5,6 Халық педагогикасының құралдары мен факторлары. Жоспары: Халық педагогикасындағы тәрбие әдістері. Халық педагогикасындағы тәрбие құралдары



бет1/5
Дата14.12.2021
өлшемі178,71 Kb.
#126803
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Этонопедагогика дарис 5,6,7,8


5,6 Халық педагогикасының құралдары мен факторлары.

Жоспары:

1.Халық педагогикасындағы тәрбие әдістері.

2.Халық педагогикасындағы тәрбие құралдары.

1.Тәрбие беру процесiнде педагогикалық ықпал етудiң толып жатқан әдiс – тәсiлдерi, амал - жолдары қолданылады.Халықтың, әcipece балаларға жас кезiнен сенiм артып, жауапты да қызықты ic-әрекетке тартуы, олардың ерте есеюiне, ел өмiрiне батыл араласуына септiгiн тигiздi. Мысалы, 4 жасында өзiнiң ерен зеректiгiмен, тапқырлығымен, ойлылығымен елдi қайран қалдырған, табиғатынан мейiрбан, өткiр тiлдi, ақылды, әдiл Шорман 13 жасында Баянауыл округының биi атанса, бала жасынан атақты абыз билердiң алдынан өтiп, талай батасын алған Төле, он бес жасынан бастап ел арасындағы дау-жанжал келiссөзге араласып, билiк айта бастапты.

"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң" дегендей үлкендердiң, ата-аналардың жеке басының үлгi - өнегесi балалар тәрбиесiндегi ұтымды әдiстiң бiрi болды. Ата -ананың асыл адамгершiлiк қасиеттерi, еңбектерi, ic-әрекеттерi, отбасындағылармен қарым-қатынасы, туыстар, дос - жолдастар, таныстар арасындағы қатынасы, дүние- мүлiкке, өнердiң түрлерiне көңiл бөлуi, той - думан, ойын - сауықтарға қатысуы балаларға өнеге болумен 6ipre олардың жеке адамдық қасиеттерiнiң дұрыс қалыптасып, жетiлуiне тiкелей ықпал еттi.

Тәрбие беру процесiнде педагогикалық ықпал етудiң толып жатқан әдiс-тәсiлдерi, амал-жолдары қолданды. Балаларға қайырымды, iлтипатты қатынас жасау, баланың адал, адамгершiлік сезiмдерiн ояту, жанама ықпал жасау, моральдық қолдау, өзiне деген сенiмiн нығайту, сенiм артуға түсiндiру, көрсету, ақыл айту, өнеге беру, өтiнiш жасау, жаттықтыру, мақтау, мадақтау, тұспалдап айту, ескерту ренiш, наразылық бiлдiру немесе ашулану, айыптау, бұйыру, еркелете кiнә арту, жалған енжарлық көрсету, алғыс айту, алғыс бата беру, қарғау және т.б.

"Ертеде Шу өзенiнiң Балқашқа жақын жайылым алқабында үйсiн мен арғынның белдi жақсылары таласыпты. Екi жақтың да бектерi бас қосып, кеңесiп, пәтуаласа алмайды. Көпшiлiкке epiп барған он бес жасар Төле билiк айтушыларға көңiлi толмайды. Ол:

Ақты ақ деп бағалар!

О, игi жақсы ағалар

Өзегi толса ел бiткен,

Өзен бойын жағалар,

- деп сөз бастай бергенде:

- "Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без" деушi едi. Мына бала кiм өзi ?- дейдi төрде отырған би. Төле қасқая тұрып:

- О, би аға, он үште отау иесi демес пе,

- Кiнәлiмiн бе келiп қалсам он беске?

- Сөз сөйледiң бұйыра көрмеңiз айыпқа,

- Ала көз болу ағайын адамға лайық па?

-деп бip тоқталды да, төрде отырған биге былай деп сауал кояды:

- О, игi асқар тауымыз,

- Әдiл ме осы дауымыз?

- Жер астында тұрғанда

- Жасырынып жауымыз?

Сонда әлгi би:

- Қой асығы демеңдер,

- Қолыңа жақса сақа ғой.

- Жасы кiшi демеңдер,

- Ақылы асса, аға ғой, -деген, балам, билiктi саған бердiм, - дейдi. Бала Төле жұлып алғандай:

- Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билiктi маған берiңiз, Шу өзенiнiң оң жағын үйсiн, сол жағын Арғын жайласын, бұған қалай қарайсыздар?- дейдi.

Бұл шешiмге екi жақ та риза болып, бiтiмге келедi. Сонда төрдегi би:

¦й баласы ма деп едiм?

Ел баласы екенсiң.

Ай маңдайлы арысым,

Талабың алдан өтелсiң.

Ауылыңнын таңы бол,

Маңдайдағы бағы бол!-

-деп бала Төлеге бата берген екен!

Балаларға педагогикалық тұрғыдан ықпал жасаудың ең кеңінен тараған тұспалдап айту. Онда алмастай өткiр сөздер, нәзiк юмор көп. Тұспал сөздер үлкенге де, балаларға да айтылған және образды, абстрактiлi ойдың дамуына жәрдемдескен, Үлкендер арасында, ақындар сайысында, той думан, спорттық жарыс, ойын барысында, еркiн қарым - қатынас кезiнде астарлы сөздi (әдетте, әзiл-қалжың) неғұрлым жиi пайдаланылады. "Ымды түсiнбеген дымды түсiнбейдi», "Таяқ еттен, сөз сүйектен өтедi" деген халық мақалдары соны аңғартады. Бiр жақсы қасиет ойын-сауықтарда нақты бip адамды ренжiтiп алмау үшiн, тұспал сөз біруге қадап айтылмайды. Бұл сыйластықтың үлгiсi.

Үлкендердiң, ата-аналардың үлгi-өнегесi балаларға ғибрат. Сондықтан да жастар бастапқыда барлық сән салтанатты сауық-сайрандардың үнсiз куәгерлерi бола отырып, көрiп-бiлiп, баға бepiп, есте сақтап, өздерi үйренген тұспал сөздердi құрбы - құрдастарының арасында пайдалануға алғашқы қадамдар жасап, зеректiкке, тапқырлыққа жаттықса, одан кейiн дербес шығармашылыққа ұмтылды. Балалар мен жастарды қоғамдық ойын сауықтарға белсендi қатысуға, шешендiк өнердiң, бейнелi бай тiлдiк қордың қарапайым дағдыларын қалыптастыруға тарту механизмi шамамен осындай. Мысалы, үй иелерi ән айтып, күй тартып, билеп, өз өнерiн қонақтарға бipiншi болып көрсету дәстүрi күнi бүгiнге дейiн жойылған жоқ. Егер үй иелерi мұны ұмытып бара жатса, қонақтардың өздерi: "Ауылдың алты ауызы бар ма?"- десiп, есiне түсiредi. Сондай - ақ "Тыңдаушы табылса, ән де табылар" деген сөзбен орындаушы ән айтуға дайын екенiн, бiрақ көңiл қойып тыңдау қажет екенiн ишарамен бiлдiредi. Ал "әшейiнде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас" деген нақыл сөз көпшiлiк орында қысылып - қымтырылғандарға тағылған кiнәдай естiлетiн.

2.Тәрбие құралдары. Адамның іс-әрекетіне бағыт беретін білімдерден тәрбие құралдары бөлінеді. Олар: тәрбие беретін этнопедагогикаға енетін, қазақ этнопедагогикасындағы негізгі білімдер - халық білімдері дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, рәсімдер, ережелер.

Этнопедагогикалық мәдениет заттардан, сезімдерден, білімдерден, іскерлік, дағдылардан тұрады.Олар:

-бесік және бесік жырлары;

-ойын өлеңдері;

-қозғалмалы ойындар

-балалар фольклоры;

-қоғамдық тәрбиешілер институты;

-балалар мен жастардың дәстүрлімерекелері;

-ақыл айту;

-жас аналарға кеңес;

-ата-бабалар өсиеті;

-руын білу(шежіре);

-халықтың жас ұрпақты өмірге дайындау жөніндегі көзқарастары;

-балалар киімі;

-ойыншықтар;

-балалар тағамдары;

-тамақ ішу әдебі;

-балалардың еңбек құралдары;

-балалар еңбегі;

-спорт т.б. жарыстар;

Оған материальдық және рухани мәдениет енеді. Мазмұнын мұғалім іріктейді. Мазмұнда адамзат мәдениеті шоғырланған.Оның маңыздыларын анықтаған дұрыс.Ұлттық тәрбиеге үлкен ықпал жасайтын, ұлттық педагогикалық білімдер шоғырланған дәстүрлі-тұрмыстық мәдениет:

-тіл;


-әдеттегі сана: жорулар, нанымдар

-нормалар: ережелер; әдет-ғұрыптар; салт-дәстүрлер.

Ғалымдар адамның алуан түрлі қажеттіліктерін өтеуіне байланысты мәдениетті өндірістік, танымдық, тіршілікті қамтамасыз ететін, әлеуметтік-нормативтік деп 4 салаға бөледі. Этникалық тәрбие мазмұны этникалық мәдениетке енеді. Этникалық мәдениет әлеуметтік-нормативтік, танымдық, өндірістік, өмір сүру деген бөліктерден тұрады.

Мәдениеттің өндірістік саласы материалдық байлықты, өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру және қайта өндірумен байланысты. Бұл салаға рационалдық емес, эмоциональдық, сезімдік жолмен, өнер арқылы алынатын білімдер енеді.Мысалы, қолданбалы өнер: ағаштан, темірден, металдан, сүйектерден, мүіздерден, маталардан, жүннен жасалған бұйымдар; тоқу өнері; кесте төгу өнері; сәулет өнері; күйдіру; ағашқа ою; мүсін жасау. Бұйымдар: бас киімдер, аяқ киім, тон, ыдыс-аяқ, саз аспаптары,ат әбзелдері, әшекей заттар.

Өндірістік сфера аңшылық, мал шаруашылығы, жер шаруашылығы деп 3 топқа бөлінеді. Аңшылық саласында балаларды аң аулау шеберлігіне үйретеді. Мал шаруашылығы саласындағы еңбектің түрлері: малды емдеу; малды өсіру; малды қырқу; жайлауды және су көздерін таңдау. Жер шаруашылығы саласындағы еңбектің түрлері: топырақты зерттеу; ауа райын болжау;

Тіршілік ету мәдениеті. Оған адамдардың «бірінші» қажеттіліктерін қанағаттандыратын өндіріс салалары енеді. Олар: мал шаруашылығы өнімдері; ұлттық киімдер өндіретін жеңіл өнеркәсіп салалары. Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінен шыққан, адам баласына жақсылық ойлау, оған тiлек айту, қазақ халқының дiнге байланыссыз, алғашқы қауымнан қалыптасқан дәстүрi Қазақ халқының салт-дәстүрлерін жинап, зерттеп келелі пікірлер айтқан В.В. Радлов, А.А. Васильев, Ә. Диваев(1856—1933) сияқты этнографтар бата-тілектің шығу тегін, жан-жақты қарастырып, ғылыми тұжырым жасаған. Мысалы, А.В. Васильев 1905 жылы Орынборда басылымнан шығарған «Образцы киргизской народной словесности, молитвенных благожеланий» (Бата сөз) деген еңбегінде батаның халықтың ерекше назарында болғанын, қазақ поязиясының ерекше түрі екендігін, батаны беруші адамның үй иесіне деген жүректен шыққан шын ықылас, пейілі, ақ ниеті, алладан тіліер тілегі өлең түрінде ақтарыла айтылатынын жазған. Бата беру әдетте ауылдың үлкен қария ақсақалдарының үлесіне немесе құдайы қонақтың үлесіне тиген. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады» деп түсінген ата-бабаларымыз» «Батаменен ел көгерер, жауынменен жер көгерер», «Көп тілеуі-көл»-деген сөз батаның халықтың рухани қуат алатын құдіретті сенім күші екендігін көрсетеді. Халық батаны «киелі сөз» деп, жоғары бағалайды, жастар жаттап жадында сақтайды. Кейiннен келе тiлек айту, сол тiлекке жету “құдiретке байланысты” деген сенiммен бата қалыптасты да, оған дiни сөздер тiрек болды. Шын мәнiнде, тiлек дегенiмiз – бата, бата дегенiмiз – тiлек. “Үйiң құтты болсын”‚“Сапарың оң болсын”‚“Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз” деген тiлектер қысқа баталық сөздер. Қарт адамның батасы өсиетті ой тұжырымдарға толы: «Шырағың сөнбесін», «Арманыңның асуына жет». Халық дәстүрiнде батаны жасы үлкен адам немесе қария беру керек. Ол жастарды бiрлiкке, әдiлеттiлiкке, адамгершiлiкке тәрбиелейдi. Бата ризашылық ниеттiң көрiнiсi ретiнде де айтылады. Батаның түрлерi көп, ал оның негiзгi ой- мақсаты – жақсылық тiлеу, жеке адамды адамгершiлiкке тәрбиелеу. «Бөршіл, бөршіл бол, Тәңір берген несібең, Боз торғайдай төлшіл бол... Тепкілесе кетпесін!»-деген бата алғыс сезімдер арқылы «Балаң көп болсын, уайым-қайғың жоқ болсын, тамағың тоқ болсын, бақытың баянды болсын!- деген сияқты ешбір дәуірде ескірмейтін ақ тілекті білдірген.

Дастархан басында берiлетiн батаны көбiне “ас қайыру”деп те атайды. Ас iшiлiп болған соң, дастархан басындағы ең үлкен кiсi: “Дастархан байлығын берсiн, денсаулығын берсiн, алла бере бер – береке бер, аман сақта, абырой бер”, - дейдi.

“Асың, асың, асыңа,

Қыдыр қонсын басыңа.

Жас қосылып жасыңа,

Өркендей бер, тасыма !” т.б.

Қазақ халқында келiннiң сәлем қылуы, үлкен адамның келiнге бата беруi - өнегелi нұсқа. Келiнге бата берудiң нұсқалары сан алуан, көбiнесе ол бата: “Ұл тап”,“Қосағыңмен қоса ағар”‚“Иманды бол ” деп басталады.

Үлкен адамдарға сый- сыяпат көрсетушi ер азаматқа берiлетiн батаның мазмұны кеңiрек:

Сый көрсеттiң маған,

Бата берейiн саған.

Алтыннан болсын жағаң

Күмiстен болсын тағаң...

Немесе,


Е, құдайым оңдасын

Аруақтар қолдасын

Сексен түйең боталап,

Сегiз келiнiң қомдасын.

Есiктен кiрсiн дәулетiң,

Тесiктен шықсын бейнетiң.

Құдай бере берсiн, береке берсiн,

Аман сақтап, абырой берсiн, - т.б.

Жас жұбайларға берiлетiн бата көбiнесе өсиет, өнеге ретiнде айтылады:

Өмiрлерiң мәндi болсын,

Махаббаттарың мәңгi болсын !

Шаңырақтарың биiк болсын,

Босағаларың берiк болсын.

Елiңе елеулi бол,

Халқыңа қалаулы бол !

Халқыңа бағалы бол,

Балалы – шағалы бол !...

Әдетте сапарға шығып бара жатқан жас жiгiт, сапар алдында ауыл қариясынан, жанашыр үлкен адамнан бата алады, оған: “Сапарың оң болсын, сәттi жол болсын”‚“басыңа бақ қонсын, жолың ақ болсын”‚ т.б. бата берiледi.

Той иесiне берiлетiн бата, тойдан соң той болып, бақыт – берекенiң молая беруiн сөз етедi.

Уа, құдайым оңдасын,

Еш жамандық болмасын.

Құдай бiзге көктен бер,

Көктем берсең, көптен бер.

Жаудыр бақыт жаздай бер,

Жаздай берсе, жазбай бер.

Күлiмдетiп көздей бер,

Көздей берсең, үзбей бер.

Қыруар қып қыстай бер,

Қыстай берсең, қыспай бер.

Осы үйге бақыт тола берсiн,

Тойдан соң, той бола берсiн т.б.

Өнерпаздық өнерiне риза болған халық: “Өнерi өрге бассын” ‚“Сәкеннiң сәнiн берсiн, Күләштің әнiн берсiн”‚“Көсегең көгерсiн”‚“Жаның жамандық көрмесiн”‚“Құдай көңiлiңдi көтерсiн”‚“Дарының дами берсiн”деп бата бередi.

Бата алу, бата сұрау, бата қылудың өз рәсімдері бар. Алдына көп мақсат қойып, қариядан бата алу үшін бата алушы бата берушіге сый-сыяпат көрсетеді.

Теріс бата-жазаның өте ауыр түрі. «Құнанбай қос қолын созып, алақанын сырт қаратып тұр...Бұл теріс батаның белгісі»(М. Әуезов.)

Сонымен бата-тілектер жастарды жақсы сөзбен жарылқап, еңбекке ынталандырып, отбасы таулығын күшейтуге айрықша әсер етті. Ол- халықтың рухани қуат алатын құдіретті сенім күші. Ол талапты жастарға үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілген ұлы адамдар мен ел ақсақалдарының ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.

Тiлек – батаның “ұсыныс”түрi. Тiлек айтушы өз тiлегiн ризашылықпен айтып, “тәбетiңiз тартымды болсын”‚“бұдан былай тек жақсылықпен бас қосайық”‚“достарыңның алды болу үшiн, еңбектен, еңбектерiң табысты болсын”‚“тату- тәттi тұрыңдар”дейдi.

Тiлеу – жеке адамның аллаға сыйынып, аруақтарға бас иiп, өз болашағына не жанашырлық жақындарына бақыт тiлеуi:

Жақсылық, бақыт бар бол,

Жасаған ием, жар бол.

Бере гөр алла, денсаулық

Жақсылық пен жансаулық.

Сақтай гөр, алла, пәледен,

Сақтай гөр нақақ жаладан.

Аруақтар қолдай гөр,

Аллам iстi ондай гөр!

Iштей тiлеу әрбiр адамның өз сенiмiне байланысты. Ол «құпияны” әркiм бiле бермейдi. Тiлеу – ақ, адамгершiлiк мақсатта болу керек. «Бiреуге жамандық тiлегенше, өзiңе амандық тiле дейдi халық. Сондықтан да iзгi адам е, алла, досқа күлкi, дұшпанға таба қылма деп тiлейдi. Елiмдi, жұртымды аман қыл, алла дейдi.

Бата, тiлек, тiлеу жақсылық ниетпен айтылып, жеке адамды адамгершiлiкке, имандылыққа тәрбиелейдi, қуантып, құлшындырады, алға бастап, арман биiгiне көтередi, сенiмдiлiк пен батылдылыққа баурайды.

Қазақ – халқының ұлттық педагогикасына ырымдар жатады. Оның ұрпақ тәрбиесiнде алатын орны ерекше,ерекшелiгi сол жас жеткiншектердi естi, адал, еңбекқор, парасатты болсын деген үмiтпен ата-баба тәлiм-тәрбиесiн әрқашан мұра тұтып келген және оны талап етiп отырған. Халқымыз ұрпағын жаман әдеттерден жирендiрiп, жақсылыққа жетелеп, өсиет сөздерiн күнделiктi бойына ұялатып отырған. Енді кейбір ырымдарға тоқталайық:

Омыртқаның жұлынын жегiзбеген –суға кетiп қалады деген жаман ырым бар.Бос бесiктi шайқама-балалы болмайсың деген жаман ырым. Итке кет деп айтпа,себебi,жетi қазынаның бiрiне санаған, береке¡, ырысың кетедi деп ырымдаған. Жақын адамнан иттiң күшiгiн алма, итше ырылдасып өтесiң деген жаман ырым бар.Күшiктi де ұрлап алу керек дейдi.

-Қонаққа кетiк,жарық кесемен шай берме. Қазақтың ырымында ондай ыдыспен шайтан бiрге ұрттайды дейдi.

-Малдың желінген басын түнде лақтырма-мүжілген басты түнде лақтырса, малдың ырысы кетеді деп ырымдайды.

-Бетіңді баспа-қайғылы адам бетін басады жаман ырым бар Отқа түкірме-қазақта жаңа түскен келін май құып отқа табынады. Ал отқа түкіру деген сол үйдің оты өшсін, иесіз қалсын деген мағынамен жаман ырымға санаған.

-ашық қалдырған тағамды жаратуға болмайды;

-жастық орнына шалбарды басқа жастануға болмайды;

-тырнақ пен шашты тек бейсенбі мен жұма күндері алады;

-жолда кездескен адамнан «Қайда барасың?» деп сұрамайды. «Жол оң болсын» деп айту керек.

-ертеңгілік астан бас тартуға болмайды, тәбеті жоқ болса да ауыз тию керек.

-түс ауа көңіл сұрама;

-сыпыртқыны тұрғызып қойма;

-бетіңді баспа-қайғылы адам бетін басады жаман ырым бар Отқа түкірме-қазақта жаңа түскен келін май құып отқа табынады. Ал отқа түкіру деген сол үйдің оты өшсін, иесіз қалсын деген мағынамен жаман ырымға санаған.

-ашық қалдырған тағамды жаратуға болмайды;

-жастық орнына шалбарды басқа жастануға болмайды;

-тырнақ пен шашты тек бейсенбі мен жұма күндері алады;

-жолда кездескен адамнан «Қайда барасың?» деп сұрамайды. «Жол оң болсын» деп айту керек.

-ертеңгілік астан бас тартуға болмайды, тәбеті жоқ болса да ауыз тию керек.

-түс ауа көңіл сұрама;

-сыпыртқыны тұрғызып қойма;

Тыйым(дәстүр, тәрбие) сөздер балалар мен жастарға «жирен жаман әдеттен дегендей» жаман істерден сақтандырып, жақсылыққа еліктеу, бейімдеу мақсатынан шыққан таза халықтық педагогикалық ұғым. Жас кезiнен ұрпағын “тек” деп өсiрген халқымыз терiс қылық мiнезге де тиым салған.Сол ырым мен тыйым сөздер балалық шақтан жiгiттiкке жеткенде, үйленiп,үйлi баранды болғанда да ереже тәрiздi.

“Осылай жасама,жаман сөз айтпа, дұрыс емес”, т.б. сөздердi¡ жауабы “жаман болады” дегенмен аяқталып отырған. Өмiрде әр тақырып саласына байланысты қажеттi ырым-тыйым сөздер кездеседi.Соның көбiнiң жауабын айта алмай қиналамыз. Соларды зерттеп, салыстырып отырғанда “солай деп тыйым салған” немесе “ырымдаған”т.б тәрiздi жауабы жазылған түсiнiктемелерi аз, ал қайталанып кездесетiндер көп. Төмендегi осындай ырым-тыйым сөздердiң түсiнiктемесiне көңiл қойсақ.

- Балаға ми жеуге болмайды-мидай былжыр, ынжық болып өседi деп тыйым салған.

- Жас балаға бұғана ұстатпаған-бойы өспей қалады.

- Қойды аттама –ол киелi мал.Меккеге барған деп атауға тыйым салған.

- Иiн ағашпен үйге кiрме-себебi, сол әулеттiң келiндерi бедеу (яғни бала көтермейдi) болады деп, қысқасы ұрпақ жалғасы болмайды дегендi түсiндiредi.

- Қазанның жалпы ыдыстың түбiн тырнақпен қыруға болмайды дегендi түсiндiредi. Себебi қой, ешкi, сиырдың желiнiне шығу шығады.

- Терезе, әйнектiң алдында отыруға болмайды - ол күн шұғыласымен таласқандық болып есептелiнген. Яғни, үйге күн сәулесiнiң түсуiне кедергi жасағандық деп тыйым салған.

- Ыдыстағы (қауға, шелек) суға аузыңды малма,себебi сол ыдыстағы су арам болады дептi. Ыдысты еңкейтiп iшу керек деп тазалықты талап еткен.

- Қамшыны (бейсуат қамшылама-мал шетінейдi деп тыйым салған. Шетінейдi –мал өлiп қала бередi дегендi бiлдiредi.

- Ер адамның (көйлегiн,шалбарын,бас киiмiн т.б) киiмдерiн әйел адамға киюге болмайды.Ол - бақталастықты бiлдiредi.Себебi әйел адам бәрiбiр ер азамат бола алмайды деген ұғымды түсiндiредi.

- Жақын адамға мылтық, пышақ сыйлама-жақын туыстың, ағайын адамдардың арасы суып кетедi,-деп ұрлап алуға рұқсат берген, өйткенi, мылтық, пышақ, кездiктер суық қаруға жатады.

-Тісіңді қайрама-өлімге мойынсұнған адам солай істейді деп тыйым салған.

-Мойныңа белбеу салма-буыншақ ауруына ұшырайсың деп тыйым салған.

-Тұзды баспа-астың иманы, төресі деп киеліге санайды.

-Жатқан кісіні атама.

-Бақан, құрықтан аттама. Бақан-үйдің тірегі, құрық-тіршілік құралы.

-Аттың жүгенін аттама-төрт түліктің пірі жылқыны ерекше қасиет тұтқан.

Міне осындай өмір ережесін еске ұстаған тәрбиелі балалар ешқашан жаман әдеттерге бармайды деп ойлаған.Халқымыз ырымдар арқылы ұрпағын жаман әдеттерден жирендіріп, жақсылыққа жетелеп отырған. Халық теріс қылыққа тыйым салды. «Осылай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес т.б.» сөздердің жауабы «жаман болады» деген сөздермен аяқталды. -Малдың желінген басын түнде лақтырма-мүжілген басты түнде лақтырса, малдың ырысы кетеді деп ырымдайды.

Қазақтың халық шығармашылығы-бала тәрбиесінің құралы. Тәрбиенің қалыптасып дамуында халық шығармашылығы орасан зор рөл атқарды. Халық шығармашылығына ауызекі поэтикалық, музыкалық, сәндік-қолданбалы өнер түрлері енеді. Онда қайырымдылық, мейірімділік ,ізеттілік, инабаттылық, бауырмалдық, туыстық, достық, жолдастық сезім, туған жерге, елге сүйіспеншілік, ұлттық намыс, ата-баба дәстүріне сыйластық көзқарас, ұлттық өнерді құрметтеу, сақтау, отансүйгіштік, сынды құнды адамгершілік қасиеттер дәріптеледі. Жеткіншектердің жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей ықпал еткен тәрбиенің негізгі құралдары халық шығармашылығы, қазақ даласының ойшылдары мен ақын-жырауларының шығармашылығының тәлімдік тағылымдық мәні. Балаларға тәрбие беруде мақал - мәтелдердiң де орны ерекше болған. Мақалдап сөйлеу маңызды қасиет саналды.

Орыстың педагогы К.Д.Ушинский мақал – мәтелдердi балалардың тәрбиесi мен жеке адамның қалыптасуындағы сан ғасырлық тәжiрибесiн қорытындылаушы нағыз халықтың педагогикасы деп санады. К.Д.Ушинскийдiң бейнелi сөзiмен айтқанда, балалар тәрбиесi саласындағы мақал-мәтелдер, сондай-ақ басқа да қанатты нақыл сөздердiң iнжу-маржандарында халықтың даналығы, байқампаздығы, оның бала тәрбиесiндегi үлкен өмiрлiк тәжiрибесi, еңбекке деген көзқарасы, үмiтi мен арманы, мүддесi қалыптасып сақталған.

Мақал – мәтелдер мен нақыл сөздерден әр ғасырдың адамдары ғибрат алған, тәлiм – тәрбие көрiп олар кейбiр ұлы адамдардың ұраны болып саналған, көпшiлiк ақын - жырау, би - шешендердiң, ағартушы -педагогтардың шығармаларында арқау болып, көрiк берген. "Көп iшiнде сөйлеген – көсемдiктiң белгiсi, көпке сөзi ұнаған - шешендiктiң белгiсi" -деп сөз мәдениетiн меңгерту шешендiк өнердiң қалыптасуына ықпалын тигiзетiнiн бала кезден санаға сiңiре берген. Орнын тауып сөйлеудi маңызды қасиет деп түсiндiрген.Мақал – мәтелге сөйлеу мәдениетiнiң бip көрсеткiшi ретiнде қарап биiк талаптар койған. "Мақал – сөздiң мәйегi", - айтылар ой - пiкiрдiң әpi қысқа, әpi нұсқа болуын, мақал адамның тiл байлығын сөздiк қорын, ақылын, ой -өpiciн, сөйлеу мәдениетiнiң көрсеткiшi екенiн ескертеді. "Сөздiң көркi - мақал", "Мағынасыз сөз болмайды, мақалсыз ел болмайды», "Делдал малдың базарын келтiредi", "Жiптiң ұзыны жақсы, сөздiң қысқасы жақсы", "Сөз тас жарады, тас жармаса бас жарады", "Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле" - деп айтылар ой-пiкiрдiң әpi қысқа, әpi нұсқа болуын, мақал адамның тiл байлығын, сөздiк қорын, ақылын, ой - өрiсiн, сөйлеу мәдениетiн байқататынын ескертедi.

"Саны бардың мәнi бар", "Есепсiз дүние жоқ" деген мәтелдер арқылы жас жеткiншектердi сан iлімiн меңгерiп, оны үйренуге, оған үлкен жауапкершiлiкпен қарап, есептiң өмiрдегi мәнiн дұрыс түсiнуге шақырған.

"Жалғаймын деп үзiп алма, түзеймiн деп, бұзып алма", "Киiм пiшсең кең пiш, тарылтуың оңай", "Жетi рет өлшеп, бip рет кес", "Сырын бiлмеген аттың сыртынан жүр", "Түйенiң үлкенi көпiрден таяқ жер", "Керек тастың ауырлығы жоқ", "Қызым саған айтам келiнiм сен тыңда" және т.б.) сынды мақалдар баланы әрбір қадамын ойланып жасауға шақырады.

Халық мақалдарының тақырыбы орасан көп. Оның бәрiн қамтып шығу мүмкiн емес. Алайда шолудың өзi-ақ мақал – мәтелдердiң бала тәрбиесiнде жетекшi рөл атқарғандығын дәлелдейдi. "Жақсы сөз - жарым ырыс", "Аз сөз - алтын, көп сөз – көмiр", "Бiлiмдiнiң сөзі жiбектей, бiлiмсiздiң сөзі бiлектей", "Аузы жаман ел былғайды, аяғы жаман төр былғайды", "Жақсы сөз жан семiртер", "Жылы, жылы сөйлесең, жылан да iннен шығады" "Сөйлей бiлмеген өзiн - өзi қор етер", "Сөз тапқанға қолқа жоқ", "Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер", "Орынсыз сөз өзiңе тиер", "Ердiң өзiне қарама, сөзiне қара", "Жақсының сөзi ақыл шақырады", "Көңiл көзiн сөз ашар, сөйлемес кiр басар"- деп халық даналығы жас жеткiншектердi сөз мәдениетiн меңгерiп, оны қадiрлей бiлуге, оған үлкен жауапкершiлiкпен қарап, орынды, әсерлi, бейнелi сөйлеуге шақырады, басқаны да мұқият iлтипатпен тыңдауға, өзiнiң айналасындағыларға мейiрiмдi, кiшiпейiл, iзеттi болуға, жақсы мен жаманды, қас пен досты, сұлулық пен ұсқынсыздықты айыра бiлуге баулиды. "Тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнi бар", екенiн ескере отырып, "Көп iшiнде сөйлеген – көсемдiктiң белгiсi"- деп сөз мәдениетiн меңгеру шешендiк өнердiң қалыптасуына ықпалын тигiзетiнiн бала кезден ciңipe берген.

Сонымен бipгe әр нәрсенiн шегiн бiлудi, орнын тауып сөйлеудi өте маңызды қасиет ретiнде бағалаған. Бұған "Байлауы жоқ шешеннен, үндемеген естi артық, бәйге алмаған жүйрiктен белi жуан бестi артық", "Бiр сом бepin айтқызып, мың сом бepiп қойғыза алмадым", "Бояушы, бояушы дегенге- сақалын бояйды" деген мақал – мәтелдер дәлел бола алады.

Ақыл-ой, мәдениет, өнер деңгейi бiлiмге байланысты екенiн ескерткен.

"Ағаш көркi жапырақ, адам көркi шүберек", "Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейдi", "Жылтырағанның бәрi алтын емес" деген мақал – мәтелдер арқылы адамның сырт келбетiнiң, киiм киiсi мен жүрiс-тұрысының дұрыс болуын ескерткен, " Халық тағылымдық мақал – мәтелдерге де көп мән берген. Оларда ерекшелеп - айтылатын ой мақтау сөзбен ғана шектелмейдi. "Жақсы қыз-жағадағы құндыз, жақсы жiгiт- көктегi жұлдыз", "Жақсы - ай мен күндей, әркімге бiрдей", "Жақсы көлмен тең - суы тәттi, жаман шөлмен тең - желi қатты", "Ай десе-аузы, күн десе – көзi" деген небiр әдемi теңеулермен жоғары бағалайды. Мақал – мәтелдер мен нақыл сөздерден әр ғасырдың адамдары ғибрат алған, тәлiм-тәрбие көpiп,олар кейбiр ұлы адамдардың ұраны болып саналған, көпшiлiк ақын -жырау, би шешендердiң, ағартушы - педагогтардың шығармаларына арқау болып, көрiк берген. Мәселен, Ы.Алтынсарин өзiнің өлеңдерiнде, ертегi, аңыз - әңгiмелерiнде, тiптi орыс достарына жазған хаттарында да мақал – мәтелдерге жүгiнiп отырды. Ертегiлер. Бала санасына жастай тәрбиелік ерекше ықпал етуде ертегілер үлкен орын алады. Қазақ ертегілерін ең алғаш зерттеп, жинақтаған Ш. Уәлиханов, Г.Н. Потанин, Н. Березин, М. Көпеев, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллин, М. Әуезов.Бұл зерттеушілердің барлығы да ертегілерді адам баласының арман-мүддесі, болашақтан күтетін үмітінен, қиялынан туған деп қарастырады. Жанрлары сан қилы (қиял - ғажайып, хайуанттар және шыншыл ертегiлер, салт, ғұрып, күлдiргi ертегi, аңыз ертегi) қазақ ертегiлерiнiң де жас ұрпақ тәрбиесiне берерi мол. Басқа халықтар сияқты, қазақ халқының педагогикасында да ертегi жас ұрпаққа тәрбие беруде орасан зор роль атқарды және де әлi де атқарып отыр. Қазақ халқының ертегiлерi тереңдiгi, шыншылдығы, тапқырлығы, тапқыр-әжуа - мысқылы және әлеуметтiк мәнi жағынан алғанда көрнектi көркем құбылыс болып табылады. Қазақтардың алғыр ойлылығын, тапқырлығын, эпикалық дастан мен ертегiлердi жатқа айтып шығу және оларды ұзақ мерзiм есте сақтау қабiлетiн өзiндiк ерекшелiк ретiнде кезiнде көптеген зерттеушi ғалымдардың атап көрсеткенi белгiлi. Осы қасиеттер ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға берiлiп отырды.

Сонымен қатар баланың қиялын дамытуда ертегiлердiң де алатын орны ерекше. Мысалы «Керқұла атты Кендебай», «Ағаш ат» ертегiлерiнде алты айшылықты алты - ақ аттар қанатты тұлпарларын, «Ер төстiк» ертегiсiндегi Саққұлақ, Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусарлардың көлденең жатқан көк тасты тиген тұяғы, саз балшықтай иледi» деген суреттердi бала көз алдына елестету үшiн өз қиялына жүгінеді. Ертегiде суреттелген кейіпкерлердiң көркемдiк - поэтикалық бейнелерi, парасатты icтepi, рухани таза жан дүниесi, арман - тiлегi, сондай - ақ адамдардың рухани сұлулық пен нәзiктiкке берген жоғары бағалары баланың адамгершiлiк қасиеттерiн жетiлдiрудiң және әдемiлiкке деген қызығушылығын арттырудың құралы болады. Ертегiде адамдардың, әcipece қыздардың сыртқы сұлулығын – көрсетiп, түр - сипаты, жүрiс - тұрысы ерекше әсерлi суреттеледi. Халық сыртқы сұлулықты, адамның iшкi рухани байлығымен, оның ақыл - ойын моральдық қасиеттерiмен: ерлiк, батырлық, батылдық, ержүректiлiгi, патриоттық, гуманистiк терең сезiмiмен үйлесiмдi болуын талап еттi. Оған дәлел "Күн астындағы Күнекей қыз", "Патша мен бүркiт", "Жiгiт пен өнерлi қыз", "Ермек" т.б.Көпшiлiк ертегiлер балаларды адамгершiлiк асыл қасиеттердi меңгертуге, еңбектану арқылы өнердiң бip түрiн игеруге, өнер иесi болуға уағыздайды (Мәселен, "Жетi өнерпаз", "Ер Төстiк" және т.б.). Халық шығармашылығында, әcipece эпикалық дастан мен ертегiлерде жекелеген құбылыстар фантастикалық бейнелермен әсipe көрсеткiшiмен, олардың мазмұны шындығында болмыстан алынған көрiнiстер болып табылады.Көптеген ертегiлер балаларды өзiнiң көркемдiлiгiмен, әсемдiлiгiмен, тартымдылғымен баурап қана қоймай олардың қиялын ұштап, қиындықты жеңуге, қиналған кезде ақылымен шешiмдi әрекетке баруға, зерек, тапқыр болуға итермелейдi. Айналадағы әдемiлiктi түсiне, қызықтай, қабылдай бiлуге үйретедi. (Мәселен, “Қара батыр”, "Ермек", "Момынбай мен жетi қарақшы" және т.б.).«Қара батыр" деген ертегiде, түрiкпен елшi жортушыларының қолына түскен Қара батыр деген баланың төзiмдiлiгi, ақылдылығы, кiшкене кезден үлкендерден естiп, көңілiне тоқығанын өмiрде орынды пайдалана бiлуi суреттеледi. Құстарға мұңын шағып, көмек сұрауда (қарға, сауысқан, тырна, қаз, аққу, қарлығаш т.б.) олардың өзiндiк ерекшелiгiн, қылықтарын тауып айтуы, қарлығаш бейнесiнен өзiне сенiмдi дос көре бiлуi сүйсiндiредi. Қарлығаштың қайырымдылығы мен табиғаттың мына бip әсерлi к†рiнiстерi: "Қарлығаш ұшты аспанмен, баланың айтқан жолдарымен, асқар - асқар таулармен, айдын-шалқар көлдермен, батпақ - лай шөлдермен, түрлi - түрлi жерлермен, қос қанатын қамшылап, аспаннан қатер көрiнсе, таса жердi жамшылап, үстiнен терi тамшылап, неше мерзiм жердi өттi, неше мерзiм елдi өттi, нақ отыз күн болғанда, бip ауылға сол жетiп", баланың ертегiнi эмоционалдық сезiммен қабылдауына, көркемдiк-эстетикалық талғамының дамуына әсерiн тигiздi.

Сондай-ақ, әкесiнiң: "Ау, шырағым - құлыным, маңдайымда тұлыным, көлге бiткен құрағым, жалғыз ұлым шырағым!"; шешесiнiң: "Жалғыз бiткен талшыбық, келбетiң келген қарағым, бip дерегiн бiлуге, дүниесiн кезiп қарадым, аш бурадай жарадым, он екi мүшем сөгiлдi, аш күзендей бүгiлдi, таулардың насат тасындай, берiк - ақ едi сүйегiм, өрт шалғандай бүгiлді. Қайда да кеттiң, сұңқарым, үмiт еткен тұлпарым, бip көрсетiп алмады, сол ғана болды - ау iңкәрiм"; қарындасының: "Наркескен деген алмастай, асыл едi негiзiң, бipгe туған егiзiм, сен тұрғанда ойлаушы ем, арғымақ ат мiнермiн, асыл киiм киермiн, тең құрбымнан iлгepi, мен жарқырап жүрермiн, биiктен талап тiлермiн, ойын-күлкi сауықпен, қызық дәурен сүремiн" - деген жоқтау өлеңдерiнде Қара батырдың әдемi келбетi, мiнез - құлқы, жақсы қасиеттерi небiр тамаша теңеулермен еске түсiрiледi, орны толмас өкiнiш байқалады. Әке шеше мен баланың, аға мен қарындастың арасындағы мәдени қарым-қатынасты, сыйластықты, сүйiспеншiлiктi, iзеттiлiктi көрсетедi. Өзiнiң тартымды-мазмұндылығымен тыңдаушыларын жоғары адамгершiлiк белестерiне жетелейдi.

Халықтың рухани үйлесiмдiктегi сұлулықты дұрыс түсiнушiлiк педагогикалық маңызы да мiне осында болса керек. Яки ерте сұлулықты адамгершiлiк ұғымымен дұрыс қабылдауға, айналадағы ортаны эстетикалық және моральдық тұрғыда бағалай бiлуге тәрбиелеумен бipгe, "Адамның сұлулығы - iсiнде" деп ескертудi де ұмытпайды. Ертегiлерде суреттелген туған жер байлығы, табиғат сұлулығы мен ғажайып көрiнiстер, адамдардың ұлы icтepi, ақыл парасаты, ертедегi батырлардың өз халқының бақыты үшiн күpeci, киген киiмi, мiнез - құлқы, жүрiс-тұрысы, пайдаланған қару-жарағы, сауыт-сайманы, мiнген аты, музыкалық аспаптардың әуендерi, балаларға жақсы мен жаманды айыра бiлуге көмектеседi.

Адамдардың (үлкен - кiшi, жас – кәрi, еркер - әйел) ән айту музыкалық аспаптарда ойнау шеберлiгi мен өнердiң басқа түрлерiмен айналысуы да балалардың рухани сезiмiне, талғамына әсерiн тигiздi. Мәселен "Есер мен естi", "Момынбай мен жетi қарақшы", "Ермек", "Ер жетiм" және т.б. ертегiлерiндегi қыздардың сырнайда, кемпiрдiң қобызда ойнауы, шалдың сыбызғыда күй тартуы, қыздардың жiп иiрiп, кесте тiгуi балалар үшiн үлгi тұтарлық ic.

Әрине ертектi мәнерлеп, нақышына келтiрiп айту ертекшiнiң шеберлiгiне, жеке басының ерекшелiгiне, тiл өнерiне, сөз өнерiне, тыңдаушысының сезiмiне эмоционалдық тұрғыда әсер ете бiлуiне байланысты. Ертекшi күлдiргi, әзiлқой адам болса, оның кейіпкері де күлдiргi сөз айтқыш, күлкілi жағдайларға кездескiш болады. Ертекшi батырлық, қаҺармандықты сүйетiн болса, ертегiнiң iшiнде соғыс, майдан, ер сыны, ерлiк сыры, сипаты көбiрек көрсетiледi. Егiншi ойшыл, ақылгөй, дана кici болса, оның ертегiсiндегi кейіпкерлер аузында адамгершiлiк, жақсылық, жамандық туралы неше алуан терең ойлар, шешен нақыл - ақылдар, үлгi өсиеттер жүредi. Ертекшi өнер адамы болса, ертегiде табиғаттың әсем көpiнici, музыкалық аспаптар, ән – күй, халықтың сәндiк - қолданбалы өнерi туралы басымырақ сөз қозғалады. Осынының бәрi ертекшiнiң жеке басының бала тәрбиесiне қосатын үлесiнiң зор екендiгiн көрсетедi.Ертекшiнiң бip ерекшелегi - ертектiң мазмұнын домбыра, қобыз, сыбызғы, ән - күйлермен өзi сүйемелдеп отыруы. Бұл баланың естiгендерiн эмоциялық тұрғыда қабылдауына әсер етедi, сезiмiне, түйсiгiне ықпал жасайды, қиялына қанат бiтiп, әртүрлi елестер туғызады, музыкалық есту қабiлетiн дамытады, сөйтiп бейнелеген образдар оның жүрегi мен зердесiнде мәңгi сақталып қалады.Күлдiргi әңгiменiң бip ерекше қасиетi, өзi жан иесiнiң бәрiне мәлiм, бәрiне ұғымды көpiнicтepiн алады. Солардың болмас, көбiне қиғаш суретiн тыңдаушының көз алдында өз басының iсiмен, қатынасымен байланыстыра айтқанда ерiксiз өрескел, күлкiлi күйлер туады. Ұғымдылығы мен күлкiлiгi тек қазақ тiршiлiгiнен ғана туған емес, әp қазақ, әp адам баласына түгел жетерлiк мөлдiр айқындылығында. Әдетте күлкiлi әңгiмелердi өтiрiк өлеңдер жандандыра түседi. Өтiрiк өлеңдерде қиялға мейлiнше еркiндiк берiлген. Алайда ол күнделiктегi тiршiлiктен, күн көру кәсiбiнен туындап жатады.

Өтiрiк өлеңдердiң көркемдiк шарты -өтiрiктi жорта шындықтай етiп баяндау, қиыспайтынды шебер қиыстыру болып табылады. Оны Тазшаның хан алдында айтқан мына өтiрiк өлең шумағынан байқауға болады:

Үш жаста мергеншiлiк кәсiп қылдым,

Ши оқпен мың құланды атып қырдым.

Ауынан өрмекшiнiң кiлем тоқып,

Ұялмай, жүз тұсақтан сатып тұрдым.

Айдадым жылқы қылып тоқсан түлкi,

Борсықты ұстап мiнсең аттың мүлкi.

Iшiнде топ адамның тулап жығып,

Қылдың ау, ойбай, қарсақ, жұртқа күлкi!

Тазшаның осылай айтқан әңгiмесiне де, өлеңiне де, бастан аяқ ханның өзi мойындағандай, рас дегеннен бip ауыз сөз қоспай айтқанына да ханның мейiрi қанып: "Адам қай iске бет түзеп ұмтылса, сол iстiң уәдесiне шығады. Егер осы неше түрлi жақсылық жұмыстарды мойнына артса, оның да уәдесiнен шығарына көңiлiм сенедi. Түбiнде мұның қолынан үлкен - үлкен жұмыс келер", - деп. айтқан уәдесiмен қызын бepiп, уәзiр етiптi. Бұдан халықтың балаға сенiмi артқаны сенiмдi тәрбиенiң әдiсi ретiнде пайдаланғаны байқалады.

Алдар Көсе, Жиренше шешен, Қорқыт, Асан Қайғы туралы аңыз ертегiлердiң мазмұны да балаларға үлгi өнеге болған, болашақ тiршiлiк, әдiлеттiлiк жайлы ой салған. Оған дәлел - Қорқыт аңызы. Қорқыт 20 жасқа толғанда түс көрiп, түсiнде оған құдiрет қырық жыл өмiр сүретiнi туралы аян бередi. Ол адам баласы мәңгi өмiр сүретiн жердi iздеп, дүниенiң төрт бұрышын шарлайды. Қайда барса да алдынан өзiне арналып қазылған көр кездеседi. Ажал тырнағынан құтылмасын бiлген Қорқыт өзiнiң туған жерi Сырдарияға қайтып оралады. Ағашты жонып қобыз жасап, астындағы жел маясын сойып, оның терiсiмен қобыздың сыртын қаптайды (шанақ жасады). Жерде жүрсе ажал алып кетер деген қауiппен Сырдарияға кiлем төсеп соның үстiнде отырып қобызын күндiз - түнi ұйқы көрмей ойнай бередi. Оның сұлу күйлерiнде жақсылық пен жамандықтың бiтпес күресi адамзаттың арман тiлегi баяндалады. Ол әуендердi адамзат баласы, табиғат, жер - су, тау-тас, жердегi жан-жануарлар, аспандағы ұшқан құс, барлық ерлiк тiршiлiк иесi тыңдайды. Тiптi, күңiренген күйлердi тыңдаған ажал да Қорқытқа батып жеке келе алмаған көрiнедi. Мұндай саздық аңыздарды ертекшiлер балаларға түсiнiктi болу үшiн саздық аспаптарда ойнар алдында әңгiмелеп отырған. Күйдiң құдiреттi күшiн, әуездi, сазды, мұңды әуенiн баланың жан дүниесiне жеткiзе бiлдi. "Өлдi деуге бола ма айтындаршы, өлмейтұғын артында iз қалдырған" - деп ұлы Абай айтқандай, ертекшiлер Қорқыт күйлерiнiң өмiршеңдiгiн, оның күй тiлiмен толғаған даналық ақыл өсиетiн бала зердесiне құя бiлдi.

Ертегiлердегi күлдiргi әңгiмелер мен өтiрiк өлеңдер де баланың қиялына қанат бiтiрiп, эстетикалық - эмоционалдық сезiмiне әсер тудырады ("Тазшаның өтiрiк өлеңдерi', "Қаңбақ шал", "Тоғыз тоқылдақ, бip шiңкiлдек", "Суайттың өтiрiк өлеңдерi", "Қу Тазша", "Құмырсқаға қой бақтырдым").

"Ертегiнiң әрбiр сөзi мәңгiлiк фресканың өте нәзiк нақышы секiлдi, әpбip сөзде, әpбip бейнеде халық рухы шығармашылық күшiнiң ойыны бар. Ертегi - халық мәдениетiнiң рухани байлығы, оны тану арқылы бала туған халқын жүрегiмен танып - бiледi" - деген В.А.Сухомлинскийдiң сөзiнде үлкен шындық жатыр. Өйткенi ертегi ақыл-ойды, адамгершiлiк қасиеттердi, эстетикалық талғамды нәзiк сезiмдi тәрбиелеудiң қажеттi құралы болады. Ол балалардың қиялына қанат бiтiрin, ойлау қабiлетiн, тiлiн дамытуға, шешендiкке, тапқырлыққа, олардың бойында әлеуметтiк, моральдық - этикалық, имандылық, ұлтжандылық және эстетикалық түсiнiктердi қалыптастыруға ceптiгiн тигiзедi және күнi бұрын септiгiн тигiзiп отыр.

Қорыта айтқанда, ертегiнiң қай түрiн алсақ та ол ерiккеннiң ермегi емес, зор коғамдық, тарихтың сыры, тәрбиелiк мәнi бар әңгiмелер. Этномәдениетке ең алдымен тіл енеді. Этнопедагогикада тілдің тәрбиелік мәні зор. А. Байтұрсынов бастауыш мектептегі ана тілінде оқытуға, бастауыш мектепті дамытуға, басқа тілге ана тіліне сүйеніп үйретуге баса назар аударып, оның үлкен маңызын баса айтты. М. Дулатов бастауыш мектептегі оқытудың қызықтылығы, түсініктілігі, әсерлілігі оқушылардың психологиясын ескеріп жазылған ана тіліндегі оқу кітаптарына байланысты деген. Ж. Аймауытов білім негізінің ана тілі арқылы меңгерілетінін айта келе: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жаралғаннан бері оның жан дүниесінің айнасы болып, өсіп-өніп түрлене беретін ,мәңгі құламайтын бәйтерек. Жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы жан толғаныстарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол-халықтың тілі»-деді.Тіл мен дәстүр байланысын зерттеген Н.Сәрсенбаев тілдік ережелер белгілі бір ұлт адамдарының қарым-қатынасы кезіндегі міндетті нормативі.Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер де міндетті. Айырмашылығы тіл-қатынас құралы, әдет-ғұрып моральдық бөлік болуында. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты адамдардың мінез-құлқы мен жүріс-тұрысынан бөлуге болмайды.

Халық ауызекi поэтикалық шығармаларының iшiнде, тәрбиенiң таптырмас құралы ретiнде ойындар мен ойын өлеңдерiне аса мән берген.

Мазмұн бағыттары бipiн-бipi қайталамайтын сан алуан қызғылықты ойындардың бәрiнде дерлiк би элементтерi, ән, күй, тақпақ, мәнерлi қимыл -қозғалыстар мен ыммен жасалатын көрiнiстер, қалжың, әзiл - күлкi, түрлi бәсеке жарыстар бip - бiрiмен алмасып жатады. Ойын барысында қатысушылар өздерiн сезiм, поэзия, өнер әлемiнде сезiнедi, яғни күнделiктi тiршiлiк жағдайын ұмытып, алаңсыз бip ертегi әлемiне ауысқандай болады. Ойнаған ролдерiнен эстетикалык ләззат алады. Ойын барысында қатысушыларға қалай отыру, өзiн дұрыс ұстау,қандай мөлшерде бip -бiрiмен сөйлесу жөнiнде қажет және т.б. талаптар қойылады. Мұның бәрi, бiрiншiден, үлкен тәрбиелiк мағына ойын ережелерi негiзiнде салынған деген түсiнiк берсе, екiншiден, қазақ ойындары драма және теартдың әрқилы элементтерiмен толықтырылған, үшiншiден, ойындардың кең таралып, оған деген үлкен - кiшiнiң көзқарасының дұрыс қалыптасуы - болашақ ұлттық театр мәдениетiнiң қалыптасуына әcepiн тигiзген деп тұжырым жасауға мүмкiндiк бередi.Ойындар-халық тәрбиесінің факторы.

Халық ойындары тосынан туған қызықты кезеңдермен, балаларға ұнайтын санамақ, қаламақ, жаңылтпаш, жұмбақ, күлдiргi ойындармен жиi сүйемелденiп отырады.

Халық ойындары көркем эстетикалық, дене, интернационалдык тәрбиенiң ажырамайтын бөлiгi болып саналады. Әсем қимыл қозғалыстары балалардың рухани тұрғыдағы жетiлуiмен өзара үндесiп жатады. Оларда туған елдiң мәдениетiне деген аялы көзқарасы қалыптасады, патриоттық сезiмiнiң дамып жетiлуiне қажеттi эмоционалдық негiз туындайды.Мысалы "Аңдардың айтысы" атты ойында қатысушылар жүргiзушiнiң талабына (белгiлi бip сарынға) әндердi орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың, өзiне тән ерекшелiктерiн сипаттап, хайуанаттар әлемi жөнiнде нақты ұғымды, музыкалық және артистiк қабiлеттi, жеке және топтасып ән айта бiлу дағдысын жетiлдiрсе, "Қоғи гөк" ойынында билеп жүрiп хормен өлең айтуда өзара үйлесiмдiлiк байқалады. Хормен ән айтып, би қимылын жасаған сайын кеудедегi қоңырау әшекейлер өзара үндесiп жатады. Яғни, әуен саздары мен қонырау сылдыры ойнаушылардың қимылдарына сүйемелдеушiлiк қызметiн атқарып тұрғандай болады, өйткенi ойындағы қимылдар жай қимыл емес, әуеннiң ырғағына байланысты жасалатын қимылдар (қолмен бiрқалыпты, байсалды қимылдар жасалады, иықтарымен ойнайды). Ойын шапшаңдықты, ептiлiктi тиянақтылықты, тез бағдар табуды, ұжымдық ұйымшылдық көрсетудi, бip-бipiне көмектесудi, ("бipi бәpi үшiн және бәpi бipi үшiн"- қыздар), жауапкершiлiктi, батыл қимылды (кемпiр) талап етедi.

Сөздік

Халық білімдері - дамуына географиялық жағдайлар әсер еткен, табиғат пен қоғам заттары және құбылыстарын бақылау арқылы алынған, құбылыстардың себептері, салдарлары көрсетілмейтін, ғылыми емес білімдер. Халықтың күнделікті іс-әрекетінде қолданылатын, салт-дәстүрлер арқылы бекитін табиғат, шаруашылық, технология туралы білімдер, дағдылар



Иррациональдық білімдер - діни түсініктер, сенімдер, қарғыс, баталар

Салт - отбасы, ру, тайпаға тән, ыңғайсыз жағдайға қалмауды ойлаудан шығарылған түсінік, әдетті қалыптастыратын, сақталуына діни қағидалар әсер еткен, тыйым сөздер, қарапайым ережелер, халықтық білім.

Дәстүр - өзегінде заңдар бар, отан алдындағы парызды, көршілер арасындағы қарым-қатынасты реттейтін, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өткен, бұрынғы ұрпақтан мұра болған идеялар, көзқарастар, талғамдар туралы халықтық білім. Мысалы: Жеті ата заңы; әмеңгерлік заңы; неке заңы; мұрагерлік заңы; шариғат заңы, жеті атаға дейін қыз алыспау; жеті атасын білу; туыстық қатынас нормалары; дәстүрлі үйлену тойы; қыз таңдау дәстүрі; туыстық қатынас нормалары; қыз баланы тәрбиелеу дәстүрі; бала тәрбиелеу дәстүрлеріҚұда түсу - дәстүр.

Әдет-ғұрып - ұлттық тәрбиенің негізгі құралы, іс-әрекет мұқият белгіленген, адам қызметін қоғамдағы орнына қарай қатаң түрде реттеп отыратын, адамдар арасындағы қарапайым, қайталанып отыратын қарым-қатынас нормалары, көпшілік мойындаған, күнделікті өмірдегі тәртіпті сақтауға бағытталған, қоғамдық мінез-құлықтың дәстүрлі қалыптасқан ережелері . Стандартты мінез-құлық. Ядросы-ереже, тыйым. Ұл, қыз, ана, әже, ата міндеттері. Ата, әже, әке, ана, ұл, қыз, жезде, келін рөлдері оның маңызы.Көбіне отбасында сақталады да, қарым-қатынаста басшылыққа алынады. Әдет-ғұрыптағы өзара әрекет формуласы: жеңге-қайын-сіңлі; жеңге-қайын іні.

Ғұрып-белгілі бір жас кезеңінде орындалатын шаралар.Мысалы: сүндетке отырғызу т.б.Қазақтың отбасы тәрбиесі - құрсақ ,қыз бала, ұл бала, келін, ата-ана тәрбиесі

Тәрбие түрлері-дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, сұлулық-сымбат, табиғат қорғау, үнемшілдік

7 Қазақ халқының отбасындағы бала тәрбиесі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет