Vi-ix ғасырдағы түркі әдебиет ескерткіштері



бет17/23
Дата21.05.2022
өлшемі302,5 Kb.
#144403
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
ежелги лекция 2

«Кодекс куманикс» Бүкіл қыпышақ даласының, Орта Азия мен Шығыс Европа жерлерінің көбін жаулап алу негізінде құрылған Алтын Орда мемлекеті нығайып тұрған кезде қыпышақ тілі үстем тілге айналды. Алтын Орда дәуірінде Жоңғар қақпасынан бастап, Дунай өзеніне дейінгі аралықтағы ұлан-ғайыр өлкені мекен еткен елдің бәрі де қыпышақ тілін білетін, түсінетін болған.
Орыс елі көршілес отырған қыпышақтарды – пловецтер, ал кейде печенгелер деп атаған. Ал Батыс Европа жұртшылығы қыпышақтарды – кумандар деп атап кеткен еді.
«Кодекс куманикус» - латын сөзі. Бұл сөздің мән-мағынасы – кумандардың кітабы, қыпышақ тілінің сөздігі яки қыпышақ туралы жинақ. Бұл сөздік екі бөлімнен тұрады. Кітаптың бірінші бөлімінде – үш бағана етіп жазылған латынша – парсыша – куманша сөздік берілген. Екінші бөлімін – сан қилы аңыз-әңгімелер, ертегілер жинағы деуге болады.
Бұл кітапты тұңғыш рет қазақ тілі тұрғысынан егжей-тегжейлі зерттеген ғалым Ә.Құршжанов болды.


12 – лекция. Хорезми. Мұхаббат-наме
Алтын орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі – «Мұхаббат-наме» дастаны. Оны жазған ақын Хорезми. Хорезми – ақынның лақап аты. Ақынның шын аты-жөні, өмірі, творчествосы жайлы мәлімет сақталмаған. Ол жайында білетініміз онша көп емес. Ақын Хорезми – Алтын Орда ханы Жәнібектің тұсында өмір сүрген. Сол Жәнібектің Сыр бойындағы әкімдерінің бірі болған Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша 1353 жылы «Мұхаббат – наме» дастанын жазған.
Дастанның қолжазба нұсалары. Зерттелуі. Бүгінгі күнге дейін «Мұхаббат-наме» дастанының екі қол жазба нұсқасы мәлім. Дастанның екі нұсқасы да қазір Лондонның Британия музейінде сақтаулы тұр.СССР Ғылым академиясының Азия халықтары институты 1952 жылы осы екі қолжазба нұсқасының фота көшірмесін алды. Қолжазбаның бірі 1432 жылы ұйғыр әріпімен көшірілген. Демек, «Мұхаббат наме» дастанын Хорезми жазғаннан 80 жылдан кейін оны ұйғыр әріпімен қайта көшірген болып шығады Ал араб әріпімен жазылған нұсқасы 1509 жылы көшірілген. Басқаша айтсақ, дастан жазылғаннан кейін, араға 166 жыл салып барып араб әріпімен көшірілген екен.
«Мұхаббат-намені» тұңғыш зерттеген ғалым А.Н.Смайлович болы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет