5,6 Халық педагогикасының құралдары мен факторлары. Жоспары: Халық педагогикасындағы тәрбие әдістері. Халық педагогикасындағы тәрбие құралдары


Жоспары: 1.Халық түсінігіндегі дене тәрбиесі факторлары. Тән мен тазалық тәрбиесі



бет4/5
Дата14.12.2021
өлшемі178,71 Kb.
#126803
1   2   3   4   5
Байланысты:
Этонопедагогика дарис 5,6,7,8
Документ, 8 - практика (1), География
Жоспары:

1.Халық түсінігіндегі дене тәрбиесі факторлары. Тән мен тазалық тәрбиесі.

2.Тамақ ішу әдебі.

3.Ұлттық ойындар-дене тәрбиесінің маңызды құралы.

1.Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық кепілі – тазалық» деп, кемеңгерлікпен әспеттеп келе жатса да, тұрмыстан оған кереғар көріністерді аз кездестірмейміз. Күні бүгінде кейбір үйге кірсең,қыл-қыбыр, көң-қоқысы есігінен төріне дейін, төрінен есігіне дейін ыбырсып жатқанын көресің. Ондай отбасының дастарқаны жағал-жағал, сарала, көрпе-жастығы кір-қожалақ, төсеніші кісі жиренерлік былғаныш болатыны былайша да белгілі ғой. Мұндай үйде өскен баланың сезімі сергек, сұлу; қиялы қызықты, ұшқыр; өз басының қадір-қасиетін жоғары ұстайтын, бойы таза, инабатты, ибалы бола қоюы, кісілікке талпынуы неғайбыл. Керісінше үй-іші тап-таза, қора-қопсы, ауласы сыпырылып, сиырылған мұнтаз-дай, қазан-ошағы, аяқ-табағы жалтырата жуылып, сүртілген үй адамдарына былайғы жұрт қалай болса солай қарай алмайды, оларды еңбекқор, тәрбиелі, инабатты, қадірлі кісілер ретінде сыйлап, құрмет көрсетеді. Ондай үйге кіріп, дастарқанынан дәм татып, ыдысынан тамақ, сусын ішіп,үсті-басы кіршіксіз, жинақы да ыждағатты отбасы мүшелерімен аз уақыт болса да әңгіме-сұхбат құрудың өзі бір ғанибет! Ондай үйде өсіп,тәрбиеленген жеткіншек ұрпақ парасаттылыққа, кісілік инабатқа талпынатынында дау жоқ. Халқымыздың:«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген даналық сөзін осы жерде тағы бір қайталаудың артықтығы доқ. Өйткені үйінде кішкентайынан тазалыққа үйренген баланың өскенде де соны аңсап, соған талпынары сөзсіз.

Тазалықтың адам өміріндегі орны мен мәні осындай жоғары болғандықтан, оны әспеттеу, әрі соған ұмтылу қай халыққа да тән сипат болды. Бұған олардың өмір-салты, әдет-ғұрпы дәлел бола алады. Тазалықты ардақтау, азық-түлікті, киім-кешекті, төсек-орынды, ыдыс-аяқты, тұратын жайды, қора-қопсыны, айнала-төңіректі таза ұстау, әркімнің өз бойын күтуі адамшылық пен саламаттық үшін бірдей қажет қасиет екені туралы ұғым да адамзатқа түгел ортақ. Сондықтан күнделікті тұрмыста ерте тұрып, үйдің ауласын, айналасын сыпыру, жуынып-шайыну қашаннан әдептілік белгісі ретінде қаралып, бағаланып келген.Тегінде даналыққа дағдыланған адам жинақы, сергек болады, сылбырлықты, бойкүйездікті, салақтықты, олпы-солпылықты, ұсқынсыздықты жек көреді. Киімді де баратын жеріне, жүретін жолына ыңғайлап киеді. Мұның өзі тәрбиелілік, әдептілік, мәдениеттілікке жатады.

Дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, материалдық игіліктерді өндіруде оның маңызын ерекше түсінген қазақ халқы «Денсаулық – зор байлық» деп, бұған батырлық дастандарда, ертегілерде, аңызда, мақал-мәтелдерде төрінен орын берген. Өлім-жітіммен, ауру-сырқаумен халықтық ем-дом арқылы күрескен. Халықтық медицина тәжірибесіне сүйенген ата-ана баланың тамағы ауырса, жалбызбен шайғызып, тісі ауырса, меңдуана басып, баланың іші кепсе, «өлтірілген» сынап ішкізіп, іш ауырғанда, қойдың құйрық майымен сылап, баланың басына қотыр түссе, сақармен (алабота күлінен жасалған қара сабын) жуып кетіру сияқты халықтық емдерді қолданған. Мұның бәрі түрлі шөптерден жасалатын болған. Халықтық медицинаны ғылым бүгін де жоққа шығармайды. Бойларына ана сүтімен біткен емшілік қабілеттері бар сынықшы-тамыршы, оташыларды ат шаптырып алдырып, қошемет көрсеткен.

Алайда «Аңқау елге – арамза молда» дегендей, қараңғы халықты бақсы-балгерлер де өзінше «емдеп», «ауру-сырқаудың иесі бар, оларды әкелетін жын-шайтан» деп түсіндірген. Олар сол аурудың иелеріне өздерінің жындарын шақырып, зікір салып, қарсы қою арқылы сырқатты жеңемін деп, халыққа теріс түсінік берген.

Халқымыз үшін « бірінші байлық-денсаулық, екінші байлық-ақылды әйел, үшінші байлық-он саулық» болды. Жан тәрбиесі тән тәрбиесінен туындайтын процесс. Осыны екі ауыз сөзбен топшылаған халқымыз «тәні саудың-жаны сау» деп қоғамдағы рухани байлықты игеру үшін тән тәрбиесінің дұрыс болуын қалаған. Дене тәрбиесінде денсаулықты күту, дене сымбатына ұмтылу, баланы атқа мінуге, найзаласа білуге үйрету міндеттері қойылды.Баланың жастайынан дені сау азамат болуын аңсаған. Жаңа туған нәрестені қалай күту жөнінде енелерінің келіндеріне ақыл-кеңес беруі, үлкендердің сәбиді тұзды сумен шомылдырып, денесін маймен сылауы, қол аяғын созып, «өс-өс» деп буындарын бекітуі шала туған баланы түлкі тымаққа салып асырауы, оған бие сүтін беруі, қойдың құрығын сорғызуы-сол қамқорлықтың айғағы.

Дене сұлулығына, әсіресе қыз баланың көрікті болуына ерекше көңіл бөлген. Аналар «Аттың көркі-жал, қыздың көркі-шаш» деп ұққан. Шашқа ғарышпен байланыстырушы қасиеті бар деп қараған. Қыз баланың шашын жақсы өсіру үшін айранмен , ірімшіктің сары суымен немесе қынамен жудырған. Шаш, сақал күтімсіздігі адам мәдениетінің төмен, білім-парасатының кемдігін көрсеткен. Қолаң шаш, сүмбіл шаш деген теңеулер ару, сұлу қыз деген мәнде қолданылған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етіп өру бойжеткен қыздардың көркі болған. Қыз бен жігіт айтысындағы: «Атымды әкем сүйіп Нәсіп қойған, шашымды бестемшелеп есіп қойған» деген сөз тіркестері осыны дәлелдейді. Жас келіншек басына жаулық салып, ақ салып жүрген. Жаулық салу шашын көрсетуді ұят көру салтынан туындаған. Халық жырларында аруларды «Шашының ұзындығы ізін басты» немесе «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп сипаттаған халық даналығы арулардың киім киісіне де ерекше мән берген. «Адам көркі-шүберек, ағаш көркі-жапырақ» , «Қыз өссе-елдің көркі» деп қыз балаға қынама камзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрік, қос етек көйлек, биік өкше етік тіктіріп кигізген. Сырға, білезік, шолпы, шашбау, жүзік сияқты әшекей заттарды тақтырған. Батырлар жыры мен лиро-эпостық жырларда арулардың сырт пішіні, киген киімі, жүріс-тұрысы суреттелген. Мысалы: «Қыз Жібек» жырында Жібектің сұлу мүсінін:

Жібектің ақтығы

Наурыздың ақша қарындай

Ақ бетінің қызылы

Ақ тауықтың қанындай.

Екі беттің ажары

Жазғы түскен сағымдай

Білегінің шырайы

Айбалтаның сабындай...

деп сипаттайды.

Халық жырларындағы арулардың сұлу мүсінін осылайша шебер суреттеудегі мақсат-жастарды әсемдік сезімге бөлеу, сұлулықты терең сезініп, оған еліктесін деген ой пікірден туған.

Дене тәрбиесін ерекше түсінген қазақ халқы «Денсаулық-зор байлық» деп бұған батырлық дастандарда, ертегілерде, аңыздарда төрінен орын берген. Өлім-жітіммен халықтық ем-дом арқылы күрескен.

2. «Ас-адамның арқауы» дейді халық. «Ас тұрған жерде ауру тұрмайды» деген сөздер де жиі айтылады. Тамақты дұрыс іше білмеудің зияны мен әдепке жатпайтын жарамсыз жақтары өткір де орынды сипатталады. Халқымыздың мыңдаған жылдар бойы тұрмыс-тіршілігінде тамақ ішудің өзіндік әдебін құрайтын қағидалары қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыр. Ауқаттану әдебі тамақ ішуге отырар алдында қолды жуудан басталады. Бұл әдеттің маңызы жайында Низами:

Қолыңды жуып жүрсең,

Тіліңді тиып жүрсең не деуді

Өзің білесің, -деген.

Қонақтар дастархан басында отырғанда жасы кішілер қолға су әкеп құйып, таза сүлгі беруі тиіс. Дастархан басында жиналғандар қалай болса солай отыра қалмайды. Жасына, сый-құрметіне қарай әркімнің отыратын жері болады. Кішкентай нәрестелер, бұлдіршін бала ата-аналарының қасында отырады. Ал ержеткен балалар ата-аналарынан, басқа да үлкендерден төмен отыруы тиіс. Бірақ бойжеткен қыз есік жаққа отырмайды. Ал қонақ үй ішінен жасының үлкен не кішілігіне қарамай, төрде отырады. «Мейман атаңнан да үлкен» деген сөз содан шықса керек. Дастархан жайылып, тамақ қойылғаннан кейін, алдымен жасы үлкен кісі дастарханға бата жасап, «бісмілла» деп табаққа қол созып, астан ауыз тиеді де, ет болса сүйектерін кесек етінен ажыратып, отырғандарға үлестіріп береді, немесе ондай қызметті атқаруды етті турауға ыңғайы бар жасы кіші ер адамға, жігіттерге тапсырады. Ет турап, дастарханға қызмет істеу бұрынғы кезде жас жігіт үшін үлкен сын болған. Ал мұндай қызмет тапсырылмаған жасы кішілер мен балалардың алдымен тамаққа қол салуы әдепсіздік саналған. Олардың үлкендер тамақ алып отырғанда, олардан бұрын: «жеп болдым» деп қолдарын сүртіп, дастарханнан шегінуі де әдепсіздік саналған. Дастархан басындағылар «ас қайыру» батасынан кейін орындарынан тұра алады. Дастархан жиналып, қол жуылған соң, қонақтар қайтуға ыңғай білдіргенде үй иесі олардан бұйымтай сұрап,онан кейін хош айтысып,шығарып салуы ләзім. Үй иесінің және оның інілері, балаларының қонақтардың сырт киімдерін кигізіп, бас киімдерін алып беруі әдептілікке жатады.

Тағамды ішіп-жеудің өзі әдеп-тәрбие талаптарының тұтас бір жүйесін құрайды. Мысалы ет дастарханға қойылысымен,ет тураушы үлестіріп берген сүйектерге бірден ауызды салып, теп жұлғылап жеу өте әдепсіздікке саналады. Оны шала мүжіп, тастай салмай, пышақпен тазалап жеу керек. Ауқаттану әдебі тамақтың өзіне тиесілі бөлімін тауысып қоюды талап етеді. «Жаманнан жарты қасық ас қалады» деген мақал осыдан қалған. Ұлы шипагер Әбу Али Ибн Сина (Авиценна) тамақты артық жемей, асқазаныңда бос орын қалсын деп кеңес береді. Дәл осындай ойды, яғни тамақты тарта ішудің денсауулыққа пайдалылығын Әл-Фараби, Л.Н. Толстой сынды атақты ойшылдар да айтқан. Артық тамақтану әдептілікке жатпайды. Дастархан басындаауызды асқа толтырып сөйлеу жараспайды. Тамақты сораптап ішу де ұят. Қонақ шын ықыласымен қызмет көрсетіп жүрген үй иесіне жайған дастарханы үшін алғысын айтады.

Тымаққа салу(салт). Ел арасында «шала туып, тымаққа салып өсірген екен» деген сөздер жиі естіледі.Тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы. Және сәбидің неше күні кем болса, сонша күн керегенің әр басына ілініп қойылатындықтан күн кереге басы арқылы есептелеген. Мысалы: қырық күні кем болса керегенің қырқыншы басынан бала тымақтан алынып, жаңа туған баланың рәсімі жасалған. Егер бала қыста туса онда үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып ілінген.

3.Ойын баланың алдынан өмiрдiң есiгiн ашып, оның шығармашылық қабiлетiн оятып, бүкiл өмiрiне ұштаса бередi. В.Л.Сухомлинскийдiң сөзiмен айтқанда: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болу да мүмкiн емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе iспеттi, ол арқылы баланың рухани сезiмi жасампаз өмiрмен ұштасып, өзiн қоршаған дүние туралы түсiнiк алады. Ойын дегенiмiз ұшқын, бiлiмге құмарлық пен елiктеудiң маздап жанар оты.” Мiне, ойын дегенiмiз тынысы кең, алысқа меңзейтiн ойдан ойға жетелейтiн, адамға қиял мен қанат бiтiретiн осындай ғажап нәрсе, ақыл–ой жетекшiсi, денсаулық кепiлi, өмiр тынысы демекпiз. Бүгiнде ойынды халық педагогикасының құрамды бiр бөлiгi деп тегiн айтпаса керек, адам баласы жасаған жетi кереметiнiң қатарына сегiзiншi етiп осы ойынның аталып жүруi де жайдан жай емес

Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бiрi. Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлерi сан алуан. Солардың қай қайсысы да адамға, оның игiлiгiне қызмет етуге бағытталған. Сондай қомақты, аса құнды мәдени игiлiктердiң бiрi - ұлт ойындары.

Ертеде “ойын” деп аталатын, түркi тайпаларының байырғы қоныс - мекендерiнде көне түркi жазуымен тасқа қашалып қалдырылған бұл тамаша сөздiктер қазiр адамзат мәдениетiнiң даму тарихындағы ең елеулi мұралардың бiрi болып саналады. Жалпы, ойын мазмұн байлығы, ой тереңдiгi және таза көркемдiк қасиеттерi көне түркi тайпаларының арасында ойын өнерiнiң жоғары өреге жеткендiгiн айғақтайды.

Бұл дәуiрде жасалған ойын түрi әдеби мұралардың денi өлкеде ешқашан толастамаған, қырғын кезде де жойылмаған. Ал бiздiң заманымызға жеткен үлгiлердiң iшiндегi ең көнесi әрi көлемдiсi iрiктелiнiп алынып кейiнгi ұрпаққа мұра ретiнде, мирас ретiнде қалып, жалғасып келедi. Әсiресе бәрiмiзге белгiлi: ақсүйек, қыз қуу, қазақша күрес, көкпар, теңге алу т.б. сол сияқты ойындар ұлттыққ ұшағын кең жайып, таныс болып келедi.

Дене тәрбиесi ұлттық ойындармен, басқа да ойындармен тығыз байланысты. Оның алғашқы сатысы осыдан басталады. Қазақтың ұлттық ойындары байырғы кезде де болған. Онда әдейi жарыс құрып, әдейi күн белгiлеп, сол күнде өткiзген. Осының өзi қазақ халқының байырғы кезден - ақ дене тәрбиесiнен хабардар екенi көрiнiп - ақ тұр.

Қай халықтың болмасын ойынының тууы және өсiп өркендеуi аса күрделi құбылыс. Қазақ ойыны өзiнiң бүгiнгi биiгiне, қазiргi өрiсiне бiрер күнде жете салған жоқ. Талай асу, қиялардан, талай бел белестерден өттi. Әлденеше жүз жылдар бойы сан қилы өзiндiк үн, өзгеше бояу нақыш айқын ұлттық сипатта қалыптасты.

Бүгiнгi замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оны оқып үйрене отырып, өздерiнiң кiм екендiктерiне барлау жасауына ата-бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелерiне зер салуларына, көздеген мақсаттарын саралап, жете бiлулерiн, дәстүрлер жалғасын өрiстете отырып, өткен мен бүгiнгiнi байланыстыра бiлулерiне, сөйтiп, «мәңгүрттiк» атаулыға тосқауыл қоюларына септiгiн тигiзбек.

Халқымыздың ұлы перзенттерiнiң бiрi, заманымыздың аса көрнектi жазушысы М.О. Әуезов: “Бiздiң халқымыздың өмiр кешкен ұзақ жолдарында, өздерi қызықтаған алуан ойын өнерi бар ғой. Ойын деген менiң түсiнуiмше, көңiл көтеру, жұрттың көзiн қуантып, көңiлiн шаттандыру ғана емес ойынның өзiнше бiр мағыналары болған ” – деп тегiннен айтпаса керек. М.Әуезовтың бұл пiкiрiн теориялық қағидаларға ғана сүйенiп айтылмаған, өзi өмiр сүрген ортасының шындығынан және Семей қаласында тұңғыш отау көтерген “Ярыш” атты футбол командасының құрамында ойнаған белсендi өмiр тәжiрибесiнен шығарған қорытындысы деп бiлемiз.

Ойынға зер салып, ой жүгiртiп қарар болсақ, содан үлкен де мәндi–мағыналы iстер туындап өрбитiнiн байқаймыз. Өйткенi, ең алдымен ненiң болсын бас алып, жол бастар қайнар көзi болатыны белгiлi. Ойынды бiз бар өнердiң бастауы деп бiлемiз.

Ұлт ойындары сол халықтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныса отырып көзiмiз әбден жетедi. Өйткенi, қазақ халқының ұлттық ойындары өте ертеде туып, оның көшiп - қоны тұрмыс жағдайларына үйлесiмдi жасағандай әсер бередi. Олай дейтiн себебiмiз осы ойындардың көпшiлiгi сол көшпелi тұрмысқа лайықталып, арнайы материалдық әзiрлiксiз ойнала беретiндiгiнде ғана емес, сонымен бiрге халықтың психологиялық ерекшелiктерiне де байланыстылығында екендiгiне көзiмiз жетедi.

Ұлт ойындары осылайша атадан балаға, үлкеннен кiшiге мұра болып, жалғасып отырған және халықтың дәстүрлi шаруашылық, мәдени, өнер тiршiлiгiнiң жиынтық бейнесi көрiнiсi де болған. Әрине ойын әдебиет пен мәдениеттiң сан алуан түрлерiмен қабысып, астасып келiп, бiрiн-бiрi толықтырып байыта түседi.

Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бiрi. Бiрақ ол ертеде ауыз-екi туып, жалпақ жұртқа ауыз-екi таралып отырған да, сондықтан көпшiлiгi бүгiнгi күнге жетпей ұмыт болып кеткен. Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетiне түскен алғашқы деректер ХII ғасырдан басталады.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы алғашқы пiкiр айтушылар мен оның жеке нұсқаларын жинаушылардың қай қайсысы болмасын, оны жоғары бағалап, көшпелi халықтан мұндай өрелi өнердi күтпегендерiн сөз етедi. Осындай жылы лебiз құнды пiкiр айтқан немiс ғалымы А. Гумбольт өзiнiң достарына жазған бiр хатында былай деген: “Мен қазақ ауылында болған кезде өмiрiмнiң аса бiр қуанышты кезеңi деп есептеймiн. Себебi көшпелi халықтың бiздерге көрсеткен сый құрметi мен ойын сауықтары естен кететiн шаруа емес.”

Қазақтың ұлттық ойындары ерлiктi, өжеттiктi, батылдықты, шапшандықты, ептiлiктi, күш - қуат молдылығын қажет етедi.

Қазақ халқының ұлттық ойындары елдiң өмiрiмен тығыз байланысты, оның шаруашылық, әлеуметтiк тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелiк маңызы аса жоғары, әрi құнды.

Қазақ халқының өмiрiнде ойын араласпаған бiрде - бiр тұрмыс, шаруашылық салалары жоқ десе де болады.

Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болып келедi. ұзақ жүргiзiлген жинау, зерттеу жұмыстарының нәтижесiнде ғалымдар ұлт ойындарының тақырыбына, мазмұнына ондағы көзделген мақсатына байланысты негiзiнен үлкен салаға бөлiп топтастыруды лайық деп тапты.

Қазақтың ұлт ойындарының тағы бiр ерекшелiгi – оған өлең сөздiң араласып келiп отыратындығында. Бұл ойындарды бiздiң ата - әжелерiмiз ойнаған. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау өте қызықты. Өйткенi бұл ойындарды ауылдың кiшкентай балаларынан бастап жастарына дейiн ойнайды. Кiшкентай балалар көбiне асық, арқан тартысу, доп ойыны, дойбы ойынын ойнаған. Ал жастары кеш түссе алты бақан құрған, ақсүйек, сақина салу ойындарын ойнаған. Тойларда, мерекелерде бәйге, қыз қуу, арқан тартысу, күрес т.б. ойындары ойналған. Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерi: асық ойыны, арқан тартысу, алтыбақан тебу, сақина тастау, ақсүйек, қыз қуу, бәйге, тоғыз құмалақ, дойбы, доп ойыны т.б.

Н.К.Крупская өзiнiң “Ұлт оқулығы” деген еңбегiнде ұлт ойындарын жоғары бағалап, оның мүмкiншiлiктерiне тоқтай келiп, былай деп жазды: «Әрбiр ұлттың аса қызық тұрмыс ойындары бар. Дәл көздей бiлу, атқа шаба бiлу, нысанаға тигiзе бiлу осындай ойындарға жатады. Балалар дәл көздей бiлудi жоғары бағалайды, бала ендi бұл жағынан артта қалып қойғанын көредi, ол өзi өте ерте артта қалған ұлт деп санап жүрген ұлттан үйренуi керек екенiн бiледi. Ойында тек осы ұлттың балаларына ғана емес, сонымен қатар басқа ұлттардың балаларына да жақын өте көп нәрселер бар». Осының өзi қазақ халқының ұлт ойындарына әдейiлеп айтқандай әсер етедi. Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бiрге жеткен, өткен мен бүгiнгiнi байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудiң, күнделiктi тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.

Мiне, осындай ойын түрлерi көптеп кездеседi. Оның кейбіреулеріне тоқталғанды жөн көрдік.

Таяқ ойнау

Бұл ойынды жастар қыста, алаңды жерде ойнайды. Ойынға ұзындығы 1,5 – 2 м. үшкiр таяқ қажет. Ойынға қатынасушылар қардан қалыңдығы 0,5 м қабырға қалайды. Ойынға қатынасушылар орталарынан бiреуiн басқарушы етiп белгiлейдi. Ол бақылаушы, төрешi рөлiн қоса атқарады.

Ойын басталғанда әр ойыншы қолындағы таяқты белгiленген жерден қардан қаланған қабырғаға қарай бар пәрменiмен лақтырады. Таяқ қабырғаға бойлай кiредi. Егер таяқ қатты ұрылатын болса, таяқтың ұшы қабырғаның екiншi жағынан шығады. Кiмнiң ұрған таяғы қабырғаның екiншi жағынан көбiрек шығып тұрса, сол жеңген болып табылады. Жеңiлгендер алдын ала белгiленгендей өлең, тақпақ, жаңылтпаш айтады. Ойын қол күшiн дамытып, дененi шынықтырады. Таза ауада дем алып, денсаулықты шыңдай түсуге мүмкiншiлiк бередi.

Қазақтың ұлттық ойындарының бiр қыдыруы кезiнде мән берiп, дұрыс бағасын ала алмаған асық ойыннан тұрады. Бұл ойындар бүгiнде мүлде ұмыт болуға айналған. Асық ойындары алдымен адамның жүйке жүйелерiн шыңдап, ұстамдылыққа, дәлдiлiкке, тұрақтылыққа тыныс мүшелерiнiң қалыпты дамуына тәрбиелейдi.

Қазақ халқының ежелгi спорт ойыны. Бұл ойын адамның денесiн ширатып, бұлшық еттердi қатайтады, төзiмдiлiкке, батылдыққа, ептiлiкке керек кезiнде тез ойланып, әдiс таба бiлуге машықтандырады. Қазақша күрес -баланы, балуанды шынықтырудың ең қажетті құралы, күш жетiлдiретiн спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнерi. Қазақша күресте адам өзiн еркiн ұстап, өз бойындағы күшiн, әдiсiн түгел пайдалана алады, мұнда шалу жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен бас тiресу ашадан алу, аяқтың басымен iлiп тастау, жамбасқа алып иiре лақтыру, белiнен қысып, тiрсектен салу сияқты әдiстердiн бәрiнде қолдануға болады.

Палуандар кiлем үстiнде, арнаулы жазық жерде тегiстегi қар үстiнде белдесiп күресе бередi. Ойынның ережесi бойынша қимыл үстiнде адамға зақым келтiретiн күш жұмсауға, дөрекiлiк жасауға болмайды. Күрес бiр жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигiзе алуымен аяқталады.

Қазақша күрес аудандық, облыстық, республикалық спартакиадалардың бағдарламасына кiргiзiлген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныған өнер.

Тағы бiр ойын түрi: Ақ қоян

Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бiр бала ортада “қоян” болып отырады. Шеңбердегi оқушылар қол ұстасып, қоянды айнала жүрiп, тақпақ айтады.

Ақ қоян - ау, ақ қоян.

Орныңнан тұрсаңшы,

Шашыңды тарасаңшы,

Бетiңдi жусаңшы,

Әй -әй, көйлек кисеңшi!,

Бiреудiң қолын үзсеңшi!-

дегенде, қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел қайталап, өлең бiтiсiмен, жүгiрiп барып, шеңбердi бұзуға тырысады.Егер бала шеңбердi үзсе, өзi шеңберге қосылып тұрады. Үзiлген жердегi, оң жақтағы, бала “қоян” болады.

Бұдан қорыта келе, қазақ ойынының түп тамыры қадым замандарға барып тiреледi. Дәуiрiне сай дамыған ойындар бабаларымыздың iлкi орта ғасырлардың өзiнде мәңгi өлмес мұралар жасады.

Көкпар

Көкпар ойыны негiзгi жиын тойлардағы ең басты ойындарыны¡ бiрi болғандықтан, оған кеңiнен түсiнiк берiледi. Негiзiнен көкпарға серке тартатындығы туралы әңгiмеленiп ойынға қатысушылардың мiндеттi түрде ат мiнетiндiгi айтылады. Бұл ойын «ат үстiнде тартыс» деп те аталады. Ойынды жүргiзу үшiн алаң әзiрленедi. Соған ойынға қатысушы 3-5 аттылы шығады. Ойынның мақсаты, иленген терiнi бiр-бiрiнен жұлып алып қашу. Алаңның сыртына шығуға болмайды. Бұл ойын көбiне шiлдеханада ойналады. Себебi нәрестеге арналып қой сойылады. Сол жас терi жiгiттерге сыбаға болып есептеледi.



Қыз қуу. Бұл ойынды жiгiт пен қыз атқа мiнiп қатарласып тұрып шабады. Қыз озып алға шығып қашады. Жiгiт қызды қуып жетiп сүюi керек. Егер сүймесе келе жатқанда жiгiттi қыз қамшысымен ұрады.

Алтыбақан тебу

Ауыл жастары алтыбақан құрып қыз бен жiгiт тұрып екi жағынан тербетiледi немесе екi қызды екi жiгiт тербетедi. Сол алтыбақан қасында жастар өлең, айтыс, жыр, термелер айтады. Қыздар қосылып ән салады.

Қарлығаш.

Ойын жасырынуға болатын ойлы қырлы жерде өтедi. Ойыншылар бiр жердi меже етiп белгiлейдi де екi топ өзiнiң ойын кезегiн қаламақ айтып, не таяқты кезектесiп ұстасу арқылы анықтайды. Кезегiн бiрiншi алған топ, аулағырақ барып жасырынады. Екiншi топ оларды iздеуге шығады. Iздеп келе жатып “Қарлығаш орнынан тұра қаш” деп үздiксiз дауыстайды. Олар жақындап қалғанда жасырынған топтың ойыншылары межеге қарай тұра жүгіреді. Iздеушi топ жасырынған топтың бiр ойыншысына жетiп алатын болса, онда қашушылар қуушыларды межеге дейiн арқалап баратын болған. Ойыншылардың арасында қыз балалар бар болса, мұндай жазаның орнына ән салып, би билеп өз өнерiн көрсеткен.

Ақсерек, көксерек

Ашық алаңда ұл - қыз аралас ойнай бередi. Аралары 50-60 м қашықтыққа екi топ қарама - қарсы қарап тұрады. Екi жақ «қолға түсетiндер» үшiн арнайы шеңбер сызып қояды. Ойын жеребе бойынша басталады. Ойын бастайтын жақтың басшысы:

-Ақсерек, көксерек,

Бiзден сiзге кiм керек? – деп сұрайды.

Ал оған қарсы жақ:

Тем-тем, тем екен,

Тебiнгiден тер өткен.

Қанжығадан қан өткен,

Қараған басын қайырған,

Жаудан жылқы айырған,

Ай керек-ау, ай керек,

Айдың жүзi дөңгелек.

Ақсерек пен көксерек

Шауып алдым бәйтерек,

Сонау тұрған Айнабектiң өзi керек, - деп қарсы жақтың бiр ойыншысының атын айтады. Кейде тақпақ өзгерiп отырады.

Елден-елден ел шабар,

Айнабек деген ер шабар

Сонымен, аты аталған бала келгенде, қарсы жақтың ойыншылары түгел қолдарын созып, алақандарын жайып тұруға тиiс. Келген ойыншы қатардың алдынан кесiп өтiп, өзi алақанын ұратын ойыншыны таңдайды. Топтың алдын үштен артық кесiп өтуге болмайды. Егер үш рет өткенде де ешкiмнiң алақанына ұрмаса, ол ойыншының өзi «қолға түседi». Ойыншы өзiн қуып жете алмайды-ау деген бiреудi ұра сап қашады. Ол жеткiзбей өз қатарына қосылса, қуған ойыншы «қолға түскендер» шеңберiне барып қосылады. Егер қуған бала жетсе, қашқан ойыншы «ұсталады». Сөйтiп, қай жақ көп баланы «қолға түсiрсе», сол жақ жеңедi.

Айгөлек: Ойнаушылар екi топқа бөлiнедi. Олардың сандары да, жас шамалары да бiрдей болулары керек. Екi топтың екеуiнiң де бастаушысы болады. Аралары 10-15 метрдей жерде қол ұстасып қатарласа тұрған осы екi топ бiрiне-бiрi сөз тастап, күш көрсетiп, өнер жарыстыра бастайды. Екi жақтың ойын бастаушылары орталарынан бiр қыз бен бiр жiгiттi шығарып, олардың қолына бiр ақ тас, бiр қара тас бередi. Олар екi тасты ешкiмге көрсетпей, уысына қысып тұрады да, екi ойын басынан: -сен қай қолдағы тасты қалайсың? - деп сұрайды. Бастаушылардың бiреуi мен: “Оң қолдағы тасты қалаймын”, -дейдi, екiншiсi сол жақ қолдағы тасты алады. Қайсысында ақ тас болса, сол ойын бастайды.

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзi дөңгелек.

Күшi мығым, қуатты

Екпiнi желдей өршiген

Шептi бұзар ер керек.

Екiншi топ: Айгөлек - ау, айгөлек,

Айдың жүзi дөңгелек

Күшi мығым, қуатты

Екпiнi желдей өршiген

Саған қандай ер керек? – дейдi.

Алдыңғы топ: Айгөлек - ау, айгөлек,

Айдың жүзi дөңгелек

Күшi мығым, қуатты

Екпiнi желдей өршiген

Бiзге пәлен ер керек-деп бiр ойнаушының атын атайды. Ол тобынан шығып, бiр-екi адым iлгерi басып:

Айгөлек - ау, айгөлек,

Айдың жүзi дөңгелек

Сайысқанда саспайтын

Самала күнге бастайтын

Пәлен деген ер шыққан,

Топ бұзуға мен шыққам – деп сол жүгiрген бойы қарсы топты жарып өтпекшi болады. Ол екпiндi, күштi болса, топты жарып өтiп, өзi қалаған бiр қызды, не бiр жiгiттi жетектеп, өз тобына алып келедi. Егер ол топты жарып өте алмаса, сол топта өзi қалып қояды. Ендiгi шақыруды екiншi топ бастайды. Сөйтiп, ойын созыла бередi. Ойында дөрекiлiк көрсетуге, жұптасқан жұдырықты жүгiрiп келе жатқан ойыншыға қарсы қоюға болмайды. Жүгiрген ойнаушы да ойын ережесiн сақтауға тиiс.

“Айдап сал” ойынына қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойнаймын дегендердiң бәрi де қатынаса бередi. Ойнаушылар екi топқа бөлiнедi. Бiрiншi топтың ойыншылары сыртқа шығып кетедi де, екiншi топтағылар үйде отырып қалады. Ойын жүргiзушi сыртта тұрғандардың есiмдерiн үйде отырғандардың әрбiреуiне қойып, өзi белгiлеп алады да, сырттан келген ойыншыларға қойылған есiмдi бiлдiрмейтiндiгi жөнiнде ескертедi. Ендi сырттағы ойыншыларды бiр-бiрлеп шақыра бастайды. Сырттан келген ойыншыны үйдегi ойыншылардың бiреуiн көрсетiп, яғни өз есiмiмен аталған ойыншыны табуы керек. Егер таба алмаса,онда ойыншылар орындарына барып отырады. Осылайша сыртта тұрған ойыншылар жеке - жеке кiрiп,өз есiмдерi қойылған жiгiттi iздеп болғаннан кейiн белгiлеген адамын дұрыс таппағандар айып тартады. Ал өз есiмiн тапқандар сол ойыншының қасына барып отырады, айып тартпайды. Айып тартушылар көпшiлiктiң ұйғаруымен өлең айтады, би билейдi. Әйтеуiр бiлген өнерiн көрсетедi. Осылайша ойын қайталанып бiткеннен кейiн, екi топтың ойыншылары орындарын ауыстырады, ойын қайта басталады.

“Атқаума”: Ойынды 6 бала 3-3 тен бөлiнiп ойнайды. Бiр бала қолымен өзiнiң оң қолын бiлезiгiнен қысып ұстайды. Қарама қарсы тұрған балада сөйтедi. Содан кейiн оң қолдарымен бiрiн – бiрi сол қолдарынан ұстайды. Үшiншi бала көзi таңулы күйiнде екi баланың айқасқан алақанына отырады. Қолдасып ұстаған балалар: -атқаума, атқаума, - деп қаумалай көтерген бойы мөлшерлi жерге дейiн жетедi. Бiр бала:

- Ақ сандық, көк сандық –дейдi. Оған көзi таңулы бала:

- Көк сандық, көк сандық – деп жауап бередi.

- Аспанда не бар?

- Жұлдыз бар.

- Жерде не бар?

- Құндыз бар.

Қаумалап келе жатқан балалар:

Бақа, бақа балпақ,

Басың неден жалпақ?

Бұтың неден талтақ,

Көзiң неден тостақ?

Бұған көзi таңулы бала былай жауап бередi:

Темiр телпек көп киiп,

Басым содан жалпақ.

Теуiп жауды қашырдым,

Бұтым содан талтақ

Қарауылда көп тұрдым

Көзiм содан тостақ!

Қаумалап тұрған екi бала:

Мына жерде шөл бар,

Мына жерде ел бар

Мына жерде көл бар – деп қолдарын ағытып жiбередi.

Отырған бала құлап түссе, айып тартады. Құламай тiке тұрып қалса екi бала қайтадан көтерiп жүредi. Ойын әрi жалғасады.

“Бөрiк жасырмақ”: ойынына қатынасушылар араларынан бiр ойыншыны шығарып, алыстау жерге барып, бөрiк немесе басқа бiр белгiлi затын жасыруға жiбередi және өзi де сол маңайда жасырынуы керек. Қалған ойыншылар жасырған ойыншының тыққан затын iздеуге кiрiседi. Кiмде-кiм тығылған бөрiктi көрiп қойып, алуға қам жасаса, онда иесi бермеуге тырысады. Бермеудiң жағдайы екеуi бiрдей бас салып бөрiкке таласу емес, Қай бұрын алғаны алады, ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесi қорып, бөрiкке жiбермеуге тырысады. Ал басқалардың қай - қайсысы болмасын, бөрiктiң иесiне қол тигiзiп күш жұмсауына болмайды. Қайткенде де алдап жүрiп алып, оны ойын жүргiзушiге ертiп келулерi керек. Келесi жолы бөрiктi жасыруға бөрiктi әкелген ойыншы барады да, ойын жалғаса бередi.

“Бұғынай”: бұл ойын жазда, көгалды тегiс алаңда ойналады. Ойынға қатынасушылардың саны 10-25, одан да артық бола бередi. Бұл ойынды көбiнесе балалар ойнайды. Ойынға қатынасушылар малдастарын құрып, дөңгелене отырысады. Орталарынан бiрi ойын жүргiзушi қызметiн атқарады. Ол отырған ойыншыларды санай бастайды. “Бiрiншi бұғынай, екiншi бұғынай, үшiншi бұғынай...” т.б. ең ақырғы ойыншыға дейiн осы тәртiппен санап шығады да, кенеттен бiр санды атайды. ( Мысалы: алтыншы бұғынай). Сол санның иесi орнынан жылдам тұрады да, бiр санды айтып, тез өз орнына малдас құрып отыра қалады. Ол санның иесi де жылдам тұрып, кез-келген бiр санды айтып, өз орнына қайта отырады. Әрбiр айтылған санның иесi осыны қайталаумен болады. Егерде айтылған санның иесi тұра алмай қалса немесе оның орнына басқа бiреу тұрса, онда ойынға белгiленген тәртiп бойынша жаза қолданылады (сұраққа жауап беру, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, билеу т.б.). Ол жазасын орындап болған соң бiр санды айтып орнына отырады. Ойын жалғаса бередi. Әркiм өзiне берiлген санды ұмытпауы керек. Ойын тез қимылдап, жедел шешiм қабылдауға, ойда сақтау қабiлетiн дамытуға дағдыландырады.

“Жасырынбақ”: ойыны әдетте жаздыгүнi, ай жарығында шөптесiн алаңдарда, ал күндiз қора – қопсысы көп, яғни жасырынатын қуысы бар жерлерде өткiзiледi. Ойнаушылар көмбеге жиналған соң саусақ санау арқылы кiмнiң тығылушы, кiмнiң iздеушi екенiн белгiлейдi. Ойын жүргiзушi iздеушiнiң көзiн басып тұрып қатты айқайлап, елуге дейiн санайды да (осы кезде ойнаушылар жасырынып үлгерулерi керек) iздеушiнi қоя бередi. Ол жасырынған ойыншыларды iздеуге кiрiседi. Iздеушi екiншi рет кезекшi болмас үшiн бiрiншi көрген ойыншыдан көмбеге бұрын жетiп, хабар беруi керек. Iздеушi көрген ойнаушысын сирағынан алып тұрғызу шарт емес, ең бiрiншi көрген кезде “шика” деп дауыстап, көмбеге қарай жүгiруi керек. Сонан кейiн асықпай басқаларын таба бередi. Саусақ санау әдiсi ойында былай жүргiзiледi: Ойын жүргiзушiнiң айтуымен “бiр, екi, үш” дегенде, бәрi саусақ көрсетедi. Бiреуi – 5, бiреуi –10, бiреуi –2,т.б. көрсеткен саусақтың қосындысын шығарғаннан кейiн саусақты ең аз берген, не ең к†п берген ойыншыдан бастап айналдыра бередi. Ойын қараңғыдан қорықпайтын батыл, түнде бағдарды дұрыс аңғара бiлуге, сезiмталдыққа тәрбиелейдi.

“ Жаяу жарыс”: жасөспiрiм жеткiншектер бiр жазық алаңға жиналады да, жүгiретiн бiр жердi белгiлейдi. Орталарынан бiреуiн басқарушы етiп тағайындайды. Қатынасушылардың бiр бөлiгi көрермен ретiнде орындарында қалып қояды да, басқалары басқарушыға ерiп, белгiленген жерге кетедi. Сол жерде бастаушы оларды қатар - қатар тұрғызып, жүгiруге команда бередi. Балалар зымырап жүгiре жөнеледi. Орнында қалғандар екi бөлiнiп отырып, балалардың жүгiрiп өтуi үшiн ортасынан орын қалдырады. Бұл жерге кiм бұрын озып келсе, ол бiрiншi бәйге, екiншi болып келген ойыншы екiншi бәйге алады. Ойын әлденеше рет қайталанып ойнала бередi.

“Көршi”: бұл ойынды үлкен бөлмеде, көгалды таза ауада өткiзуге болады. Ойыншылар саны 10-нан 30-ға дейiн болуы керек. Ойыншылар дөңгеленiп, екi-екiден шеңбер құрып отырады. Тағы бiр адам ортаға шығып, жұп болып отырған ойыншылардың бiр жұбына келiп, “көршi¡мен татусың ба?” –деп сұрайды. Егер сұрақ қойған жұптың бiреуi “көршiммен аразбын” десе, онда сұрақ қоюшы адам оның қасындағы көршiсiн орнынан тұрғызып, соның орнына өзi отырады. Орнынан тұрған адам ортаға шығып, басқа бiр жұптан iлгерiдегiдей «көршiңмен татусың ба?” –деп сұрап, ойынды соза бередi. Ал егер ойыншы көршiсiмен “татумын” деп, қасында жұп болып отырған серiгiн жiбергiсi келмесе, онда сұрақ қоюшы адам оны жазалайды. Ол ән салады, би билейдi, әңгiмеден, поэмадан үзiндi айтып бередi. Осылай етiп, ол көршiсiн алып қалады. Егер ойыншы бұл тапсырманы орындай алмаса, өз орнын сұрақ қоюшы адамға бередi де, өзi соның мiндетiн атқаруға кiрiсiп ойынды қайта бастайды. Сөйтiп, ойын осылайша созыла бередi.

“Күрес”: бұл ойын қазақ халқының ежелгi спорт ойынына жатады. Қазақша күрес - баланы балуанды шынықтырудың ең қажетті құралы. Бұл ойын адамның денесiн ширатып, бұлшық еттердi қатайтады төзiмдiлiкке, батылдылыққа, ептiлiкке, керек кезiнде тез ойланып әдiс таба бiлуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетiлдiретiн спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнерi “самбо” қазақша күресте адам өзiн еркiн ұстап, өз бойындағы күшiн, әдiсiн түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тiресу, аяқтың басымен iлiп тастау, жамбасқа алып иiре лақтыру сияқты әдiстердiң бәрiн де қолдануға болады. Палуандар кiлем үстiнде, арнаулы жазық жерде, тегiстегi қар үстiнде белдесiп күресе бередi. Ойынның ережесi бойынша қимыл үстiнде адамға зақым келтiре күш жұмсауға, дөрекiлiк жасауға болмайды. Күрес бiр жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигiзiлуiмен аяқталады. Күресетiн палуандар жаңадан енгiзiлген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлiнедi. Күрес мерзiмi ересектер үшiн 10 минут, жас өспiрiмдер үшiн 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигiзу шарт емес. Бұл күрестiң басты шарты - күшiн, әдiсiн асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап “күш алу” деген байырғы жеңiс белгiсi жасалады. Қазақша күрес аудандық, облыстық, республикалық спартакиадалардың программаларына кiргiзiлген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныған өнер.

“Қындық – сандық”: ойын далада, көгалды жерде, спорт залда өтедi. Ойынға жас өспiрiм ер балалар қатынасады. Қатынасушылар тең екi топқа бөлiнедi. Әр топтың өз бастықтары тағайындалады. Олар ойынның дұрыс өтуiн бақылайды. Ортаға екi топтан бiр-бiр ойыншы шақырылады. Олар бiр-бiрiне арқаларын берiп тұрысады да, бiр-бiрiн қолдарының қырымен айқастыра ұстасады. Ойын жүргiзушiнiң берген белгiсiмен олар бiрiн-бiрi арқалап жерден көтерiп әкетуге тырысады. Олай iстеу оп-оңай емес, ойын жүргiзушi белгi бергенде, олар тiзелерiн бүгiп жартылай отырған қалыпқа түседi. қайсысы көтерiп әкетсе, жеңiске сол жетедi. Көбiрек жеңiске жеткен топ жеңiмпаз атанады. Ойын қайталанып ойналады. Ойын жастардың күш-қуатын молайтады, айла-амал қолдана бiлуге, өз күшiн тиiмдi пайдалануға үйретедi.

«Ұшты-ұшты”: Ойынға қатынасушылар орталарынан ойынды басқарушы сайлап алады. Ойын бастаушы ойынға қатынасушыларды столды айналдыра отырғызады не шеңбер құрғызып дөңгелене тұрғызады да ойнаушылардан оң жақ сұқ қолын столдың үстiне тигiзе көтерiп, “ұшты - ұшты” деп отыруларын сұрайды, өзiде солай iстеп көрсетедi.

Тоғыз құмалақ - ойлау жүесін дамытатын ұлттық ойын

Аударыспақ - ер азаматтың атқа шауып, күш сынаудағы артықшылығын көрсететін ойын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет