Vi-ix ғасырдағы түркі әдебиет ескерткіштері


Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз. «



бет7/23
Дата21.05.2022
өлшемі302,5 Kb.
#144403
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
ежелги лекция 2
ТАПСЫРМА 13
Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз. «Қорқыт ата кітабы» - түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық, әрі тарихи мұра. Қорқыт ата хикаясы – VII-VIII ғ Сырдария бойын мекен еткен оғыз-қыпышақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби тарихи, этнографиялық, т.б. мәнін жоймаған, аса құнды шығарма.
Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыт – сегізінші ғасырда сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, аксқан күйші, аңыз кейіпкері. Данышпан қарттың ұзақ жылдар бойы ел басқарған көсем болғанын, өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызымет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар.
Ел аузындағы аңыздардан Қорқыт ата өзінің жүйрік желмаяасына мініп алып, халқына мәңгі жасайтын жер-ұйфқ іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші, өлім дегенді білмейтін ғажайып қайсар жан ретінде суреттеледі. Әйтседе ол өмірінің соңында «өлмейтін нәрсе жоқ» деген пікірге келеді.
Қорқыт асқан күйші, ақылгөй, данышпан, атақты жырау деп, мазар-күмбезіне (қорым,ұйық жер,пантеон) бас ию сонау оғыз-қыпышақ заманнан басталады. Қорқыттын мазарын (Қызылорда обылысы, Қармақшы ауданында) халық сан ғасырлар бойы қадірлеп, оны «Қорқыт атаның күй тартатын жері» деп басына күзетші, шырақ жағушы адам қойып жүрді.Қорқыт ата күмбезі шамамен IX-XІғ салынған.
Қолжазба нұсқалары, зерттелуі, аудармалары. Б.д.д «Қорқыт ата кітабының» екі қол жазба нұсқасы сақталып келеді. Солардың бірі қазір Германиядағы Дрезден қалалық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.
Ал, «Қорқыт ата кітабының» екінші қолжазба нұсқасы Ватикандағы Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бұл қолжазба алты жырдан құралған, ол: «Хикаяат оғызнаме Қазанбек уа ғайри» деп аталады.
«Қорқыт ата кітабының» Дрезден қаласында сақталған толық нұсқасын зерттеу, европа тілдеріне аудару ісі XIXғ бірінші жартысында басталған еді. Оғыз-қыпышақ дәуірінің ғажайып әдеби ескерткішін зерттеуге А.Н.Самойлович, В.В.Вельяминов-Зернов, К.А.Иностранцев, А.Ю.якубовский сияқты көрнекті орыс ғалымдары мол үлес қосты. Қазақстан ғалымдарынан «Қорқыт ата кітабын» зерттеу, аудару, насихаттау ісіне академик Ә.Марғұлан, профессор Ә.Қоңратпаев және Б.Ысқақов белсене атсалысып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет