Vi-ix ғасырдағы түркі әдебиет ескерткіштері


Ежелгі қалалар.Сәулет өнері



бет2/23
Дата21.05.2022
өлшемі302,5 Kb.
#144403
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ежелги лекция 2

Ежелгі қалалар.Сәулет өнері. Археологиялық зерттеулер қазіргі Қазақстан территориясынан VI-X ғасырлардағы жүздеген тұрақты қоныстар қалалардың көне жұрттарын тауып, ежелгі түрік тайпаларының өзіндік материялдық және рухани мәдениеті болғандығын анықтап отыр.Қазақстанда көшпелі жұрт егіншілік және қол өнер кәсібіменде айналысып, отырықшы қала халқының қатарын көбейтті.
Орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық саяси және мәдени орталықтарының бірі – Отырар қаласы болды. Мұнда әлемдегі аса бай кітапханалардың бірі болғандығы туралы жазба деректемелерде айтылады.Тараз қаласы VII ғасырда «Ұлы Жібек жолындағы» аса ірі мәдени орталықтардың біріне айналды. Қазақстанның оңтүстігіндегі аса ірі қалалардың бірі- Испиджап қаласы болды.Қалалардың қаулап өсуіне байланысты VI-IX ғ архитектура мен қосалқы өнердің жаңа үлгілері туындады. Ұрлыста күйдірілген кірпіш, гипс, алебастр кенінен қолданылды.
Тіл және жазу Б.з.б 1 мың жылдықтын басында Орта Азия және қазіргі Қазақстанның даласында сақ тайпалары мекендеген. Сақтардың солтүстік тобы түркі тілдес, ал оңтүстік тобы иран тілдес болған. Түркі тілінің сан түрлі диалектінде сөйлейтін және иран тілі тобына жататын тілдерде сөйлейтін тайпалық ұлыстар бір-бірімен үздіксіз экономикалық – мәдени байланыс жасап, қатысып тұрды.Түрік қағанаты тарихының алғашқы кезінде ақ көне түрік таңбаларына ру символдарына ұқсас болып келетін түріктердің өз жазуы өмірге келді.Осы көне түрік жазуы бертін келе «Руна» жазуы деп аталып кетті. Скандинавия халықтарының тілінде «рунь» деген сөз «құпия», «сыры ашылмаған» деген ұғымды білдіреді. Шығыс Түркістан шаһарларында IX ғ бастап көне ұйғыр жазуы пайда болды. Өз заманының ойшылы, ғұлама энциклопедист Әбу Насыр әл-Фараби сол дәуірдің дәстүріне сәйкес өз еңбектерін араб тілінде жазды.Оның ежелгі мәдениетке, әдебиетке қосқан үлесі мол болды.
Наным- сенімдері.Діни ұғымдары. Ежелгі түріктер негізінен қос күшке –Көкке (Тәңір депте атаған) және Жерге сиынатын болған. Қарапайым халық өздерінің қағандарын сол Көк-Тәңірінің әмірімен билік жүргізіп отыр деп түсінген. Үйдегі от басы бала-шағаны қорғаушы әйел тәңірісі Ұмай.
Ежелгі түріктер ен даланы, орман-тоғайды, тау-тасты күні-түні түрлі рухтар кезіп жүреді деп түсінген.
Ежелгі түріктер өлген адамды шаман рәсімі бойынша жерлеген.Биіктеу жерге киіз үй тігіп өлікті алдымен сол үйге қойған Сол маңайға құрбандыққа әкелген малды байлаған.
Қазақстан мен ОртаАзия жерін мекендеген тайпалар арасында VI-IX ғ өз діндерінен бөлек, мүлдем басқа діни жүйелерде орын алды.Айталық, түріктер арасында буддизм, манихейлік, христиандық діндер де кеңінен тараған. Қазақстан мен Орта Азияда түркі тілдес ру-тайпаларды зорлап,ислам дініне бағындыру ісі негізінен IX ғ соңы мен Xғ бас кезінде жүргізіле бастаған.


2 – лекция Тасқа жазылған дастандар
Шамамен VI ғасырдың орта кезінде,Жетісу, Алтай, Орталық Азия мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрған.
Сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен ғажайып дастандар бар. Бұлар- «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырлары деп аталады.
Рас, руна жазуындағы жәдігерліктер жанры туралы соңғы кезге дейін әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Бұларды біресе прозалық шығарма десе, екінші жолы поэзиялық туынды деп келеді.
Көне түркі қағанаты дәуірінде (VIIIғ) әрбір әріпі құлып тасқа жазылған, әрбір сөзі адамның жан жүйесін еріксіз тебірентетін, әрбір шумағы астарлап айтылған ой-толғаныстарына толы, қадым замандардан сақталып, бізге жеткен сөз патшасы бүгінгі оқырманына да әмірін жүргізеді – оған эстетикалық ләззат беріп, ой мен сезім әлеміне жетелейді.
Ежелгі түрік халықтарындағы көркем сөз ескерткіштері – көрнекті әскери қолбасшы Күлтегін (684-731ж), оның ағасы Білге қаған (683-734ж) және қағанның кеңесшісі Тоныкөк туралы тасқа қашалып жазылған әдеби жәдігерлер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет