Тақырыбы: «Туған жерім,тұғырым-Қазақстан!» Мақсаты:



Дата28.01.2018
өлшемі170,86 Kb.
#35358
Тақырыбы: «Туған жерім,тұғырым-Қазақстан!»

Мақсаты: 1.«Қазақстан» тақырыбы бойынша оқушылардың
білімдерін толықтыру,тиянақтау,дүниетанымдарын кеңейту.

Міндеті:

1.оқушылардың ой-өрісін,ойлау қабілеттерін, тақырып бойынша сөздік қорларын дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру

2. Отанын сүюге,рәміздерді ,Ата заңымызды құрметтеуге тәрбиелеу,достықты күшейту,ынтымақтастыққа баулу,патриоттық сезімдерін ояту. 
Түрі: патриоттық тәрбие сағаты
Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу,сұрақ-жауап, ойын.

Қатысушылар саны, құрамы: 3-4-5-6 сынып қыздары.,17 қыз.

Көрнекі құралдары: слайд, рәміздер,Елбасының портреті,сөзжұмбақ тб.

Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлемдесу.

-Қыздар,тәрбие сағатымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып,бір-бірімізге мейіріммен қарап,амандасайық (оқушылар хормен).


Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
-Орындарына отыра қойыңдар.

Сөзжұмбақты шеш. Қазақстан!

Қ

А

З

А

Қ

С

Т

А

Н

1 Мемлекеттік тіл. (қазақ)

2 ҚР Астанасы (Астана)

3 ҚР қандай мемлекет? (Тәуелсіз)

4 Ең ардақты жан (Ана)

5 Біздің ұлтымыз (Қазақ)

6 Жақсы баға (Бес)

7 Қазақстанның ақша бірлігі (Теңге)

8 Қазақстанның бұрынғы астанасы (Ақмола)

9 Қазақтың жаңа жылы (Наурыз)

Ойын «Миға шабуыл» тәрбие сағатының тақырыбын ашу үшін оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын.

— Біздің отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

— Дұрыс айтасыңдар.

— Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз, зайырлы, әдемі)

— Өте жақсы,қыздар.

Әнұран орындалады.

1-слайд:Қазақстан Респудликасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

1991 жыл …1желтоқсанда республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазак ССР-інің алғашқы Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

10 желтоқсонда Қазақ ССР Президенті Н.Ә. Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасына атауын беру туралы заңға қол қойды. Ел атауын өзгерту өмірдегі өзгерістер болып жатқан жаңа тарихи кезенде республика азаматтарының болып жатқан жаңа тарихи кезенде республика азаматтарының өркениетті демократиялық қоғамды таңдағанын білдірді.

Бүгінде Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзіне танылып отыр. Сіздер қазақ елінің ең жас ұланысыздар. Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері (130-дан астам) тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Өз жерімізді, елімізді, Отанын қорғаған ағаларымыз, апаларымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіспіз.



2-слайд Қазақстан Республикасының рәміздері

Мақтансаң мақтан елім деп,

Тани біл елдік таңбамды.

Елтаңба,Туың,Гимн-

Шырқатты биік арманды.

Тәуелсіздікке тән белгі-

Қасиетті осы рәміздер.

Еліме рух, мән береді,

Иесі оның мына біздер.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.



ЖүргізушіҚР МЕмлекеттік рәміздерін кім біледі?

1-оқушы: ТУ,Елтаңба, Әнұран

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.



2-оқушы:Ту.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.



3- оқушы: Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы,
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.

4-оқушы:

Елтаңба.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.



5- оқушы:

Елтаңбасы елімнің,


Неткен әйбәт,әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.

6-оқушы:

Әнұран

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.



4-слайд Ұлт өкілдерінің суреті.

Қазақстан жері өте бай. Еліміздің жерінен мұнай, көмір,минералдар, алтын, түсті металдар және тағы басқа қазба байлықтар алынады. Қазақстан Республикасында 14 облыс бар.



5-слайд Астана туралы.

7-оқушы:

Алтыншы шілде-Астана күні,

Жадыдан, шырақ, тастама мұны.

Жаңа шаңырақ көтеріп биік,

Жаңа дәуірге бастама күні.

Астана-Отанымыздың бас қаласы,астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан.



8-оқушы:

Астана

Еліміздің мақтанышы жас қала,

Қалалардың барлығына бас қала.

Нұрын шашып жарқыраған бүгінде,

Асқақтатқан қазақ елін Астана!

Астана деп ән саламыз бәріміз.

Жарасады бұл қаламен сәніміз,

Барлық арман орындалсын осында.

Жалғасады махаббатпен әніміз.

6-слайд Бәйтерек суреті.

Балалар, бұл Бәйтерек самұрық құстың алтын жұмыртқасын аспанға көтерген алып киелі ағаш бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған ұлы мақсат көрінісі.



7-слайд Пирамида.

Пирамида-әлем кереметінің бірі. Зорлық пен зомбылықтан бас тарту нышаны ретінде есептелінеді.



8-слайд Хан шатыры.

Хан шатырдың аумағы 1 млн 700 шақырым метр, биіктігі 150 метр, 7қабаттан тұрады.



9-слайд Ақ орда.

Ақ орда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мәжілістер өткізетін және Республикамыздың ең маңызды ғимараттары.



9-оқушы. Отанды әркім анасындай

Қастерлейді қолдайды.

Өйткені Отан баласындай

Бізді асырап, қорғайды.



10-оқушы:Отаным - мәңгі қорғаным, 
Қалаймын бақыт қонғанын. 
Сүйемін және сондықтан, 
Өзенін, көлін, орманын. 

11-оқушы:Біз жас ұлан - Отан ана өркені 
Үміт артқан болашағы, ертеңі. 
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп, 
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені. 

12-оқушы:Отан дейміз от жаққан жерімізді, 
Отан дейміз өсірген елімізді 
Отан дейміз туған жер, атамекен 
Биік тау, орман, тоғай көлімізді 

13-оқушы:Отаным - мәңгі қорғаным, 
Қалаймын бақыт қонғанын. 
Сүйемін және сондықтан, 
Өзенін, көлін, орманын. 

14-оқушы:Тас жаратын семсердей тілімдесің 
Жүрегімде, дінімде, ділімдесің. 
Байлығым, бақытымсың, ардақты Отан 
Ойым да, түнім де, күнімдесің. 

15-оқушы:Ел тарихы, жер тарихы өзіміз, 
Болашақтың қасиетті көзіміз. 
Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу, 
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз. 

Ойын ойнасақ қалай болады?

Алақай…
Кел,балалар келіңіз,
Тамашаны көріңіз,
Томсырайып отырма
Мақал ,ребусты ойла

Шешімін таппай қойма.



10-слайд Мақалдың жалғасын тап.

Шарты: тақтадағы мақалдың жалғасын тауып, оқу.

1.Отансыз адам… (ормансыз бұлбұл)

2.Отан…(оттанда ыстық)

3.Отан үшін отқа түс…(күймейсің)

4.Отан елдің анасы…(Ел ердің анасы)

5.Ердің көркі-ерімен…(Отан көркі-жерімен)



«Тәуелсіздік деген не?»

— Әпкей, тәуелсіздік деген не?

— Ол тәуелсіз туған жерің, туған тілің, салт-дәстүрің.

— Елің де, жерің де сенікі. Тәуелсіздік деген сол. Сен қазақтың қызысың Отаның –Қазақстан, туған елің-қазақ елі.

—Қыздар сендер тәуелсіздік үшін не істейсіңдер?

— Ол үшін жақсы оқимын, тәуелсіз елім үшін адал еңбек етемін.

— Қыздар, сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

— Көкпар, асық, қыз қуу, теңге алу, тоғыз құмалақ тағы басқа.

— Қандай жақсы, қазақтың ойындарын жақы біледі екеңсіңдер. Олай болса біз қазір сендермен «Тоғыз құмалақ» атты ойын ойнайық.

Шарты: оқушылар, қоржынның ішінегі құмалақты алады. Онда қандай қандай сан жазылып тұрса сол санның сұрағы оқылады. Оқушылар сұраққа дұрыс жауап беру керек.

1. Қазақстанның ақша бірлігі (теңге)

2. Қазақстанның астанасы (Астана)

3. ҚР рәміздері (ТУ, Елтаңба, Әнұран)

4. Тұңғыш қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров)

5. ҚР мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

6. Қазақтың ұлттық киімдерін ата (камзол,тақия, мәсі, бешпет, бөрік, шапан)

7. Қазақтың ұлттық ойындары (асық, көкпар,қазақша күрес, тоғыз құмалақ)

8. ҚР тұңғыш президенті (Н. Ә. Назарбаев)

9. Тәуелсіздік алған күн (16 желтоқсан)



Хор:Атамекен.
Қорытынды.

Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.Отан — әр адам үшін оттан да ыстық.Сабағымызды жақсы оқып,еліміздің адал,еңбекқор азаматы болайықБой жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне ,гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. (оқушылардың барлығы тақтаға шығып,келесі әріптерді көтереді.).


Б- білімімді арнайтын
О- отанымды қорғайтын
Л- лаңкестікті даттайтын
А- адалдықты жақтайтын
Ш- шуағымды шашатын
А- асулардан асатын
Ғ- ғарыш сырын меңгерген
Ы- ынтымақты тең көрген
М- менмендікті жек көрген
Қ- қазаққа қызмет ететін
А- арманына жететін
З- заңды жақсы білетін
А- алға қарай жүретін
Қ- қайырымды елімнің
С- салтанатты жерімнің
Т- толықтырам сенімін
А- абыройын,жігерін
Н- намысын қолдан бермейтін
Бәрі: Мен боламын еңбекқор ,
Болашағы елімнің!
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді. 


1

5



2

3



4



6

7



8

9


Тақырыбы: Туған жердей жер болмас.
Мақсаты: Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: АҚТ Слайдтар, суреттер.
Жүрісі:
Жүргізуші: Иә, осынау кең - байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бар, сендер секілді болашақ ұрпағы бар мәңгілік ел, туған жеріміз – Қазақстан деп аталады. Бүгін сіздердің туған ел, туған жер туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз.
Батыстан толқындаған Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан шығыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь - Шань тауларына дейін Ұланғайыр жерді алып жатқан тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы.
Тасып жатқан өзендер жағасынан.
Сары белде сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге.
Қазақтың қасиетті даласынан.
Жүргізуші: Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан – көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.
Кең дала көремісің сонау жатқан,
Жібектей жасыл шөппен бетін басқан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне, сол анам еді мені тапқан.
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным.
О туған жер, тамашасың, көркемсің.
Жүргізуші: Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат, мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана.Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат – адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер. Қазақстанның қойнауында пайдалы қазбалар өте көп. «Жері байдың елі бай» деп тегін айтылмаған.
Табиғаттың басты байлығы – жер. Қазақстан 272 млн гектар жерді алып жатыр, соның 222 млн гектары ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. «Күте білсең жер жомарт» деген халықтың дана сөзі бекер айтылмаған
Тақырыбы:Әуенді тап.
Мақсаты: Шығармашылардың өзара ортақ немесе ерекшеліктерін талдай білуге үйрету. Баланың музыкаға деген сезімін оята отырып, ой белсенділігін арттыру. Музыкаға сай үйлесімді қимылдар жасау. Балалардың өз жерінен шыққан сазгерлермен таныстыру. Балалардың музыкаға қызығушылығын оятып, өз елінің тарихын білуге деген білімін арттыру. Музыканы тыңдата отырып, балалардың ақыл - ойына, сезіміне әсер етіп, жүрекпен ұғына білу қасиеттерін, ән айту, би билеу қабілеттерін дамыту. Балаларды ептілікке, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету, жаттату, әңгімелеу, сұрақ - жауап, жеке баламен жұмыс, бағалау, қорытындылау.
Көрнекіліктер: үнтаспа, баян аспабы, теледидар, нота ұяшықтары, плакаттар, суреттер. Буратино кейіпкері, сандықша, сиқырлы кілт, нота белгісі, залда безендірген шарлар т. б
Барысы:
Тәрбиеші: Екі - екіден қол ұстаса
Біз шығамыз ортаға
Дөңгелейміз биге баса
Қане достар қоршала
Балалар: Біз балдырған көңілді
Жайнатамыз өмірді
Бірге: Болсын кіші бойымыз
Биікке ұшу ойымыз
Оң аяқ пен сол аяқ
Би билейді қосылып
Біз балдырған көңілді
Жайнатамыз өмірді
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Біз жыл бойы ән - әуез сабағынан не үйрендік, не білдік, осы мақсатта мен сендердің білімдеріңді тексеру үшін «Әуенді тап» ойын арнасын дайындадым. Қазір мен алақанымды 3 рет соққанда сахна ашылуы керек. Қане соғып көрейікші: 1, 2, 3. (сахна ашылады)
- Балалар, ойынымызды бастамас бұрын сен сендерді ойын шартымен таныстырайын. Экранда 4 тақырып берілген. Тақырыптың бойында суреттер берілген. Суреттерге қарап тақырып таңдайсыңдар. Бұл тақырыптың бойында өтілген 4 мезгілге байланысты әндер мен билер жасырылған. Осы жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы өздеріңнің білімдеріңді көрсетесіңдер. Бұл ойынды 2 топқа бөлініп ойнайық. (2топқа бөлінеді). Тобымызға ат қойып алайық. І топ сендер ат қоясыңдар?
- «Айгөлек» деп қоямыз
- Ал, екінші топ сендер ше?
- «Қамажай» деп атаймыз.
- «Айгөлек» тобы музыка белгісінің оң жағына, ал «Қамажай» тобы сол жағына орналаса қойыңдар. Мен бір жұмбақ жасырамын, шешуін кім бірінші тапса, ойынды сол топ бірінші бастайды.
Басы бар, денесі жоқ, бойы бір кез
Табарсың болсаң зерек осыны тез
Қозғасаң қос құлағын тігіп алып
Тамаша әр тараптан айтады сөз
- « Қамажай» тобы тапты, ойынды да бірінші бастайды. Экранда берілген суреттерге қарап тақырып таңдай қойыңдар.
- Біз 3 қатардағы суретті таңдаймыз
- Бұл сұрақта «Мына үнтаспадағы әнді тыңдап, қандай ән екенін айтыңдар» делінген. Қане, әнді мұқият тыңдайық.
- Бұл ән «Анашым» деп аталады. Бұл әнді 8 наурыз мерекесінде үйренгенбіз.
- Өте жақсы, балалар! Бұл жергілікті сазгер Болатбек Кенжалиевтың «Анашым» әнін Кенжалы Асқаров ағамыздың орындауында тыңдадық. Келесі кезекті «Айгөлек» тобына берейік.
- Біз 1 қатардағы дауыс жаттықтырып тұрған балалардың суретін таңдаймыз
- Бұл ұяшықта үй құсының дауысын салып беріңдер делінген. Мынау қандай үй құсы?
- Бұл әтеш
- Дауысын сала аламыз ба?
- Ку - ка - ре - ку
- Жарайсыңдар, келесі кезек «Қамажай» тобында.
- Біз 4 қатардағы ән айтып тұрған апайдың суретін таңдаймыз
- Бұнда «Көктем мезгіліне арналған қандай ән білесіңдер?» деген сұрақ жасырылған екен
- Біз көктем мезгіліне арнап «Ару көктем» әнін білеміз. Сол әнді орындап берсек дейміз
Би: «Әйгөлек»
- «Айгөлек» тобы қай ұяшықты таңдайсыңдар?
- Біз 2 - ші сандағы билеп жүрген қыздардың суретін таңдаймыз.
- Бұл ұяшықта әр ұлттың билері берілген. Соның ішінде «Қандай қазақша би түрін білесіңдер?» деген сұрақ қойылыпты.
- Біз өзіміз билеп жүрген «Айгөлек» биін білеміз және соны билеп береміз.
- Жарайсыңдар, ендеше биді тамашалайық
- «Қамажай» және «Айгөлек» тобының қыздары өте өнерлі екен. Өнерлерің өрге жүзсін!Қыздар, сендерге ойын ұнады ма?
-Қыздар, ана жақтан бір әдемі әуен естілетін сияқты, тыңдайықшы.
Буратино келеді: - Сәлем достар! Мен ертегілер елінен келдім. Осы жерде «Әуенді тап» ойыны өткізіліп жатыр дегенді естіп, өз үлесімді қосайын деп келдім. Сендер сондай көңілді екенсіңдер. Мен де сендермен бірге көңілімді көтеріп, ойын ойнасам деймін. Оған қалай қарайсыңдар? Менің жақсы көретін ойыным бар. Менің сандықшамда түрлі жануарлардың бейнесі салынған бейнелер бар. Мен сендерге көрсеткенде, сендер соның дауысын салып тұрып қимылын көрсетіп билейсіңдер. Бұл ойын «Биле достар» деп аталады. (ойын ойналады)
Тәрбиеші: Жарайсың, Буратино! Сен жақсы ойын біледі екенсің, біздің балалардың көңілін көтеріп тастадың. Қыздар, Буратиноға не дейміз?
- Рахмет!

Қорытынды:
-Қыздар, сендер алған білімдеріңді ортаға салып, жан - жақты көрсете білдіңдер. Сендердің әсем әндерің мен көңілді билерің бәрімізді қуанышқа бөледі. Өнерлі де, білімді, талантты да, тапқыр болып өсіңдер!
Балалар: Біз балдырған көңілді
Жайнатамыз өмірді!

Қорытынды:

Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті. 
Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. 
Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын. 
Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз. 

Осыған орай Гранитогор санаториялық мектеп-интернатында «Жастар» тобымен «Туған жердей жер болмас» тақырыбында сурет көрмесі өтті. Ұлдар өздерінің туған жерге деген сүйіспеншілігін сурет арқылы көрсете білді.Ең үздік сурет салған оқушылар анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.Олар:

І-орын иегері: Қалмұрат А.

ІІ-орын иегері: Авазхан Ә.



ІІІ-орын иегері: Күнтубаев Н.

«Ең көркем сурет» номинациясымен: Тірібол А. Сүйіндік Е. және Ермек А сынды оқушылар мақтау қағаздарымен марапаттталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет