектеу
С)ұстау,тұру,отыру
D)іздеу,сору,жұту,қорғаныш
Е)еңбектеу,отыру,тұру,жүру
9.Баланың кеуде шеңбері өлшенеді:
А)жауырынның жоғарғы жағы және төс сүйек үстімен.
В)жауырынның ортасы және қабырғаның төменгі жағымен.
С)жауырынның төменгі бұрыштары және үрпі дөңгелегінің төменгі шетімен
D)жауырынның төменгі бұрыштары жәнеқабырғаның төменгі жағымен
Е)белінің ортасымен
10.Бала жылтыраған ойыншыққа қысқа уақыт көзін тігіп қарайды:
А)1 айлығында
В)3 айлығында
С)5 айлығында
D)1 жасында
Е)6 айында
11.Календарлық – диспансерлік бақылау (патронаж) туралы мәліметтер жазылады:
А)№ 30 үлгіге
В)№112
С)№063
D)№064 у
Е)№058
12. Перзентханадан шыққан нәрестеге істелінетін патронаж мезгілі:
А)1-3 күн ішінде
В)1 аптадан кейін.
С)10 күннен кейін
D)1 айдан кейін
Е)патронаж істелінбейді
13.Босануға дейінгі І патронаждың уақыты:
А)жүктіліктің 36-37 апталығында
В) жүктіліктің 20-22 апталығында
С) жүктіліктің 38- 40 апталығында
D)босанғаннан кейін
Е)жүкті әйел есепке тұрысымен
14.Баланың дамуы туралы есеп номері:
А) 063/е
B) 026/е
C) 112/е
D) 030/е
E) 025-7/е
15. Кіндік қалдығының түсіп, кіндік жарасының жазылуы мына кезеңде болады:
А)эмбрионалдық
В)плацентарлық
С)сүт тістерінің шығу кезеңі
D)жаңа туған (нәрестелік) кезеңде
Е)интранатальдық
Достарыңызбен бөлісу: |