Композициялық құрылысы. Махаббатты жырлау. «Мұхаббат-неме» дастанының араб әріпімен жазылған нұсқасы 473 бәйіттен тұрады. Дастанда 11 наме «хат) бар. Жігіттің қызға жазған он бір хаты жырға негіз болған. Солардың ішінде төртінші, сегізінші және он бірінші хаттары парсы тілінде жазылған. Қалғандары Алтын Орда түріктерінің бәріне бірдей түсінікті шағатай тіліндегі жырлар болып келеді.
Дастанда жігіт бар сырын ақтарып, ғашығы үшін ажалдың өзінен де тайсалмайтынын сездірсе де қыз оның ішкі жан дүниесін түсінбей-ақ қояды. Мұның бәрін жігіттің хаттарынан аңғарамыз.
«Мұхаббат-наме» - сюжеті қызықты, тілі көркем, көріктеу құралдары алуан түрлі, өлең құрлысы шебер жасалған дастан. Хорезми түркі халықтары әдебиетінде «наме» жанырына өзінің «Мұхаббат-наме» дастаны арқылы тұңғыш рет жол ашты. «Наме» сөзінің мағынасы – арнау өлең түрінде жазылған дастан, поэма деуге болады. Хорезми теңеу сөздерді мейлінше орынды қолданады. Дастанда: «нәркес көз», «ай жүз», «қылдай бел», «шекер сөз», «лағыл ерін» деген секілді әдемі теңеулер көп.
Алтын Орда дәуірінің ең таңдаулы туындыларының бірі саналатын «Мұхаббат-наме» дастанының әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан маңызы зор.
13 – лекция. Құтб ақын Шығыс классикалық әдебиетінің ғажайып үлгілері XIII-XV ғасырда ұлан-ғайыр қыпышақ даласына кеңінен тараған еді. Фирдауси, Низами, Сағди сияқты есімдері әлемге мәшһүр Шығыс ақындарының шығармаларын Алтын Орда мен Орта Азия түркілерінің сол кездегі әдеби тіліне көптеп аудара бастады.
Еділ сағасындағы Сарай қаласынан шыққан аса көрнекті ақындардың бірі Құтб еді. Ақын XIVғ орта кезінде өмір сүрген. Алғашында Құтб Сырдария бойындағы мәдени орталықтардың бірі Сығанақ қаласында тұрды. Кейінірек ол мәмлүктік египетке барып, сонда тұрып қалды. Құтыб ақынды қыпышақтар арасында «Құтбы» немесе «Құтып шайыр» деп те атай берген. Оның б.д.д. сақталып келген жалғыз шығармасы бар. Ол – «Хұсрау уа Шырын» дастаны. Бұл шығарма - әзербайжан халқының кеменгер ойшылы, ұлы ақыны Ілияс Жүсіпұлы Низамидің «Хұсрау мен Шырын» атты поэмасының аудармасы.