Сабақ жоспары Уақыты: 04. 2014ж. Пәні: Қазақ әдебиеті 5 б сынып



Дата19.02.2017
өлшемі44,05 Kb.
#10575
түріСабақ
Қызылорда облысы Қазалы қаласындағы

Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қожанова Нұргүл Тұрғанқызы
Сабақ жоспары



Уақыты:

8.04. 2014ж.



Пәні: Қазақ әдебиеті

5б сынып

Сабақ тақырыбы:

Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге» 2-сабақ (талдау)

(«Ақан сері» романынан үзінді)



Жалпы мақсат

«Ақырғы бәйге» үзіндісінің мазмұнын шығармаға талдау жасау барысында меңгерту. Оқушы өз ойын жүйелі жеткізе білу, еркін айта білу дағдысын дамыту.

Сілтеме

1.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

2.5-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті оқулығы



Оқыту нәтижелері

Оқушылардың тақырыпты игере отырып, сыни ойлауы дамиды, сыныпта оқушының топпен ынтмақтастықта, жеке жұмыс жасау дағыдысы қалыптасады. Талдау жасау икемділігі артады.

Негізгі идеялар

Шығарма мазмұнын меңгерту

Тапсырмалар

Топтық, жеке жұмыстар,

Әдістер

1.АКТ

2.СТО


3.ОүБ

Жеке, топтық жұмыс


Психологиялық ахуал туғызу

Жылы лебіз айту


Сабақ барысы


Мұғалім әрекеті


Оқушы әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау


С.Жүнісов «Ақырғы бәйге»

1.С.Жүнісов кім?

2.Қайда дүниеге келді?

3.Қандай шығармаларын білесіңдер?

4. С.Жүнісов «Ақырғы бәйге» шығармасы қай романнан алынған? Бұл шығарма кімнің тағдырын арқау етті? т.б.


Сұрақтарға жауап береді

Жаңа сабақ Әңгімені талдау

Әңгімелеу

1-топ: І,ІІ бөлім

2-топ: ІІІ, ІҮ бөлім

3-топ: Ү, ҮІ бөлім



Бас бармақ арқылы бағалау

Оқулықпен жұмыс

1-топ: Күреңбай сыншы Құлагерді қандай сипаттарына сүйеніп сынады. Сынаған тұсын тауып оқы

2-топ: Асқа жиналғандарға түрлі өнер көрсетіп, сырнайлатқан жаршы бала не деп жар салды?

3-топ: Әр елден жиналған 500 сәйгүліктің жер танабын қуыра ағындаған шабыстарын суреттеу



Сөздікпен жұмыс

Оқушылар жауабынан кейін сөздердің дұрысы айтылады.


Топтық тапсырма

Бөлімдерге ат қою

Светафор арқылы бағалау

«Құлагер» фильмінен үзінді көрсетіледі

Жеке жұмыс

Кейіпкерлерге мінездеме

1-топ: Батыраш

2-топ: Ақан сері

3-топ: Күреңбай сыншы

Құзіреттілік тапсырма
Ой түйін.

Құлагердің өлу себебі неде? Кімдер қастандық жасады? Шығармадан қандай әсер алдың?

«Шығармадан алған әсерім...»



Топтаса отырып, қысқаша әңгімелеп айтып береді

Бағалауын түсіндірп береді

Оқулықтан тауып оқиды

Он екі емес, он үш қабырға, тері, құмалағына қарап айтқан жерін оқиды.


Ат жарыс, көкпар, күрес өтетін Ереймен жері, тау жақты айтуын
Бәйгенің басталған уақыты

Интерактивті тақтадан оқып танысады

Сөздерді оқушылар өздері табады және мағынасын түсіндіреді
Топтаса отырып, бөлімдерге ат қояды

1. Сыншы Күреңбай

2. Өнерлі бала Шашубай

3. Той жаршысының өнері

4. Ақанның мөңкеге айтқан ақылы

5. Жарысқа шыққан аттар

6. Көмбеге жеткен аттар

7. Ақанның алаңдауы

8. Ақырғы бәйге

Фильмді көреді

Кейіпкерлерге мінездеме береді

Берілген парақшадағы тапсырмаларды оқушы жеке орындайды.


Эссе жазады


Қорытындылау

Шығарма неліктен «Ақырғы бәйге» деп аталды?

Шығарма кім туралы?

Ақан сері кім?


Сұрақтарға жауап береді

Үйге тапсырма

І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы оқу

Бағалау

Жиынтық бағалау


Кері байланыс

Сабақ ұнады ма? Ұсынысың?

(стиктер арқылы)




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет