Сіз әрдайым өз қалауыңызға қол жеткізесіз. Ешқашан ойыңызды жасырмайсыз және адамдарға турасын айтқанды жаныңыз сүйеді. Сіз өтірік айтуға үйренбегенсіз
1. Көшбасшы. Сіз әрдайым өз қалауыңызға қол жеткізесіз. Ешқашан ойыңызды жасырмайсыз және адамдарға турасын айтқанды жаныңыз сүйеді. Сіз өтірік айтуға үйренбегенсіз. Ашықтығыңыз бен турашылдығыңыздың арқасында айналаңыздағы адамдар сізді сыйлайды. Қандай бастаманы қолға алсаңыз да сізге шынайы қолдау білдіретін достарыңыз өте көп.
2. Қорғаушы. Сіз айналаңыздағы адамдарға үнемі қамқорлық танытып жүресіз. Және жаныңыздағы жолдасыңызды ешқашан қиын жағдайға қалдырып кетпейсіз. Мейірімділік пен жақсылық ерте ме, кеш пе жеңіске жететініне сенесіз. Ал өзіңіздің мүддеңізді әрдайым соңғы орынға қоясыз. Қолыңыздағы соңғы асыңызды танымайтын адамға беруге дайынсыз.
3. Данышпан. Әлемнің құпиясын тануға ұмтыласыз. Осы суретті таңдаған болсаңыз, сіз әрдайым болған жайттың ақиқатын ашуға тырысасыз. Тез шешім қабылдайсыз. Уақытыңыздың көп бөлігін өзіңізді дамытуға жұмсайсыз. Жаныңыз тыныштықты сүйеді. Табиғат аясында серуендегенді ұнатасыз. Қаланың қым-қуыт тіршілігі сізді тез жалықтырады.
4. Арманшыл. Сіз қиялға ерік бересіз. Сонымен қатар ішкі түйсігіңіз сізді алдамайды деп сенесіз. Шешім қабылдарда ешқашан қателеспейсіз. Кейде айналада болып жатқан оқиғаларға шынайы көзқараспен қарауды ұмытып кетесіз. Кейде өз әлеміңізге еніп, өзгелерді көзге ілмейтін сәттеріңіз болады. Сізді түсіну өте қиын.
5. Ұстаз. Сіз үшін тек қана сіздің дұрыс пікіріңіз бен өзгелердің бұрыс пікірі ғана бар. Сіз өзіңіздің ақиқатыңызға ғана сенесіз. Өзгелердің пікірі сіз үшін маңызды емес. Сонымен қатар өз ойыңызды өзгелерге жеткізуге, оларды өзіңіздің мүддеңіз бойынша тәрбиелеуге құмарсыз. Кейде пікірталастарға араласып, олар сіздің ойыңызбен келіспесе ренжіп те қаласыз.
6. Көңілді жан. Қандай ортада болмасын өзіңізді еркін ұстайсыз. Көңілді мінезіңіз барлығына да ұнайды. Кез келген адаммен оңай тіл табысып кетесіз. Жаныңыздағы адамның бойындағы шынайылығын жоғары бағалайсыз. Сіздің жаныңыздың тазалығы мен өмірге деген құштарлығыңыз үшін адамдар үнемі жаныңыздан табылады.