Ауған соғысы (1979-1989) ауған соғысы қалай басталды?



Дата29.05.2023
өлшемі0,93 Mb.
#177933
Байланысты:
Ауған соғысы

Ауған соғысы (1979-1989)

АУҒАН СОҒЫСЫ ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ?

  • 1979 жылы 25-желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша 15:00-де
  • КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға
  • Кеңес әскерлерін кіргізу басталды. Командирлер «Бұл қысқа
  • мерзімдік акция, тапсырманы орындаймызда кетеміз» дегенімен
  • «акция» 9 жылдан астам уақытқа созылады. Талай боздақтардың
  • өмірін қиған зұлмат адамдардың тағдырына көптеген зардап
  • әкелді.

Кеңес әскерлері Ауған жерінде 9 жыл 64 күн болды. КСРО соғыс шығындарына жылына 2-3 миллиард доллар ақша жұмсап отырған. Сондықтан Ауған соғысы, Кеңес Одағының ыдырауына ықпал еткен себептердің бірі болып табылады.

  • Кеңес әскерлері Ауған жерінде 9 жыл 64 күн болды. КСРО соғыс шығындарына жылына 2-3 миллиард доллар ақша жұмсап отырған. Сондықтан Ауған соғысы, Кеңес Одағының ыдырауына ықпал еткен себептердің бірі болып табылады.
  • Тұтқынға түскен сарбаздарға, алдымен ислам дінін қабылдау ұсыныс жасалған. Бас тартқандар, өлім жазасына кесілген. 10 жылдың ішінде ауғандардың тұтқынына 417 адам түсті. Олардың 130-ы ғана Отанына оралды. Отанына қайтып оралған көптеген жауынгерлер, бұл өмірде өз орнын таба алмады. Суицид бойынша, ең жоғары деңгей Ауған соғысы ардагерлерінде болды. Батылдық көрсеткені үшін, 86 сарбаз Кеңес Одағы Батыры атағына ие болды.

Ауған соғысына қазақстандықтардың қатысуы

  • Кеңес әскерлерінің жекелеген бөлімшелері Ауғанстан аумағынан шыға бастауы өте күрделі операция еді. Он жылға жуық бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғаныстан әскерлері құрамында Қазақстаннан 22269 жауынгер интернациональдық міндетін атқарды. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған азаматтар елге мүгедек болып оралды. Қаншама қазақстандық отбасына қасірет әкелген Ауған соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын.

15-ақпан – Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған күні

  • 15-ақпан – Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған күні. Сондықтан Қазақстанның жер-жерінде бұл күн ескерусіз қалмайды. Жыл сайын елім деп өткен боздақтарды еске алып, ардагерлерге құрмет көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет