Әже өнері 3-сынып



Дата11.09.2024
өлшемі14,89 Kb.
#204176
Байланысты:
Бақылау диктанты 3-4 сынып


Әже өнері 3-сынып
Маржан қалада тұрады. Жазғы демалыста ауылға келді. Ол әжесін сағынып қалыпты. Әжесінің қолынан келмейтін ісі жоқ. Түрлі оюлар ояды. Текемет басады. Өрнекті сырмақ сырады. Тоқыған алашасы көздің жауын алады. Үй ішіндегі әсем мүліктердің көбі әжесінің қолынан шыққан. Маржан әжесінің осы өнерлерін үйреніп алсам деп ойлайды. (45сөз)
Жазылуы қиын сөздер: демалыста, мүліктердің.
1. Өрнекті, өнерлерін деген сөздердің түбірін табыңдар. Түбірдің астын сызыңдар.
2. Текемет, сырмақ, алаша деген сөздерге қосымша жалғап жазыңдар.

Орман достары 4-сынып
Тоқылдақ пен сарышымшықтар – орман достары. Олар қыста көп пайда келтіреді. Себебі қыста олар зиянды жәндіктердің жұмыртқасын тауып жейді. Құстың тоюы үшін бірнеше жүз жұмыртқа керек. Жаз шыққанда әр жұмыртқа – бір тірі құрт. Әрбір шымшық өз салмағындай жұмыртқа жейді. Шымшықтың салмағына жету үшін қаншама жұмыртқа керек.Сонда олардың қандай пайда келтіретінін есептеп көріңдер. (52сөз)
Жазылуы қиын сөздер: сарышымшықтар, келтіретінін.
1. Екінші сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтаңдар.
2.Екі сұраулы сөйлем ойлап жазыңдар

Абай 3-сынып


Абай-жас кезінде ертегі , жырларды тыңдағанды жақсы көретін еді. Әкесі Құнанбай оны Омбы қаласына оқуға жіберді. Абай жазда аулына келіп демалатын. Әжесі Зере ертегі, батырлар жырын көп білетін. Абай оны сүйсіне тыңдайтын. Анасы Ұлжан да әңгімешіл еді. (36 сөз)
Тапсырма
1. Ертегі, жырларды Құнанбай сөздерін буынға бөліп жаз.
2. Жалқы есімдердің астын сыз.


Жаралы үйрек 4-сынып

Есіл баяу ағып жатыр. Аспан шайдай ашық екен. Бір топ үйрек көтеріліп ұшып келеді. Кенет мылтық дауысы естілді. Бір үйрек су бетінде қалды. Ысқақ үйректің халі нашар екенін байқады. Ол жаралы үйректі үйіне әкелді. Біраз күннен кейін қанаты жазылды. Үйрек ұшатын халге жетті. Ол көп ұзамай ұшып кетті. (48сөз)



Жазылуы қиын сөздер: көтеріліп, ұзамай.
1.Тоғызыншы сөйлемдегі л, р, н дыбыстары бар сөздердің астын сызыңдар. Бұл дыбыстар дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады?
2.Білетін ұяң дыбыстарды жазыңдар.
3.Жәшік, табақ, доп сөздерін қатыстырып, үш сөйлем құрап жазыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет