Туған жерім-тұғырым



Дата03.01.2022
өлшемі15,61 Kb.
#108224
Байланысты:
Документ (7)


Туған жерім-тұғырым

Халқымыздың туған жерді қадір тұту сезімі өте терең.Түпсіз тұңғиық па дерсің.Не дегенімен қарға тамырлы қазақтың туға елді ардақтауы-қанға сіңген әдет.Себебі,бізді мәпелеп өсірген ата-анамыз тәрбие беруді ең алғаш “Ата мекен-алтын бесік”деп,құлағымызға құйып сөсіруден бастайды.

Туған жер дегенде қой екеш қой да тұяқ серпімей ме?Сол үшін де,туған жер туралы өлеңдер кездестірмедім деу құлаққа түрпідей тиеді.Бізге чонау қилы заманнан жеткегН өлең қамбасынан да,қазіргі өлең қамбасынан да туған жер тақырыбы төгіледі.Бір түсінгенім,туған елге деген ынтық сезім ел тағдыры бәске тігілген зар заман болсын,қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныш кезең болсын уақыт талғамайды екен.

Осы тұжырымдама “ұлтарақтай болса да,ата-қоныс жер қымбат”-деп жанын берген Махамбет,Исатай және ауыр күндерге майысса да сынбаған өжет ел серкелерінің қасіретке толы өмірлері дәлел.Өйткені бұл алыптардың жанын пида етіп отырған жері мен елі-өмірімен өлшеулес ар-намысы,азаттығы,келер ұрпағына қалдыратын аманаты.Сондықтан,өршіл рухты ақынның өлеңінде ата қоныс тақырыбы бастан аяқ желі болып тартылып жатуы табиғи.Қуғында жүргенде аңсай сағынып,перзенттік кіршіксіз сезімімен еске алатын жерұйығын тіл байлығы жеткенше мақтады.Оқып отырғанда көзіме бұрын соңды байқалмаған сұлулық көрінді.Неге мен оны байқамағанмын?-деп таңдана мелшиіп қалдым.Ал сезімге толы өоеңін “ондай қоныс маған жоқ”-деп күрсіндірмеске амал қалмады.Ішімде пайда болған жарқыраған жазды қыс алмастырып,күркіреген күнді бұлт алмастырғандай болды.Жан дүнием күңгір тартты.Тіреп тұрған тұғырым опырылғандай болды Менің өзім осындай күйде болсам,ақынның жайы белгілі-ақ…

Батыр ақынның өмірі ат үстінде өтті.Өмірінің бір сәті тыныш болмады.Әйтсе де,екінші анасы-жеріне деген сүйіспеншілігін тұншықтырмады.”Еділ үшін егесіп”тартысқанша “Ризалықпен жайғасып”өлместің күнін кешіп жүре берсе болмас па еді.Бірақ Махамбет бодан болып,ел тұғырын кәпірлерге ұстатуды ар санады.Ата-бабасы қағып қойған азаттық тұғырын өзгенің табанына салмады.Ол азаттық-ел,жер.Мұстафа Шоқай айтпақшы:”Біз ұлттық азаттығымызды аламыз”.Бірақ алдымен жерді тақымымызға мықтап қысуымыз керек.

Кіндік қаның тамған жерге деген албырт сезім шынымен де дәуірлердің алмасуын күтпейді екен.Махамбеттен қанша ғасыр ерте туған “Шығыстың Аристотелі”-Әл-Фарабидың өзі өлеңмен өрілген мұрасы-“Қашықтасаң Туған жер”-деген өлеңінде екі сезім ішке симай сыртқа атқып,буырқана шықты.Бірі-ел үшін туындаған ыстық сезімі.Екіншісі-өзегін өртеген сағынышы,бір көрсем ғой!-деген арман-тілегі.Өзінің ішкі сезім толқыныстарын туған жері-Отырарға деген сағышына тоғыстырып қойды.Білім үшін елінен жырақа кетіп,ілім қуды.Уақыт өте келе астық леп жан дүниесін отқа орап,суынып “құм сықылды тез ысынып,тез суынар”-деген өлеңімен 70тіл білетін көрнекті ғалымның туған жеріне деген сағынышының алдына тізе бүгетінін мойындады.Шетке ығыстырып қоя алмады.Не дүние есігін “әлдилеп’’ашқаннан көкірегіне құйылатын еліне бөлінетін сезімнің есігін жауып қоя алмады.Не төгіп тастап,әмір бере алмады.

Менің де ондай сезімдерді басымнан кешірген сәттерім болды.Өзіңді көтеріп,сүйеп тұрған бағанадан айырылғандай,көңілім жарым болып қалады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет