Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, профессор



бет1/9
Дата10.02.2020
өлшемі363,66 Kb.
#57536
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
абаййй

Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, профессор

   Ақын,ағартушы данышпан Абайдың бейнесі тарихтың әрбір кезеңінде суретшілердің қызығушылығын тудырған. Бұл әрине өте күрделі мақсат әрі міндет.

   Абайдың қайталанбайтын біртұтас образын жасау үшін жеткілікті мәлімет болуға тиіс.Міне осы салада іс жүзінде ғылыми-зерттелген еңбектер жоқтың қасы.Абай образын бейнелеу өнерінде теориялық мағынасын түсіндіру де шешілмеген мәселе. 1887 жылы натурадан салған жалғыз түпнұсқа суретті (П.Лобановский салған) және Абайдың фотосуреттерін негізге ала отырып өнердің барлық жанрында біртұтас көркем образ нұсқасын қалыптастыру да қолға алынбаған. Әрине, Қазақстан бейнелеу өнерінде Абай образына қатысты еңбектер жоқ деп айта алмаймыз. Данышпан Абайдың образын жасауға бірқатар әйгілі суретшілер мен мүсіншілер үлес қосқан. Мысалы, Н.Крутильников, Ә.Қастеев, Л.Леонтьева, Н.Нұрмұхамбетов, Е.Сидоркин, Қ.Телжанов, А.Рахманов, И.Исабеков, К.Каметов, А.Ғалымбаева, Р.Есіркеев, Х.Наурызбаев, Д.Элбакизде т.б.

Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеевтің шығармашылығы көп елдерге мәлім. Ә.Қастеев өзіндік дара қолтаңбасы бар суретші ғана емес, еліне деген махаббатын картиналары арқылы көрсете білген біртуар азамат.

   Абай тұлғасы Ә.Қастеевтің сүйікті кейіпкері болды. Суретшінің қылқаламынан туындаған «Абай киіз үй алдында», «Жас Абай», «Абай жаз жайлауда» шығармалары осыған дәлел. Ә.Қастеев Абай еліне екі рет келіп, ұлы ақын жайлы мәліметтер жинап реалистік тамаша еңбектер қалдырды.

   Х.Наурызбаев – Қазақстанның халық суретшісі, мүсіншісі, Алматы қаласындағы  «Абай» ескерткішінің авторы. Осы ескерткіш – Абай образын мейлінше анық көрсететін құнды туынды. Оның құндылығы мүсіншінің кең зерттеу тәжірибесінде жатыр. Мүсінші ақынның ескерткішін жасау барысында М.О.Әуезовтің кеңесі бойынша Абай елі Шыңғыстауға барып ұлы ақынның жерлестері мен туыс жамағатымен жақын танысып, олардың мінез-құлқын, бет әлпеттерін, кескіндерін зерттеп бейнелік мол мағлұмат алған. Абайдың Ақылбаев Бағыш Әлманбетұлы деген шөбересінің сыртқы кескіні басқаларынан гөрі ақынның кескініне келетіндігін аңғарған. Бағыш өз кезегінде монументті мүсіннің моделін жасауға прототип болған. Суретші Х.Наурызбаев көп ізденістердің, мұқият зерттеулердің арқасында және кемеңгер жазушы М.Әуезовтің ескертпелері мен кеңестерін басшылыққа алудың негізінде әйгілі монументті ескерткішті жасап шығарған. Бұл – қажымас еңбектің, шеберліктің көркем нәтижесі әрі шындығы.

   Семей қаласының орталығында белгілі мүсінші Д.Г.Элбакидзе сомдаған монументті Абай ескерткіші тұр.Бұл ескерткіш 1972 жылы салтанатты түрде ашылды. Абайдың образы өте ұтымды әрі, шынайы сомдалған. Бұл Абай образын бейнелеудегі бірегей ескерткіш деп айта аламыз.

   Елімізде көптеген мүсіншілер, суретшілер, ойшыл, ақын-ағартушы, данышпан Абай бейнесін түбегейлі зерттемей, бұрын кескінделген картиналарды салыстыру негізінде жасай береді.

   Портрет – бейнелеу өнерінің жанры, оның міндеті мен мақсаты нақты адамның сыртқы кейпін түсіру, адамның жеке ерекшеліктерін көрсету. Осы орайда, әйгілі суретші Орест Кипренскийдің шығармашылығы еске түседі. Ол Пушкиннің портретін жасауды арман еткен. Әрі ақынның жан досы болған О.Кипренский Пушкинді натурадан салған бірегей әйгілі шебер. Суретші өзінің қаһарманына соншалықты сүйіспеншілік ықыласпен, асқан жауапкершілікпенкеліп, көрермендерді оның тұңғиық жанына терең үңілу шешімін тапқан.

   Ұлы Абайдың данышпандығы уақыт кеңістігімен сыналған. Ол бірінші болып қазақ даласында Пушкиннің, Лермонтовтың, Толстойдың және Крыловтың шығармаларын аударған және сондай-ақ Гетенің, Шиллердің, Байронның, Мицкевичтің шығармаларын өзінше түсіндіруді де іске асырған.Солардың ішінде Абай М.Лермонтовтың өлеңдерін көп аударған.

Ал, бейнелеу өнеріне келетін болсақ, Лермонтовтың көзі тірісінде салынғанпортреттерінің 15-і осы күнге дейін жеткен. Сол портреттердің жеке біреуінен кемеңгер ақынның сыртқы кескінінен, оның көпқырлы ішкі әлемін жеткілікті елестету мүмкін емес.Дей тұрсақ та, бүтіндей алғанда жоғары біліктікәсіби суретшілердің жасаған портреттерінен (Ф.О.Будкин, П.Е.Заболотский, А.И.Клюндер, К.А.Горбунов) Лермонтовтың нақты бейнесін елестетуімізге әбден болады. Айта кетуіміз керек, Ю.Лермонтовтың өзі тамаша суретші, ол акварель бояуымен қағазға өзінің автопортретін салған. Кемеңгер ақын Кавказ тауларының пейзаждарын өте керемет жазған, біз осыдан оның сан қырлы екендігін аңғарамыз.

   Немістің ұлы данышпаны Гетенің бейнелеу өнеріндегі портреттері өте көп. Ұлы ақынның бет әлпеті, кескіні осы күнге дейін зерттелуде. Мысалы, зерттеуші эксперт-физиономист Михаэль Хейтль ұзақ уақыт компьютерлік томографияның көмегімен зерттеу жүргізген. Гетенің көзі тірісінде мүсінші Готтлоб Вайсер (1780-1815) алған бет әлпетінің гипс маскасы ақынның дәлме дәл кескінін бере алады деген шешімге келген. Ұлы ақын ол кезде 58жаста еді.

   Біздің елімізде суретшілер Абай образын өздерінің жеке тәжірибесіне сүйеніп немесе болымсыз материалдарға ғана қанағат қып туындылар жасайды. Сондай кәсіби суретшілердің де шығармашылық картиналары жеткілікті. Жоғарыда атап өткеніміздей П.Д.Лобановскийдің натурадан қарындашпен салған жалғыз суреті Семейдің Абай музейі қорында сақтаулы тұр. Ол кезде Абай 42 жаста болған. Шашы өсіңкіреген, қара шашты, жақ сүйектері шығыңқы, сақалы да сондай ұзын емес.



   Ұлы Абай көзі тірі кезінде фотосуретке екі рет түскен, келешекте архивтерден тағы басқа суреттері табылуы әбден мүмкін.

1. Абай балалары Ақылбай Абайұлы (35 жас) және Турағұл Ибрагимұлы (21 жас)1896 жыл, Семей қаласы.

2. Абай отбасымен. 1903 жыл. Фотосуреттің түпнұсқасыСемей қаласындағы Абай музейінде сақтаулы. Ол суретті 1940 жылы М.О.Әуезовтің өзі сыйға берген.

Осы деректі үш құжатты негізге ала отырып Абайдың иконографиясын (сурет, сымбат өнер шығармаларынан біреудің бейнесін біліп жазу) бейнелеуге әбден болады. Фотосуреттерде Абайдың кескіні (облигі) анық көрінеді және мінезінен де мәлімет береді.

Суретші ретінде мені қынжылтатыны ұлы Абайдың бейне образын суретшілер қандай ракурста бейнелесе де оның бет әлпеті, шын кескіні, айқын болуға тиіс. Ұлы адамның бейнесіне немқұрайды қарауға болмайды.

Қазақстан баспаларында Абайдың фотосуреттері жеткілікті және кең тараған. Бірақ, сол фотосуреттер ұлы Абайдың бейнесін түпнұсқадай анық бере алып жүр ме?

Себебі әртүрлі баспаларда қайталанып түсіріле береді және компьютерде өңделеді, көптеген суреттері ретушталған, яғни өңделген, кейбірі мүлдем өзгеріске ұшыраған. Осындай суреттерден Абайдың анық кескінін көріп елестету де оңайға соқпайды. Менің ойымша, деректі құжаттарды не суреттерді өңдеуге мүлдем болмайды. Тарихи құжаттардысол алғашқы қалпында сақтау келешек ұрпақтың зерттеуіне мол мағлұмат береді.

  Осы орайда философ Дидроның «Табиғат шындығы өнердегі шыңға ұқсастыққа негіз» деген пікірі еріксіз ойға оралады. Бірнеше жылдар бойы, Абайға байланысты картиналарды, фотосуреттерді зерттеп ақынның кейіп-кескінін анықтап білу мақсатын қойдым. Ұлы ақын туып өскен жерлерді зерттеп бейнеледім. Қасқабұлақ ауылында тұрдым және еңбек еттім. Ауыл ақсақалдарының әңгімелерін тыңдап мәліметтер жинастырдым. Мені ұлы Абайдың реалистік бейнесі, ақынның ұлттық кейпі мен мінезі ойландырды. Абайдың портрет суреттерін бірнеше қайталап бейнеледім. Оның көпшілігі жеке жинақтаушылардың қолында сақтаулы. Жылдар өткен сайын, Қазақстан бейнелеу өнерінде жасалған картиналардағы Абай образы, кескіні көрермендерге үйреншікті болып кеткені рас. Бірақ, мамандар осы олқылықты терең зерттеп бірыңғай ортақ пікірге келуі керек деген үмітпен осы мақаланы жазып отырмын. Негізінде, бұл іс – кәсіби өнертанушы-зерттеушілердің міндеті.

Турағұл Құнанбаев «Әкем Абай туралы»естелігінде«Мен әкемді танығанда, әкемнің жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді. Мәжілісі қызықты, сауықшыл, дастарханы аса мол еді. Бір іспен қызықтамай, жай, салбырап, шаруасын істеп отырмаушы еді», – деп суреттейді.

Турағұл 1889 жылы 14 жасында: «Бұл жылы әкемнің белсеніп ғылым жолына кіріскен жылы екен. Артынан абайлап қарасам әкемнің әмсе үйде отырғандағы киіп отыратұғын баяғы көйлек, басында тақиясы, оның сыртынан тысқа шыққанда кие салатын жапетер ақ елтіріден істелген көк сатинмен тысталған көк бөркі. Анда-санда еті салқындаса жамылатұғын сары тоны бар...», – деп жазады.

Бұл суреттеулер шындыққа жатады және деректі естелік. 90-жылдары әкем Өтепбаев Нұғыманнан Абайды сіз көрдіңізбе деп сұрағанымда, 9 жасымда әкеммен еріп бір жиын тойда көрдім деп еді. Сонда, ол кісі қандай адам дегенімде «Үстіне шапан киген, басында тақиясы, толықтау келген, бұрылып қарағанда көзі өткір сұр», –деп еді.

Әрине, адамның кейіп-кескіні күніне өзгеріске ұшырай береді, бірақ сол құбылмалы-құбылыстан суретші мін таппайтындай кескін жасап шыққаны абзал. Ол жай ғана ұқсастық емес, жарқын бейне, мінездік кейіп, образдың бұртұтастығы т.с.с.

2019 жылы Абайдың екі баласымен түскен фотосуретін негізге ала отырып, ақынның графикалық портретін бірнеше қайталап бейнеледім.

Әрине, Абай образын жасау, оның тұңғиық жанына үңілу өте күрделі болды. Дегенмен, графикалық суретке мұқият қарасаңыз, сіз одан Абайдың кейіп-кескінін, шындықты аңғарасыз.

Мұқият зерттеулер негізінде туындаған Ұлы Абайдың иконографикалық портреті ақынның 175 жылдығына сый деп білерсіздер.

Әдебиеттер

1. Долгополов И.В. Мастера и шедевры: В 3т. Т2 М.: Изобразительное искусства, 1987. – 752 с.

2. Абай энциклопедия. Бас ред. Р.Н.Нұрғалиев.–Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, 1995. – 720 б.

3. Золотарева Л.Р. История искусства Казахстана.–Караганда: изд. Каргу, 2000.  – 332 с.

4.  Құнанбаев Т. Әкем Абай туралы. –Алматы: Ана тілі, 1993. –56 бет.



АҚЫН ТОЙЫНА ӘЗІРЛІК БАСТАЛДЫ

  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-ЖомартТоқаевтыңұлы Абайдың 175 жылдығына тап өтуге орай үкіметтік комиссия құрылсындеген Жарлығына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік деңгейде жиын өткен еді. Республикалық комиссияның алғашқы отырысынан кейін Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовпен бірге өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, 2020 жылы ұлы Абайдың 175 жылдық мерей тойын жоғары деңгейде атап өтуге орай арнайы жиын өткізді.


  Қалалық әкімшілік ғимаратында өткен жиынға Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Жандос Әубәкір, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры, ғалым Мейір Ескендіров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Арап Еспенбетов, жазушы, «Парасат» орденінің иегері Медеу Сәрсеке, «Абай» қоғамдық қорының төрағасы Отантай Кәріпжанов, қалалық ардагерлер кеңесі­нің төрағасы Амантай Доғалақов, Абай атындағы театр директоры Яков Горель­ников, Абай атындағы әмбебап кітапхана директоры Гүлнара Жігітбаева, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Қайрат Сабырбай, этнограф, тарихшы, Қазақстан Республикасы халық ағарту саласының үздік қызметкері Молдабек Жанболатов, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры Шағангүл Жанаева, тарихшы ғалым, қоғам қайраткері Құсмилия Нұрқасым, халықаралық «Қазақтілі» қоғамының вице-президенті Орал Шәріпбаев, Невзоровтар отбасы атындағы музей директоры Татьяна Стромская және тағы басқалары қатысты. Олар мемлекеттік деңгейде бекітілген жұмыс жоспарына деген өз көзқарастарын білдірді. – Бүгін Семейде басталған сапарымызды әрі қарай Абай ауданында жалғамақпыз, – деді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова. – Республикалық комиссия қазіргі уақытта қолымызға ұлы Абайдың 175 жылдығына орай жұмыс жоспарын ұсынып отыр. Жұмыс жоспарында жобаланған әр бөлімді мейлінше сын көз қараспен қабылдап, мерей тойдың халыққа дұрыс жетуіне атсалыссаңыздар деген өтініш айтқым келеді. Және өз ұсыныстарыңызды да айтып отырсаңыздар. Сіздердің сарап­та­­малық көз қарастарыңызбізге аса қажет. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің қол­дауына орай, қазіргі таңда үкіметке ұсы­ныс жасалды. «Абай-Жидебай» мемо­риал­дық кешені жөндеуден өтетін болады. Сондай-ақ  Нұр-Сұлтан қаласында өткен мемлекеттік республикалық комиссия шешімімен Абайдың туған жері сырт Қасқабұлақ және Ақшоқыдағы Құнанбай қорымы еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштер қатарына енгізілмек. Бұл жерлер Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің құрамына кіретін болады.

  Шәкәрім атындағы мемлекеттік уни­вер­ситеттің профессоры Арап Еспен­бетов жиын барысында алқа назарына өзінің маңызды ұсыныстарын айтып, көпшілікке ой тастады. Ол өз сөзінде Абайдың 175 жылдық мерей тойына орай жұмыс жоспарын негізге алып, орындауымыз керек, бұл дұрыс шаруа, десек те Абай ауданына сапар жасау арқылы іс жүзінде де біраз дүниелерді назарға алып қайтсақ деді.

  – Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін жаңғырту қажет, – деді жазушы Медеу Сәрсеке. – Менің ұсынысым, осы музейдің директоры, білімді басшы Жандос Әубәкірді және қаладағы сәулетшілерді Мәскеуге іссапарға жіберіп, сондағы Чехов музейін, Тула қаласына 15 шақырым жердегі Ясная полянаны көрсе, солардан үлгі алып, біздің музейді қайта жарақтандырса деген ой айтқым келеді. Себебі оларда Чехов, Толстой заманы толық сақталған. Абай музейін Абай заманына лайық жасау керек. Мына 82 бөлімнен тұратын жұмыс жоспарын оқып шықтым. Осының ішінде Абай шығармаларын шеттілдерге аудару, шығару да бар екен. Біз 175 жылдықты тойлағанда халыққа не береміз соны ойлау керек. Менің ойымша Абайдың 50 томдығын біріктіріп, бір том жасап, шығарсақ. Және келесі жылы «Абай әлемін» тек қана Абай шәкірттеріне арнасақ, мен білсем, оның 13 шәкірті бар. Соның ішінде Шәкір ғана шықты. Соған орай 13 кітап шығарсақ.

  Бұдан кейін сөз алған Шәкәрім атын­да­ғы мемлекеттік университеттің ректоры, тарихшы-ғалым Мейір Ескендіров те жиын барысында тың ойларын ортаға салды:

  – Медеу ағамыздың сөзіне толық қосыламыз. Біріншіден, комиссия рес­публикалық деңгейде, онда әрине көптеген мәселелер шешіледі. Біз біремес, бірнеше музей жасап отырған адамбыз. Сондықтан бас қосып, музейді қалай дұрыстап жасаймыз, соның тұжырымдамасын бекітсек. Қаражат әрине, шешілуі керек. Абайды айтқанда «Әлемнің Абайы» деп айтамыз. Қазақтың Абайы деп қараймыз. Екінші облыстық деңгей, көптеген мәселелер жаса­лып жатыр. Оған да атсалысамыз. Бір аудан бір ескерткіш қойса, сәулет жағынан да қаламыз асқақтар болар еді. Тағы бір мәселе, Абайдың шығармаларын латын қарпінде шығаруды қазірден бастап, қолға алсақ, бұл Елбасының стратегиялық саясаты. Біз бұған университет болып ат салысамыз.

  Республикалық «Абай» қорының прези­денті Отантай Кәріпжановтың айтуын­­ша, Абайдың әкесі Құнанбай қорымы туралы мәселе көп көтеріліп жатыр. Құнанбай қорымы қалай да жөнделуі керек.

  – Музейге қатысты пікірлер айтылып жатыр, Медеу ағаның сөзімен толығымен келісемін, – деді Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Жандос Әубәкір. – Абай музейінің тарихи бейнесі сақталуы тиіс. Бұған 250 млн теңге бөлінеді. Музей қалай жөнделеді, оған ұсыныс-пікірлер дайындап жатырмыз.

  – Абайдың 150 жылдық тойында комиссия мүшесі болдым, сонда да маңызды шаруалар атқарылды, – деді этнограф, тарихшы Молдабек Жанболатов. – Сондай-ақ мына жұмыс жоспарына сәйкес Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» көркем фильмін насихаттау керек. Сонымен қатар жазушы Бейбіт Сапаралының «Құнанбай қажы» деген деректі кітабы шыққан. Сол кітап тарихи деректерге, материалдарға өте бай. Халыққа ұсынуға болады. Соны шығарайық.

  Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов Абай тойына дайын­дық­тың ішінде келген қонақтарға жағдай жасауды қолға алған жөн, ат жарысын дұрыстап ұйымдастырып, оның әділ өтуін, бабы келген ат таңдауды қолға алу керек деді. Әр ауданға тапсырма беріп, бәйге аттарын ғана таңдап алу керек.

  Сондай-ақ халықаралық «Қазақтілі» қоға­мының вице-президенті Орал Шә­ріпбаев, Ассамблея атынан ұсыныс жасап, келер жылды «Абай-175» деп жария­лат­сақ деген ұсыныс айтты.

  Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары Әсем Бекқызы бастаған жұ­мыс тобы сапарын Абай ауданында жал­ғастырды. Абай дүниеге келген сырт Қасқабұлақта Абай ауданының әкімі Жар­қынбек Байсабыров, аудандық мә­дениет бөлімінің бастығы Елдар Оразалин, «Абай елі» газетінің бас редакто­ры, бел­гілі қаламгер Әсет Мырзақасым және Қасқабұлақ аулының әкімі Асхат Мұқа­таев­тар қарсы алды.

  – «Тас түскен жеріне ауыр» деп қазақ айтады ғой, ұлы Абайдың туған же­­рін­де мерей тойына деген дайындық ерекше қызу түрде жүріп жатыр. Өз ұсы­нысымызды облыс әкіміне бер­дік. Абай­дың туған жері сырт Қас­қабұлақ пен мен Ақшоқыдағы Құнанбай қо­ры­мына арнайы жоба ұсын­дық. Инфрақұрлымын дамытуды қолға алуымыз қажет. 180 шақырым жол жөнделмек. Туризмді дамыту бағы­тын­да осы жұмыстарды қолға аламыз. Сырт Қасқабұлаққа 20,5 млн теңге, Ақшо­қыдағы Құнанбайқорымына 27,5 млн теңге бөлініп, бұл жерді абаттан­ды­ру қолға алынатын болады, деді Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров.

Раушан НҰҒМАНБЕК,
«Еgemen Qazaqstan»

https://egemen.kz/article/205915-aqyn-toyyna-azirlik-bastaldy



 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет