Тобы Саяси көшбасшылықтың жіктелуі


консерватор, реформатор, революционер



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі20,25 Kb.
#90936
1   2   3
Байланысты:
Саяси көшбасшылықтың жіктелуі

консерватор, реформатор, революционер болып жіктеледі.
Консерватизм - саяси және әлеуметтік философиялық ұстаным ретінде дәстүрлі әлеуметтік институттардың сақталуын қолдайды. Консерватизм ұғымын алғаш рет саяси мағынада Франсуа Рене де Шатобриан пайдаланған. Революционер – төңкеріс басшысы, билік басына революция нәтижесінде келген басшы.
Лидерлік қызмет сипатына байланысты жіктеледі:

  1. Әмбебап, яғни үнемі лидер қасиеттерін көрсетуші;

  2. Ситуациялық, белгілі бір жағдайда лидерлік қасиеттерін көрсетуші.

Қорыта айтқанда, көшбасшы –сол бірлестіктің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. Көшбасшылық –жекелеген адамның туа біткен қасиеті және мүлдем мәңгілікке берілген артықшылық емес. Көшбасшылық дегеніміз – әрқашанда қорғап қалуға керекті белгілі бір мәртебе, позиция, адамдардың іс-әрекетіндегі, саяси процестегі аяқ астынан болатын нәрселерді бастан өткере білу. Саяси қызмет және саяси қатынас өзінің табиғаты жағынан әрқашанда мақсатты, ұйымдасқан сипатта болады. Осыдан барып қоғамдық идеяны жүргізуге қабілетті, қоғам сезініп, білетін нәрсені білдіретін, ұжымдық сананың иесі және ұжымдық әрекетті ұйымдастырушы болатын көшбасшыға деген қажеттілік туындайды. Қоғам ұжымдық ерік-жігер мен мақсатты бейнелейтін беделдің болуын объективті түрде талап етеді. Көшбасшылық саясаттың шығармашылық мазмұнынан тура туындайды. Көшбасшы саясаттың және қоғамның бүкіл саяси жүйесінің ядросы болып табылады. Көшбасшылық ғаламдықтан бастап жекелеген саяси топқа дейін саяси жүйені ұйымдастырудың барлық деңгейінде пайда болады, қалыптасады және қызмет етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет