5,6 Халық педагогикасының құралдары мен факторлары. Жоспары: Халық педагогикасындағы тәрбие әдістері. Халық педагогикасындағы тәрбие құралдары



бет3/5
Дата14.12.2021
өлшемі178,71 Kb.
#126803
1   2   3   4   5
Байланысты:
Этонопедагогика дарис 5,6,7,8
Документ, 8 - практика (1), География
Ер жігітке қойылатын талаптар.

№ Халықтық талап Талапқа сай түсінік.

1.Кескін келбеті Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы,қыр мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, шешен тілді, жау жүректі

2.Қадір-қасиеті Қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, нардай төзімді.

3.Қабілет-икемі Ел басқаратын, дау шешетін, жомарттық жасайтын

4.Зерде-зейіні Тылсым сырды ұға алатын

5.Өнер-өрісі Өмірден әперер сыбағасын

6.Тапқырлық-ерлігі Дұшпанға найза сұға алатын

7.Қайрат-қаруы Аяқтан шалғанды жыға алатын

8.Жігер-күші Қиындықта сыналатын

9.Білімі Биікке бастап шыға алатын

10.Адалдығы Туған елі мен дос-жаранына адал болатын

11.Әділеттілігі Қара қылды қақ жаратын

12.Шыншылдығы Қаймықпастан, турасын айтатын

Қызға қойылатын талаптар Талапқа сай түсінік

1.Қыз бен жігіт арасындағы туыстықтықтың жеті атаға толуы

Жеті атасын білмеген жетесіз.

Жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық

2.Қыз бен жігіт арасындағы жас үйлесімі болуы Отау тігер жас-жігіттерде 19 бен 25, ал қыздарға 16 мен 19

Жиырмаға жеткен қыз сары болар,

өңі кетіп, шырайы сары болар.

Шал ақын.

3.Қыздың ақылдылығы Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын,

Ол сенің ақыреттік жақын кісің.

Шал ақын.

Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,

Ата-ананың қызынан қапы қалма.

Абай.


4.Қыздың тектілігі Тегіне қарап қызын ал

Соғуына қарап қару ас.

Көріп алған көріктіден,

Көрмей алған текті артық.

Аяғын көріп асын іш,

Шешесін көріп қызын ал.

5.Қыздың сымбаты мен көркі Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне.

Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу,

Махаббаттың отына күйген сұлу.

6.Қыздың іскерлігі

Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без.

Әйел адамнан талап етілген адами қасиеттер: зейінділік, іскер, жан жарын күту, аналық борышы-өмірге перзент әкелу, тәрбиелеу, қонақ қабылдау, шай құю, құрт қайнату, тоқымашылық, киіз басу, кілем тоқу. Қазақ әйелдері бесік жырын айтып, балаларын тәрбиеледі.Әр шаңырақтың ең құрметті, сыйлы адамы ата, әже болды.

Туыстардың барлығы да қарттар мен ата-аналарына қамқорлық жасады.

Қыз, ұл, ана, әке, қарттардың жоғарыда аталған қасиеттері мінез-құлық, жүріс-тұрыс өлшемі болып, ол үлгілерге ата-бабаларымыздың сан ұрпағы еліктеді. Ұлы өнеге әлі де маңызын жойған жоқ. Бiр сөзбен айтқанда, қазақ халқының тәрбие саласында пайдаланған педагогикалык талаптары халық дәстүрлерiнен орын тапқан. Олар:

- балалар ойындары;

- шығармашылығы;

- баланың дүниеге келуiн (шiлдехана) тойлау;

- бесiкке салу;

- қырқынан шығару;

- белгiлi бip жасқа толуын (туған күн) мерекелеу;

- алғашқы қадамына сәттiлiк тiлеу (тұсау кесу);

- сүндетке отырғызу;

- алғаш ат жалын тартып мiнуi (тоқым қағар);

- жарысқа, күреске түсуi;

- той жоралғысы ("Той бастар", "Жар-жар", "Беташар", "Сыңсу", "Қыз ұзату";

- көктемнiң келуiн мейрамдау (Наурыз);

- кici қазасына байланысты салттар (Жоқтау), алыс сапарға шығарып салу;

- туыстар, көршiлер арасындағы әртүрлi тойлар ("Соғым", "Шеке", "Бие бау" және т.б.; қонаққа бару, қонақ қабылдау;

- айтысқа әртүрлi ойын -сауықтарға қатысу;

- Аламан жарыс, Бәйге жарыс, Көкпар тарту, қыз қуу, Теңге алу, қазақша күрес және т.б.

Осы дәстүрлердiң әрқайсысы тәрбиенi¡ өзiнше бip құралы, тәсiлi немесе әдiсi ретiнде қызмет еттi.Ә.Табылдиев халықтық тәрбие негізінде қазіргі балаға қойылатын талаптарды тұжырымдады.Олар:

1Үш байлығыңды: Елiң мен жерiңдi және тiлiңдi құрметте! Елiңдi жамандасаң көмусiз қаласың, тiлiңдi қорғамасаң қадiрсiз боласың.

2.Атаңның ұлы болғанша, халқыңның ұлы бол.

Тегiңдi бiл, терең бiл, бiрақ руға бөлiнбе.

Рушылдық-iндет. Елiңдi сүй, ол-саған мiндет.

3.Жер ата-бабаңнан қалған қасиеттi қоныс.

Болашақ қазақтың қазынасы. Тал бесiк пен жер бесiктiң аралығындағы ғұмырыңның ұясын қорға, топырағын былғама, суын улама.

4.Ана тiлiң-абыройың. Ана тiлiн бiлмеген қазаққа құрмет көрсетпе, қызмет ұсынба.

Ана тiлiн үйренгiсi келген басқа ұлттың баласын бауырыңа тарт, сөйлес.

5.Халықтың ән күйiне, әдет-ғұрпына бас iй.

Ақылыңа жүгiн, бiлiмiңе сен. Айқай- әлсiздiң iсi, ақылдың күшi- бiлiмде.

6.Уақытпен санас, уақытыңда жат, тұр, тамағыңды iш, шаруаңды iсте, ойнап-күл. Ерте тұр-ырысың артады.

7.Жалқаулыққа жол берме. Ол басты жауың. Кiсi баласына қиянат жасама, өтiрiк айтпа, мақтаншақ болма, бойыңды кесапат мiнезден аулақ ұста. Бұл - надандықтың белгiсi. Өйткенi, жамандық жасайтын сен, жауап беретiн халқың.

8.Басқа ұлттың баласына бауырмал бол. Ол сенiң досың, әрi көршiң, қонағың. Көп ұлтты әлеумет ортасында өмiр сүре бiл.

9.Шығыс мәдениетi-алтын тамырың. Тамыры¡нан қол үзбе.

10.Өз сенiмi бар адамды сыйла еш нәрсеге сенбейтiн, ешкiмдi сыйламайтын адамнан қорық.

11.Ата-анаңа мейiрiмдi халқыңа қайырымды бол.Үлкен адамға сен деп сызданбай, сiз деп сөйле.Сiз деп сөйлеу кiшiлiктi¡ емес, кiсiлiктiң белгiсi.

12.Қыз-елдiң көркi, гүл жердiң көркi. Елдiң бiрлiгi отбасының берекесiнен басталады.Азаматқа адал жар, балаға аяулы ана бола бiлсе, қыз баланың бағы артады, елдiң мерейiн өсiредi.

13.Ұрпағым жау iздеме, дос iзде. Өйткенi, жау өзi келедi, дос табылмайды. қара басыңның өкпесiне бола, елiңнiң ұлы мақсатын отқа салма.

14.Билiкке ұмтылма, бiрлiкке ұмтыл. Алыстан тоят iзде. Өнер, бiлiм қу. Арақ iшпе, темекi тартпа.

3. Білімнің негізгі функцияларының бірі - балаға туыстық қатынастардың күрделі жүйесін, ұлт ішіндегіәлеуметтік рөлдердің мәнін түсіндіріп, ұлт субъектілері арасындағы қатынастарды реттеу, шежіресін таныту. Ол үшін әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің негізіне алынатын нормалар жүйесі қолданылып, туыстық қатынастар реттеліп, балаға тәрбие беріледі.

Ұлттық тәрбие ұлт субъектісін мақсат қоя отырып, қалыптастыратындықтан халық баланы кішкентай кезінен әдет-ғұрып ұғымымен байланысты ұлттық тәрбиенің негізгі құралы этноәлеуметтік рөлдерді(К.Ж.Қожахметова) орындауға қатыстырды.

Этноәлеуметтік рөл - мінез-құлық, жүріс - тұрыс және қарым-қатынас нормаларының кешені. Халық бiрлесудi бiрлiкке ұштастырған, ұлттық және адамзаттың дәрежеге көтерудi көздейдi. Ұлттық бірлікке ықпал ететін туыстық байланыс - белгілі бір дәлелдерге негізделген этноәлеуметтік рөлдерден көрінеді.Әрбір туыстық қатынас адамның мінез-құлқының және жүріс-тұрысының нормалары болып табылатын еңбеккер, үй иесі, азамат болу сынды әлеуметтік рөлмен тығыз байланысты.

Әрбір жеке тұлғаның сапасы,қызметі, міндеті көрсетілген этноәлеуметтік рөлдер ұғымы әдет-ғұрып ұғымымен байланысты. Әдет-ғұрып негізі- халықтың тұрмысынан туған ойлар, идеялар, дүниеге көзқарас. Тәрбие құралдары болып табылатын, іс-әрекет мұқият түрде белгіленген әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер рулар арасындағы дау-жанжалдарды тоқтату үшін пайда болып, бірігу идеясын насихаттап, қоғамға тәртіп енгізген. Өзара әрекеттің, қарым-қатынастың ережесі әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердегі жас ұрпақта қалыптасуға тиісті рухани сапалар балаларға біріккен іс-әрекет арқылы беріліп, жас ұрпақтың іс-әрекетін, ақыл-ойын, сана сезімін бағыттап отырды. Әдет-ғұрыптар рулық қоғамда адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына баға беру өлшемі ретінде қолданылды.Тәрбиеге этноәлеуметтік тұрғысынан келу қазақ этникалық тәрбиесінің кешенді құралы, табиғи негізі туыстық байланыстың этникалық тәрбиеге үлкен ықпалы бар екенін көрсетті.Қазақ халқы белгілі бір дәлелдерге негізделген туыстық қатынастардың беріктігін жоғары бағалап сақтайтын халықтардың бірі. Сондықтан құндылықтар жүйесінде «туыстар» ұғымына, олардың ішінде балаға негізгі орын беріледі.Туыстық рухы ұлттық бірлікке ықпал ететіндіктен баланы кішкентай кезінен этноәлеуметтік рөлдерді орындауға қатыстыру керек. Туыстық байланыстардың берiктiгi: ата- ананы сыйлау парызы, қартайған ата-аналардың, балаларымен бiрге тұруы, кенже немесе жалғыз ұлдың ата-ана алдындағы жауапкершiлiгi, ересек балалардың iнi - қарындастарының тәрбиесiнiң жауапкершiлiгi, балаларды туысқандарының асырап алуы, туыс отбасыларының өзара көмегi және жесiрлердiң балаларын туыстардың өз қамқорлығына алуы сияқты әдет - ғұрыптар мен дәстүрлер қазақ отбасыларының жазылмаған заңдары бола отырып, балалар мен жастарды тәрбиелеуге жағымды ықпал жасағаны даусыз.

Парасатты әке-шеше балаларына өздерiнiң шыққан тегi, руы, ел -жұрты туралы әңгiмелеп, ағайын - туыстар арасындағы қатынасты жекжат-жұрағатты сыйлау салты бойынша аталас ағайындар бір-біріне қамқорлық жасап, қарайласып отыруға міндеттілігін түсiндiрiп, олардың үлгiлi icтepiн мадақтап отырған. Халық ағайындарын ерекше құрметтеуге ұрпақтарын баулып отырған.

Туыстар арасындағы: әке мен ұлдың, шеше мен қыздың, әке мен қыздың, шеше мен ұлдың, келiн мен қайын ененiң, келiн мен атаның, нағашы мен жиеннiң, күйеу мен қайын ененiң, бажалардың, жезделердiң, бөлелердiң және тағы басқа толып жатқан туған - туыстардың, жекжаттардың арасындары өте бip нәзiк жарасымды өзара қатынас инбаттылыққа, iзеттiлiкке тәрбиелейдi.Қазақтарда қандас туыстық ер адам жағынан есептеледі. Этнос өкілінде туыстық байланыстың 3 түрі бар:

o әке жағынан туыстар(өз жұрты);

o ана жағынан туыстар(нағашы жұрты);

o ері, әйелі жағынан туыстар(қайын жұрты).

Қазақта “Аталастың аты озғанша, ауылдастың тойы озсын” деген мәтел бар. Қазақ “көршi қияметтiк” деп, “көршi ақысы” деп, көршiнi ағайыннан да артық сыйлайды. “Ауылы аралас, қойы қоралас” көршiмен тiлектес, ниеттес болу, оған көмектесiп, қайғысына да, қуанышына да ортақ болу парыз. “Жақсы көршi - ата менен енедей, жаман көршi - басқа қонған пәледей” деп, халық көршi сыйлаудың көп мәнi бар екенiн уағыздайды.“Құданы құдайдай сыйла”, «Күйеу-жүз жылдық, құда-мың жылдық”, “Құда дескен, құйрық-бауыр жескен” деп халық құда, құдағи, құдашаларды ерекше құрметтеуге ұрпақтарын баулып отырған. Құда сыйлау рәсiмдерi: құда түсу, жастарды үйлендiру, бесiк тойы, мүшелтой, мерейтой т. б. тойларда өз жүйесiмен, тәртiбiмен, кәде-жорасымен iске асырылады. Ұрпаққа ата-анадан кейiнгi ең жақын жанашыр адам - нағашы.Халықта “өз жұртың-күншiл, қайын жұртың-мiншiл, нағыз жұртың-нағашың” деген мақал бар. Әрбiр ұрпақ анасының шыққан тегi-нағашы атасын, әжесiн, апасын, ағасын, әпкесiн, iнiсiн, қарындасын, өзiнiң туған жақындарынан да артық көрiп, айрықша сыйлауға мiндеттi. Нағашының жақындық жан сезiмiнiң көңiл ашар көрiнiстерi, елжiрегiштiгi мен қайырымы жиеннiң жанына күн сәулесiндей әсер етiп, жақсылыққа баурайды. Жиен, жиеншар нағашының бұл қасиеттерiн тебiрене сезiнiп, тектiлiкпен қайырым жасауға борышты “Жақсы жезде – әкеңдей” деп халық жезденi әкемен қатар қояды. Өйткенi жезде анадан кейiнгi екiнші ана – әпкенiң жұбайы. Ол бауырларына барынша қамқорлық жасауға міндеттi. Балдыздары жездесiн әкесiндей сыйлап, құрметтейдi. Балдыз бен жезде арасында ешқандай кикiлжiң, ренiш болмау керек. Әзiл - қалжың, көңiлдi сөз, қуанышты құптау, ақ жарқын ақылдасу сияқты арақатынастық рәсiмдерiн жезде де де, оның балдыздары да орнымен, қисынды жүйесiмен орындауы тиiс. Сол сияқты күйеу бала қайын атасын, енесiн, қайын ағасын өзiнiң туыстарынан да артық сыйлай бiлу керек.

«Келін әдебі», «ұл бала әдебі», «қыз бала әдебі»(әдеп-этика). «Келін» ерінің інілері мен апа-қарындастарына жеңге болып келеді. Әдет-ғұрыптағы келіннің қайын жұртымен қарым-қатынасының формуласы: «жеңге-қайынсіңлі», «жеңге-қайын іні». «Жеңгесі бардың теңгесі бар», «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» деген нақыл сөздер осыдан қалса керек.Қазақ халқы балаларды қартайған ата-аналарының өмірі үшін жауапкершілікке тәрбиеледі. Осы идея «қара шаңырақ», «кенже ұл», деген ұғымдардың негізіне алынды Мәселен баланың ата-ана алдындағы перзенттiк парызын халық "Алпамыс батыр" жырында былай тұжырымдайды:

Ақ сүт берген ананың

Балада хақы көп болар.

Ана деген мейiрлi,

Сыйлай гөр, балам анаңды.

Ата деген қадiрлi,

Сыйлай гөр, балам атаңды.

Әрбір рөл - ұл, жалғыз ұл, тұңғыш ұл, ортаншы ұл, кенже ұл - бұл кезек емес, жауапкершілікті білдіреді.

Аталас, ауылдас, құда, нағашы, күйеу, жезде, жиен, дос, жолдас, таныс, ұжымдас адамдармен соғым басыға шақыру, сыбаға беру, бас қосу, той-томалақты бiрге өткiзу, қуанышты құттықтау, қайғыға ортақ болу, т.б. ағайындық сыйласым салттары арқылы сыйласқан.Бұл - атаға бөлiну емес, бiрлесу. Сонымен қазақтың ұлттық тәрбиесінің негізі этноәлеуметтік рөлдер.Әдет-ғұрып, рәсімдер, салт-дәстүрлер арқылы тәрбиелеу көбіне отбасында жүреді. Ал Отанды сүю, үлкендерді құрметтеу, еңбек дәстүрлері арқылы тәрбиелеу көбіне мектепте жүреді. Бірақ екі тәрбие институтының жұмысы тығыз байланысты. Ұлттық тәрбиені жүзеге асыруда Қ. Жарықбаев, Ә.Табылдиев құрастырған «Әдеп әліппесі», «Әдеп негіздері», «Әдеп және жантану» бағдарламаларының үлкен маңызы бар.

Әдет-ғұрып, рәсімдер, салт-дәстүрлер арқылы тәрбиелеу көбіне отбасында жүреді. Ал Отанды сүю, үлкендерді құрметтеу, еңбек дәстүрлері арқылы тәрбиелеу көбіне мектепте жүреді. Бірақ екі тәрбие институтының жұмысы тығыз байланысты. Ұлттық тәрбиені жүзеге асыруда Қ. Жарықбаев, Ә.Табылдиев құрастырған «Әдеп әліппесі», «Әдеп негіздері», «Әдеп және жантану» бағдарламаларының үлкен маңызы бар. .



4.Халықтық педагогикалық даналықта жеке тұлғаны жетілдіру идеясы жетекші орын алады. Мұндай идея қарапайым түрде ежелде пайда болды.Адам табиғатындағы биік құндылық өзін-өзі жетілдіру болғандықтан тәрбиені өзін-өзі тәрбиелеумен ұштастыру оны кең мағынада түсінуге мүмкіндік берді. Еңбек процесіндегі прогресс тәрбиедегі прогреске ықпал етіп, адам қарапайым, стихиялы педагогикалық әдіс-тәсілдерден күрделі педагогикалық іс-әрекетке көшті.

Жетілген адамды қалыптастыру - халықтық тәрбиенің қозғаушы күші. Өзін-өзі жетілдіру адам табиғатындағы биік құндылықтардың бірі. Жетілу ұғымы қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырды. Адамның арғы тегінің санасы өзін-өзі сақтау инстинктісімен байланысты болды. Содан соң денсаулықты шынықтыру, оны күту идеясы пайда болды. Еңбек адамды қалыптастырды. Еңбек құралдарын ыңғайлы, әдемі етіп жасау қажеттігі еңбек құралдарын жетілдіруге ұмтылыс, өзін-өзі жетілдіруге деген ынтаны туғызды. пайда болды. Тіршілік үшін күресте адам өзінің іс-әрекетін басқа адамдармен үйлестіріп, бір-біріне көмектесу керек екенін түсіне бастады. Алғашқы адамдар ыңғайлылық пен ыңғайсыздықты, әдемілік пен ұсқынсыздықты түсіне бастады.Адамзаттың екі үлкен жетістігі - тұқым қуалаушылық пен мәдениет (рухани және материальдық) индивидтің жетілуіне әсер етті. Адамзат прогресі жетілуге ұмтылыссыз мүмкін емес еді. Адам материальдық және рухани мәдениет саласындағы еңбегі арқылы өзін-өзі жетілдірді. Осы мәселе жөнінде Г.Н. Волков былай деп жазады: «Этнопедагогикадағы күрделі мәселе ұлттық мінез ерекшелігімен тығыз байланысты жетілген адам проблемасы. Жетілген адамды тәрбиелеу бағдарламасынан ұлттық өзіндік сана көрінеді. Ол қоғамдық жағдайлардың ықпалымен үнемі эволюцияға ұшырап отырады».(Этнопедагогика…стр.28). Ғалым «Жетілген адам идеясы этникалық ұғым емес. Бұл табиғатпен келісім, оған икемделу мен өзгерту қажеттілігі жөніндегі, адамды дамудың жаңа сатысына көтергісі келетін барша адамзатқа ортақ идея» дейді.Этникалық ерекшеліктер адамды жетілдіру бағдарламасының кейбір бөліктерін өзгертуден пайда болады. Жетілген тұлға туралы әрбір халықтың түсінігі тарихи жағдайлардың ықпалымен қалыптасты. Халық өмірін ұлттық идеалдардан көруге болады. Орта Азия, Қазақстан халықтарының «нағыз жігіт» образы орыс жігітінен іс-әрекетімен, мінез-құлық, жүріс-тұрысымен ерекшеленеді. Бірақ жетілген тұлға идеалы негізінен көп халықтарда бір-біріне жақын. Барлық халықтар ақылдылықты, денсаулықты, еңбекқорлықты, кең жүректілікті, қайырымдылықты, салмақтылықты дәріптейді. Барлық халықтар өз ұлтын және басқа ұлттарды құрметтейтін тұлға тәрбиелеуді арман етеді. Ұлттық қадір-қасиетті тәрбиелеу - жеке тұлғаны жетілдіру негізі. Ұлттық қасиетті тәрбиелеу ұлтқа кір келтіретін мінезді сынаумен қатар жүреді. «Саған қарап халқыңа баға береді», «Халқыңның адал ұлы бол» деген өсиет сөздер барлық халықтардың педагогикасында бар.Сонымен халықтың бақытты болуы өзін жетілдірусіз мүмкін емес еді.Жетілген адамды тәрбиелеу үшін жұмбақтар, жастар мерекелері, табиғат т.б. қолданылды.Жетілген адамның ұлттық сипатына келсек, барлық халықтардың ауызша түрде сақталған шығармаларында адам табиғатының байлығын көрсететін белгілер көп. Жағымды кейіпкерде жеке тұлғаның ақылды, көркем, ержүрек, инабатты, еңбекқор сынды қасиеттері бейнеленді. Мысалы, «Көркіне ақылы сай» деген жоғары поэтикалық мінездеме әйел идеалы, тәрбиенің нақты мақсаты, халықтық педагогикада жеке тұлғаны қалыптастыру бағдарламасы деңгейіне жеткізілген. «Ер жігіт» мінезінің белгілері «қыз» бейнесіне қарағанда кеңірек екендігін. қазақ батырларының образдары дәлелдейді.Адамзат тарихы , мектеп пен педагогикалық ойлардың даму барысы адамның өмірге, іс-әрекетке, белгілі бір әлеуметтік - мәдени жағдайға әзірленетіндігін көрсетеді. Жеке тұлғаны жетілдірудің негізі - өз ұлтын сүю. Олай болса М.Дулатовтың «Бала өзінің ұлттық ортасында тұрып, өз ұлтына қызмет ететіндіктен тәрбиеші оны ұлттық тәрбие рухында тәрбиелеуге міндетті» деген пікірі маңызды. И.С. Кон «Тәрбие мақсат міндеттері және әдістері баланың құндылық-нормативтік бейнесін айқындайды. Халық, ұлт, этникалық топ тәжірибесі, әдеті, тұрмысы халықтың психологиясысының ядросын құрайды. Тәрбие мақсат-міндеттері, әдістеріне халықтың әлеуметтік тәрбиесінің күтілетін нәтижесі, бағалары енеді. Жеке тұлғаның ұлттық мінезін қалыптастырудағы этникалық тәрбиенің рөлі қандай? Қоғамның материалдық өмірінің ықпалымен ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие жүйесі қолданылмаған жағдайда ұлттық ерекшеліктер сақталмайды. Ұлттың өмір салты, практикалық іс-әрекеті тәрбие факторы болғандықтан ұлттық мінездің қалыптасуына ықпал етеді. Олай болса бір халықпен танысу үшін оның тәрбие жүйесін зерттеу керек. Ұлттық тәрбие жүйесін зерттеп, ұлттық мінезді білуге болады»-дейді.

Қазақ халқының құндылық-нормативтік құндылықтарында тәрбие мақсаты «жан - жақты даму» ұғымымен байланысты «Сегіз қырлы, бір сырлы адамды тәрбиелеу» деген басты, ізгі нақыл сөзде белгіленген. «Сегіз қырлы» - жастарға арналған өсиет, ақыл сөз. Жастар дүниедегі білімдерді ақылмен меңгеру керек. «Бір сырлы бол» - өзіңмен өзің бол, бір сәттік ләззатқа берілме, басқа адамдардың үгітіне көнбе деген мағынаны білдіреді.(В.К. Герн. Характер и нравы казахов. Этнографические заметки. Караганда. 1995. стр.35-36.)

Халық түсінігіндегі «жан-жақты даму» ұғымына ақылдылық, іскерлік , адамгершілік және басқа сапалар енеді. Ар, намыс, сыйластық - қазақ халқы өте жоғары бағалаған ұғымдар.

Қазақ халқының ең биік құндылығы-денсаулық(бірінші байлық), екінші байлық-ақылды әйел(ақ жаулық), үшінші байлық-жетістік(он саулық).

Мақсатқа сай тәрбие міндеттері белгіленді. Олар:

- еңбекті сүюге тәрбиелеу, баланы жас кезінен белгілі бір іскерлік, дағдыларға үйрету;

- елжандылық, туған жерге, халыққа, тілге деген ыстық махаббат; туған жер табиғатын қорғау, туған жерді жаудан қорғау;

- адамгершілік тәрбиесі;

- жақсы әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің сақталуына, нығаюына, дамуына үлес қосу.

- ақыл-ой тәрбиесі

- ерлік тәрбиесі

Сөздік

Арнау шешендік сөздер: әзіл, сықақ, сын, бата, алғыс, естірту, көңіл айту.

Шешендік толғау: өсиет, насихат.

Шешендік дау: жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауы.

Өсиет сөздер-ата-бабаның соңғы ұрпаққа айтып қалдырған даналық мұралары. Өсиеттің әулеттік, рулық, ұлттық деп бөлінеді.

Сәби (бала) – 1-5 жас аралығындағы әлі ес білмейтін балалар.

Бозбала(ер) – жасы 14 – 16 – ға толған жас өспірім жігіттер.

Бойжеткен(әйел) – жасы 14 – 16 – ға толған, оң жақта отырған қыз.

Жігіт(ер) – кәмелетке толған ер азамат.

Ілік, жекжат(ер, әйел) – туыстығы жоқ, бірақ құданың құдасы, нағашының бөлесі, жиеннің балдызы тағы сол сияқты туыстық қатысы бар адамдар арқылы жақындасатын адамдар.

Бала(ер,әйел) деп ата – анадан тараған ұрпақтарды айтады. Жеті атадан санағанда бірінші буыны. Олар жынысына қарай «ұл», «қыз» деп аталады. Балалы үй бақытты үй деп бағаланады. Ұрпақтарын ата – бабаларымыз «қуанышым», «ізбасарым», «мұрагерім», «қолғанатым», «азаматым» «көз қуанышым», «бақытым» деп еркелеткен. Ата – ана өз балаларын тәрбиелі, өнегелі, өнерлі ,саналы, білімді етіп өсіруге міндетті. Халықты «балаңды бес жақса дейін хандай көтер, он бес жасқа дейін құлдай жұмса, он бестен әрі онымен досыңдай ақылдас» деген ғибратты қағида бар.

Әдет-ғұрып – қарапайым, қайталанып отыратын қоғамдық қатынас, ұлттықтың негізі.

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер- адамдар қарым-қатынасының нормасы.

Құда бала- құдасының баласы (ұлы) т. б.

Құдағи - күйеу мен қалындықтың шешелерi.

Құда - жекжат- ілiк-жатыс құда адамдар.

Құдандалы - қыз алысып, қыз берiскен, сүйек жатысы бар адамдар.

Құдаша - ерлi-зайыпты адамдардың жасы кiшi «әйел туыстары; құдандалы адамдардың қыздары.

Жиеншар - жиеннен туған бала.

Жиен- күйеуге шыққан қыздан туған бала.

Жеңге - ағаның, жасы үлкен туыстардың әйелi.

Жезде - туысқан адамдардың өзiнен үлкен апасының күйеуi.

Киiт – құда - құдағиларға киiм-кешек түрiнде берiлетiн сыйлық.

Күйеу - әйелдiң ерi, жұбайы.

Келiн – ата - ана үшiн баласының әйелi де, жасы үлкен ағалары мен туысқандары үшiн iнiсiнiң әйелi.

Қайын - қыз алып, қыз берген екi елдiң күйеу мен келiнге туыстық қатынасын бiлдiретiн сөз.

Қайын аға - ерлi-зайыптылардың туған және туысқан ағаларының оларға туыстық қатынасы.

Қайын ене - ерлi-зайыптылардың туған шешелерiнiң оларға туыстық қатынасы.

Қайын бике - күйеу мен келiншектiң туған әжелерiнiң оларға туыстық қатынасы.

Қайын сiңлі - күйеудiң қарындастарының әйелiне туыстық қатынасы.

Қайын iнi - ерлi-зайыптылардың өздерiнен кiшi ұл бауырлары.

Қайын жұрт - қыз берiп, қыз алысқан екi елдiң қыз бен күйеуге жақындығын бiлдiретiн сөз.

Құда бала - құдасының баласы (ұлы) т. б. Жасы кiшiсi туысы.
8 Халық педагогикасындағы дене тәрбиесi



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет