Тобы Саяси көшбасшылықтың жіктелуі



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі20,25 Kb.
#90936
1   2   3
Байланысты:
Саяси көшбасшылықтың жіктелуі

Авторитарлық – жеке дара билікті талап ететін лидер. Топ мүшелер арасындағы байланыстар жоққа шығарылады және лидердің бақылауымен жүзеге асырылады. Маргарет Хильда Тэтчер (1925-2013) - 1979-1990 жж Ұлытбритания премьер-министрі. Осы қызметті атқарған бірден-бір әйел адам, сонымен қатар еуропа мемлекетіндегі алғашқы премьер-министр болып тағайындалған әйел кісі. «Тэт-черизм» атауына ие болған, экономика саласын сауықтандыру бойынша қатаң экономикалық шаралардың авторы. Өз саясатын табандылықпен жүргізді және кеңес басшылығы тарапынан үнемі сынға алынып отыратын, соның салдарынан «Темір ханым» лақап атына ие болды. 
М.Тэтчердің көшбасшылық қасиетін сипаттайтын басқару стилі авторитарлы басқаруға жақын келеді. Ол - типті бизнес-ханым: ақылды, қисынды, сезімге берілмейтін, сонымен қатар белгілі бір мәселеге әйел адам тұрғысынан қарай алатын тұлға. Фолкленд соғысындағы оның көрсеткен табандылығы - оның өз-өзіне сенімді саясаткер екендігін, ал әрбір қайтыс болған солдаттың жанұясына жазған хаты - оның аналық мейірімділігін көрсетеді. ИРА-мен болған шиеленіс, адамдардың құрбандығы, премьердің өзіне және күйеуіне төнген қауіп, СССР-мен болған қиын қарым-қатынас- осының барлығы, М.Тэтчердің басынан өткізген қиындықтарының жартысына да жетпейді. Мұның барлығына қалайша төтеп бергендігін тарих өзі пайымдай жатар. Бір ғана мәселе қызық - яғни, темір ханым өмір бойы ешқандай кемсітушіліктің жоқтығын көрсете отырып, феминизмге немқұрайлы қарады. Демек, оның ойынша кез-келген нәрсеге қол жеткізу үшін басқаларынан мықты болудың өзі жеткілікті. «Егер бір нәрсенің айтылғанын қаласаң, ол туралы ер кісіден сұра; ал егер бір нәрсенің істелгенін қаласаң, ол туралы әйел кісіден сұра»

  • Демократиялық лидерлер әркімнің топ қызметіне максималды қатысуын ынталандырады, жауапкершілікті топ мүшелердің арасында бөлуге тырысады, әріптестік атмосферасын қалыптастырады.

    Мақсатқа жету амалдарына қарай:

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет