Жоспары:
1.Қазақ халқы тәрбиесінің ерекшеліктері.
2.Қазақ халқының бала тәрбиесіне тәрбиесiне қойылатын талаптары.
3.Қазақтың ұлттық тәрбиесінің негізі - этноәлеуметтік рөлдер.
4.Тәрбиенің мақсаты және міндеттері. Жетілген адамның ұлттық сипаты.
1. Қазақ халқы тәрбиесінің ерекшеліктерінің ішінде маңыздылары, өздікті сақтауға көмектескендері: синкретизм, табиғилық, үзіліссіздік,жүйелілік, сабақтастық.. Сабақтастық-этникалық тәрбиенің негізгі идеяларының, формаларының, құралдарының сабақтастығын қамтамасыз ететін этнопедагогиканың ерекше белгісі. Түрлері: дене, рухани, еңбек, отбасылық,материалдық, экономикалық. Қазақ жерiнiң орасан зор көлемiне, рулық, тайпалық бөлiнуi, сондай -ақ бауырлас халықтардың ықпалына қарамастан түрлi аймақтардағы педагогикалық көзқарастардағы айырмашылық шамалы. Мұның өзi қазақ халқында ұрпаққа тәрбие берудiң бiртұтас өздiк жүйесi қалыптасқан деп тұжырым жасауға негiз болады.Дене сабақтастығы тұқым қуалау жолымен орнайды. Сабақтастық стихиялы боғанмен халыққа түсінікті. Сондықтан әрбір қазақ ата-бабасымен, руымен байланысын түсінеді. Ру ұрпақтарының сабақтастығын таңба, ұран - ән орнатады. Рудың өмірбаяны ұрпақтар сабақтастығына рухани нәр береді.
Рухани сабақтастық тәрбие арқылы орнатылады. Б. Момышұлы бесік жырын айта алатын аналардың, немерелеріне ертегі айта алатын әжелердің аздығына қынжылады. Салт-дәстүрді сыйламайтын, рухани жағынан көзсіз ұрпақ өсе ме деп қорыққан.Мұндай «соқырлар» қолына балта берсе шабады, қылыш берсең сұғып алады… Емделмеген «соқырлық» халық болудан қалдыратындығын ескертеді. Аты аңызға айналған батырдың қауіптенуі негізсіз емес.Еңбек және өнер саласындағы сабақтастыққа жергілікті жердің ерекшелігі ықпал етеді де дәстүрлі кәсіп ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Тәрбие саласындағы жетістіктер еңбек процесінің жетілуіне.байланыстыОтбасылық сабақтастық адамгершілік аясынан орын алады. Ата-аналар балалардың бақытты болуына көмектеседі. Некеге жаңа тұрғандарға ақ тілек айту, той рәсімдері, шілдехана, ат қоюда ұрпақтар сабақтастығына қамқорлық бар.Синкретизм-этникалық тәрбие формаларының халықтың әлеуметтік өмірімен, наным-сенімімен, дәстүр, әдет-ғұрыптарымен, шаруашылық түрлерімен, қоғамдық тәртіппен байланыстылығы. Бұл нормалар қоғам мүшелерінің іс-қылықтарын, тәртібін реттейді.
Өзгергіштік. Тәрбиенің кейбір категориялары сақталған. Өзге экономикалық қатынастарға икемделіп, жаңа мазмұнға ие болады. Сонымен тәрбиенің ерекшеліктері оның негізгі құндылықтары бір ұрпақтан екіншіге әлеуметтік-саяси, саяси-экономикалық жағдайлар өзгеруіне сәйкес беріледі.
2. Қазақ халқының бала тәрбиесіне тәрбиесiне қойылатын талаптары.Жаңа ұрпақ әлеуметтік және ұлттық ортада тәрбиеленеді. Ол жастайынан әлеуметтік-экономикалық қатынастарға араласып, халықтың әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, өмір салты, мәдениеті ықпалымен өседі. Бала аға ұрпақтың тілін меңгеріп, оның рухани құндылықтарына бауыр басып, мінез-құлқын бойына сіңіреді. Адам мінезіне ұлтының, басқа ұлттардың ,барша адамзаттың , таптың мінез-құлық, жүріс-тұрысы әсер етеді. Ұлттардың мінезінде өзгешеліктер бар.
Халқымыздың мінез-құлық, жүріс-тұрыс нормалары оның дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының өзегі, қазақ салттарының негізіне алынған моральдық кодекс:
-балалардың борышы-ата-ананы құрметтеу;
-анасының қарғысын алған, ағайынның алғысын алмас;
-ананың алдында асқар тау да аласа;
-ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды;
-анасына орын ұсынбаған әкесіне қолын ұсынбас.
Халық балаларға алты асыл қасиеттi (зерде-зейiн; өнер өpic; тапқырлық, талап, ерлiк; жiгер-күш; қайрат - қару; бiлiм), үш асыл мiнез қылықты (елi мен туған туыс, жұрағат-жекжат, дос - жолдасқа адал болу; өте әдiлеттi болу; тура бетке айтар шыншыл болу) сiңiруге тырысқан. Үлкендерді сыйлау - қазақ халқының бала тәрбиесінде баса назар аударған адамдық қасиеті.Қазақ халқының тәрбиеге қойған талаптарын төмендегі кестеден көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |