Орындаған: Айладырова Әдемі № 1-001 тобы Саяси көшбасшылықтың жіктелуі Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.
Саяси көшбасшының атқаратын қызметтеріне келер босақ, ол - қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; халықпен, әр түрлі ұйым, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу.
Саясатанушылар көшбасшыны бірқатар негіздеме бойынша жіктейді: аристократия, плутократия, меритократия. Аристократия- дәстүрлі саяси жүйе арқылы үстемдік ету яғни, билікті әкеден балаға мирас етіп қалдыру нәтижесінде басқару. Александр III Ұлы Македонский ( б.з.д. 356-323 жж.) - Аргеад әулетінен шыққан, б.з.д. 336 жылы макендия патшасы, қолбасшы, әлемдік державаны құрушы. Аристотельден философия, саясат, этика, әдебиет саласы бойынша тәлім алған. Көнеде Александрға тарихтағы ұлы қолбасшы деген атақ берілген.
Әскери және дипломатиялық таланты еш күмән тудырмайтын Александр Македонский, туа бітті көшбасшы болған. Жас қолбасшының өз әскеріне ілтипатпен қарап және жауларының алдында құрметке ие болуы тектен-тек емес (32 жасында қайтыс болған): ол молшылықтан бас тартқан, қандай қиындық болмасын, өз әскерімен бірге бастан өткізген, түнде шабуылға шықпайтын, келісім-шартты ешқашан бұзбаған. Ол «Филипптің алдында мен - өмір сүріп жүргенім үшін қарыздармын, ал Аристотельдің алдында - лайықты өмір сүріп жүргенім үшін қарыздармын»-деген болтын. Плутократия- индустриялық қоғам жағдайында қаржылық капиталдық үстемдік ету. Меритократия - білімі мен қабілеті арқылы көшбасшы болу. Билік басына өз ақылы мен еңбегі арқасында келіп, көшбасшы атану. «Егер сізде белгілі бір жетістікке қол жеткізгіңіз келетін арман болса, онда сіз өзіңізге берілмесеңіз, сіздің жолңызға ешкім бөгет бола алмайды» деп Н. Мандел айтқандай егер адам өз жолына, өзі кедергі болмаса, онда оның жолына ешкімде кедергі бола алмайды.Нельсон Ролилахла Мандела (1918-2013) - Оңтүстік Африка Республикасының 8-ші және алғашқы қара нәсілді президенті, адам құқығын жақтаушы және апартеидке қарсы танымал тұлға. Өзінің әрекеті үшін 1962 жылдан 1990 жылға дейін 27 жыл түрмеде отырған. 1993 жылы әлем сыйақысының Нобель иегері, халықаралық деңгейдегі 50 университеттің құрметті мүшесі. Н. Мандела - транзакциялық көшбасшының керемет үлгісі. Ол, бүкіл өмірін ОАР қара нәсілді халқының ақ нәсілділермен тең құқықты болуына арнай отырып, бейбітшілік транформацияға жақтасты. Дегенмен, Африкалық Ұлттық Конгресстің (АҰК) қарулы күштерімен диверсиялық актілер жүргізе отырып, әділдікті дәлелдеуден тайсалмады. Мандела 1994 жылы президенттік сайлауда жеңіске жете отырып, Ұлттық партияның басты саяси оппоненті Ф. Де Клеркті өзінің бірінші орынбасары етіп тағайындады. Оған 90-жылдары басталған бірыңғайлау процесін аяқтауға тапсырма берді. Қазіргі таңда бұл саяси қайраткер, ВИЧ-СПИД-ке қарсы тұрған бірден-бір беделді тұлға болып табылады.
Лидерлік қызметінің стиліне байланысты жіктеледі: