Қолданбалы жүзу



бет1/2
Дата29.04.2020
өлшемі0,54 Mb.
#65166
  1   2
Байланысты:
Қолданбалы жүзу Office Word (2)


Тақырыбы: Қолданбалы жүзу

Жоспары:


1.Сүңгу тәсілі және түрлері

2.Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру

3.Суда кездесетін кедергілерді жеңудің әдістемесі және оның түрлері

Суда жүзу жаттығуларын орындаған кезде өте тәртіпті болып, қауіпсіздік ережелерін берік сақтаған жөн. Оқушылар лагерлерінде жүзу жаттығуларын өткізетін орында төмендегідей қарапайым жабдықтардың болуы қажет. Олар; құтқару шеңбері, қалтқы белбеу, Александров шеңбері, дәрі дәрмек салынған қобдиша. Суға кеткен адамды құтқару үшін алдымен құтқарушының өзі өте жақсы жүзе білуі шарт. Ол мұндай жағдайда өзінің қалай көмек көрсететінін тез шеше білуі керек. Егерде судың ағысы қатты болса, жағамен жүріп барып, алдынан шығатындай еппен суға түсуі керек. Судың ағысымен суға кеткен адамдарға тез жету үшін, артық киімдерді шешіп тастаған жөн болады. Көбінесе судың тереңдігі мен оның астындағы жер қыртысы белгісіз болып келеді. Ондай жағдайда суға баспен енуге (сүңгуге) болмайды. Осындай байқамастықтан құтқарушы өзі жарақат алуы, тіпті басын қатты затқа соғып алуы немесе балдырға т.б. оратылып қалуы мүмкін. Суға кетіп бара жатқан адамның арқа тұсынан жақындаған дөн. Өйткені, әдетте суға кеткен адам құтқарушының кез келген жерінен жармасады. Суға кетіп бара жатқан адамның ұстаған жерінен босану жолдары:

А) суға кеткен адам құтқарушының бір қолына немесе екі қолына бірдей жармасуы мүмкін. Ондай жағдайда құтқарушы өз қолын тез бұрып, суға кеткен адамның бас бармағын қайыру арқылы ғана босана алады.

В) белінің алдыңғы жағынан екі қолымен ұстаған жағдайда (немесе белден бір қолмен ұстаған жағдайда) құтқарушы екі аяғын оның кеудесіне тірей итеріп, басын артына қарай бұрып, бірден төмен қарай сүңгуі қажет. Сүңгіген бойда құтқарушы суға батқан адамның аяғынан ұстап алып су бетіне шығарып, арқасын өзіне қарай бұрады. Содан соң алақанымен басынан демеп, басын су бетінен жоғары ұстап, жағаға қарай сүйрейді.

Б) егер суға кеткен (батқан) адам құтқарушының арқа тұсынан ұстаса, оның бас бармағын қайырып тез тереңге сүңгуі қажет. Мұндай жағдайда суға кеткен адам қолын бірден босатады. Осы мезетте оның аяғын ұстап, су бетіне шығарып, тыныстауға мүмкіндік беру керек. Асықпай арқа жағын өзіне қаратып алып, жағаға қарай малту қажет. Осы жағдайда босанудың екінші түрі, шынашақты бір жақ жанына қарай итеріп, бірден тереңге сүңгіген жөн.

Осыдан кейін төмендегі әдістердің бірін қолдану керек. Адамды судан қалай алып шығуға болады.

1.Суда сәтсіздікке ұшыраған адам құтқарушының екі иығынан ұстайды да, ол етпеттеп жүзеді. Бұл әдіс әбден әлсіреген, бірақ өзіне өзі шамасы келетін адамға жасалады.

2. Құтқарушы шалқасынан жатады да, екі аяқпен брасс әдісін қолданып, суға кеткен адамды өз кеудесіне шалқасынан жатқызып, жағының астынан демей ұстап, жағаға қарай жүзеді.

Жүзуде алғашқы медициналық көмек көрсету. Суға кетушіні далаға алып шыққанан кейін, дәрігердің келуін күтпей-ақ алғашқы медицтналық көмек көрсетуге көшу керек. Егер сәтсіздікке ұшыраған адам ес түсін білетін болса, оның денесін сүртіп, жылы киімдер кигізіп, ыстық шай, кофе, т.б. беріп тыныштандыру керек. Егер де суға кеткен адам өзіне өзі келе алмайтын жағдайда, тек тыныс алатын, жүрегі соғатын болса, онда жерге жатқызып, белдігі мен киімін шешіп, екі тамшы мүсәтір спиртін искету керек. Егер сәтсіздікке ұшыраған адам ес түсін білмейтін болса, оның аузын судан, сілекейден, құм, топырақтан, т.б. заттардан тазартады, содан кейін онны еңкейтіп көмек көрсетуші тізесін ішіне тіреп құстырып қабырға тұсынан төмен қарай қатты қысады. Мұндай әдіспен тыныс жолдары арқылы өкпеге кеткен суды кейін шығарады, ауа баруға жол ашылады. Бұл жағдайда ең маңыздысы – уақытты өткізбей, тезірек тыныс алуды қалпына келтіру. Ол үшін жасанды тыныс алуға көшеді. Өмірде тыныс алдырудың бірнеше тәсілі белгілі, қазіргі кезде көпке әйгілі, көмегі зор жасанды тыныс алу әдісінің бірі-ауыз немесе тыныс алу әдісінің бірі – ауыз немесе мұрын арқылы өкпеге тыныс шығару көлемі әдеттегідей 3-4 есеге көп болуы тиіс. Сәтсіздікке ұшыраған адамды тыныс алу жолдарымен өкпеге ауа жақсы бару үшін арқасынан жатқызып, киімін домалақтап (жұмыр зат есебінде) арқасынан (жауырын) тұсынан қояды, мүмкіндігі болғанша басын артқа қарай шалқайтады, бұл өкпенің тез және оңай беруіне мүмкіндік береді. Ауызын, мұрнын дәкемен немесе қолқап, орамалмен жауып, бір қолымен мұрынын қысады да, өзі терең дем, алып жатқан адамның аузына аузын тақап ауаны үрлейді.

Осындай жасанды түрде тыныс алуды мұрын арқылы үрлеуге де болады. Ауа шығып кетпес үшін оның аузын жабу керек. Дем шығару үшін суға батқан адамның өкпе тұсының ішінен басады. Ішке ауа үрлеумен шығаруды тез тез қайталай беру керек.



Белгілі орыс физиологы, академик И.Р. Тарханов 1899 жылы шыққан «Адам ағзасын шынықтыру» атгы енбегінде, ағзаға байланысты «шынығу» сөзі темірді, болатты балқыту арқылы оны мықты ету үшін шыныкгыру сөзімен байланысты деп жазады. Бұл ойды белгілі орыс педиаторы, шынығуды жақтаушы Г.Н. Сперанский де жақтайды. Оның айтуынша, шынығу ұғымы медицинаға техника саласынан келген. Техникада жұмсақ металды мықгы, берік металға айналдырып «шынықтыру» деген бар (23-25) суреттерден қарауға болады.



Су жұтқанға көмек (сурет 23)











Сильвестр тәсілі (сурет 24).



Шефер тәсілі (сурет 25).

Тақырыбы:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет